«Таза  бұлақ»әңгімесі Ыбырай  Алтынсарин.

Сабақтың  тақырыбы: «Таза  бұлақ»әңгімесі Ыбырай  Алтынсарин.

Мақсаты:Білімділігі::Мәтінді  оқи  отырып,негізгі  ойды  аша  білу,Сын  тұрғысынан  ойлау   стратегиясы  арқылы  оқушылардың  өз  ойын,пікірін  айтуға  машықтандыру  Ы.Алтынсарин  туралы  білетіндерін  тиянақтау.

Дамытушылығы::  Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту.Мәнерлеп  оқу  шеберліктерін  қалыптастыру.  Шығармашылық  қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелігі::Әңгімені  оқи  отырып  еңбек  етуге,жақсылық  жасауға,таза  болу  идеясын  бойға  сіңіру,еңбекқор,адамгершілігі  мол,жақсылықты  жаны  сүйетін  адам болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,проблемалық  әдіс,топтық  жұмыс.

Сабақтың  көрнекілігі:Ы.Алтынсарин  суреті,Таза  бұлақ  суреттері,мақал-мәтелдер.

Сабақтың  барысы:Ұйымдастыру  кезеңі.

Мақсатымыз – білім  алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек  етіп  жұмыла

5-ке  қолды  тез  жеткізу.

Үй  тапсырмасын  бекіту:Сыныпаты  2  топқа  бөлу. «Серпілген  сауалдар»

.Оқушыларға  сұрақтар  жоспар  бойынша  беріледі.Соңынан  2  оқушы  толық  «Баланың  айласы»  әңгімесін  айтып  береді.

Жаңа  сабақ:Жұмбақты  шеш. Бірде  былдыр-былдыр.

Сәбилердің  тіліндей

Бірде  сыңғыр-сыңғыр

Қоңыраудың  үніндей

Ән  сап  жатқан  ерінбей

Бұл  не?/Бұлақ/Бұлақтың  сыбдыры  естіледі.

Бұлақ  дегеніміз  не?Жолаушы  дегеніміз  кім? ІІ-топ  мағынасын  ашады.«Өнер, білім  бар  жұрттар!»өлеңі  оқылады. Балалар  бұл  кімнің  шығармасы?

Ы.Алтынсарин.Ендеше  Алтынсарин  туралы  не  білеміз?

1-топ.Өмірі.    2-топ-Шығармалары.

Жақсыдан  үйрен.Мақал –мәтелдермен  жұмыс.

Мәтінді  оқушылар  іштей  оқып,сұрақтарға  жауап  береді.Мәтін  мәнерлеп  оқылады.Әңгіме  неге  Таза  бұлақ  деп  аталған?.Ғибрат  алу-үлгі  алу.Мәтінді  тізбектеп  оқыту.

1-топқа  тапсырма:Әңгімеге  жоспар  құру.2-топқа:Сахналау.

Мақал  -мәтелдермен  жұмыс: Қай  мақал  қай  жолаушының  сөзіне  сәйкес?

                                                     :Бірлік  болмай,тірлік  болмас.

Ер  жігіт  ел  үшін  туады,ел  үшін  өледі.

Ақ  жүрген  адам  азбас.

Отан  елдің  анасы

Ер-елдің  анасы.

Жақсы  адам-  елдің  ырысы

Жақсы  жер-жердің  тынысы.          Еңбетің  наны  тәтті,жалқаудың  жаны  тәтті.

Қайырымдылық  жасасаң

                                                              Қайырын  өзің  көресің.

Сергіту  сәті  ұйымдастырылады.

1-топқа: Су,бұлақ  туралы  өлең  құрастыру.

2-топқа: «Су-тіршілік  көзі» эссе  жазу.

                              «Сусыз  өмір  жоқ»тақырыбына  сурет  салғызу.

Су  туралы  ырым-тыйымдар,мақалдар айту.Судың  да  сұрауы  бар.

Су  ішкен  құдығыңа  түкірме

Судың  бетін  ашық  қалдырма.

Түнде  суға  барма.

Бұлақ  көрсең  көзін  аш…….

Сабақты  бекіту:  Қандай  ой  түйдік?

 Табиғатты  қорғау  үшін  сендер  не  істер  едіңдер.

Тест  тапсырмасы.  Жауабымен  өздерін-өзі  тексереді.

Рефлексия.Оқушылар  сабақ  сендерге  ұнады  ма?

Қорытынды:Оқушыларды  бағалау.

Қостанай  облысы

Аманкелді  ауданы

«Жасбуын  жалпы  білім  беретін орта мектебі»  КММ

Бастауыш  сынып  мұғалімі:Мырзахметова  Гүлнұр  Қалижанқызы.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master