Ұлылар үндестігі 

«Тексерілді»   М.д.о.і.ж.о.:                                            Г.Н. Тулепова

Сыныбы: 3 «ә»

Пән мұғалімі: Г.Н.Құрмашева

Өтетін күні:  22.02

Тақырыбы: Ұлылар үндестігі

«Ұлылар үндестігі»  мәнерлеп оқу сайысы сыныптан тыс – шара

Мақсаты: Халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдардың  өлеңдерінің

таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына

қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақындарының ақындық таланттарын шәкірт

жүрегіне ұялату,  сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне

сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі өткелі отырған «Ұлылар үндестігі» атты мәнерлеп оқу  кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақ ақындарының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара.
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс – әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.
Ақыл –ой, сезім-сана, өнер-талап,

Нақ ұста осыларды, тұрма қарап.

Өзендей тұсыңнан тез ағып өткен,

Өкініп қалма бекер түйіп қабақ.

Қарама салқын көзбен дүниеге,

Жатсын тек айналаңа нұрың тарап, дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Реттік номерлерін анықтап алайық.  Бұл сайыс  3 сыныптар аралығында өтеді. Олар:

  1. Түсіпқали Нұрберген
  2. Нағымғали Манарбек
  3. Есполсын Даян
  4. Бақыт Нұргүл
  5. Самат Нұртілек

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:

Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І кезең. Еркін  тақырыбында өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту.

ІІ кезең. Мақал-мәтел сайысы. Мұнда берілген суреттерге мақал мәтел айтады, мақалдың жалғасын табады

ІІІ кезең. Білгенге маржан (сұрақтарға жауап)

 

І кезең. Өзгеге көңілім, тоярсың

Өлеңді қайтып қоясын.

Сені айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың  –  деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай  І кезең еркін тақырыбындағы өлеңдерге беріледі. Кез келген бір хатты алып, берілген өлеңді нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа айту.

 

 

 

 

 

 

  1. «Адам болам десеңіз» Абай Құнанбаев

 

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма – жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең.

Білгеніңнің бәрі – тұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма…

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл – гүл.


  1. «Мұғалима» Қадыр Мырза Әли

 

Мынау менің сезгенім:

Ол – кластың анасы.

Өзінің де өзгенің

Баласы –  оның баласы.

Қай кезде де, ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін,

Біздер үшін қуанып,

Қызарады біз үшін.

Күнде «бестік» алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман.

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.

 

 

 


  1. «Үш бақытым» Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

  1. «Туған тілім» Дихан Әбілев

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

 

Көк аспанда қанат қағып ұшқанда

Өз тілінде қиқулайды құстар да.

Өз тілінде кісінейді құлыншақ…

Деген кім бар: өз тіліңде ұстанба?

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім  тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

  1. «Туған ел» Сәкен Сейфуллин  

 

Кеңсің, дала –

Туған ана,

Көйлегің кең, көк ала.

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана – сен ғана.

Төсіңді емген,

Саған сенген

Жан-жануар баласы.

Төсің сүтті,

Бауырың құтты,

Сен – тіршілік анасы

Жібек жасыл,

Анық асыл,

Кестесі гүл киімің.

Көркем ана,

Сенде ғана

Тіршіліктің түйін і.


 


  1. «Төрт ана» Мұхтар Шаханов

Әр адамда өз анасынан басқа да,

 

Ғұмырына етер мәңгі  астана,

Демеп жүрер,жебеп жүрер арқадан,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері- түп қазығы айбыны,

 

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Жан байлығы-салт -дәстүрі-тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің  ұлысы.

ІІ кезең. Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,

Тайраңдап алды-артына қарамаған.

Қарағым, ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.  –  деп Мұқағали ағамыз айтқандай, ендігі кезекті мақал-мәтел сайысына берейік.

ІІІ кезең. Білгенге маржан (сұрақтарға жауап)

  1. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
  2. Қырдан келген жас жігіт кім? (Шоқан)
  3. Адамдық борышының кімнің өлеңі? (Ш.Құдайбердіұлы)
  4. Мұқағали Мақатаев қай жылдары өмір сүрді? (1931-1976)
  5. Жақия кімнің баласы? (Исатайдың)
  6. Махамбеттің досы кім? (Исатай)
  7. Күлпаш әңгімесінің авторы кім? (Бейімбет Майлин)
  8. Кедей өлеңі кімдікі? Сұлтанмахмұт Торайғыров)
  9. Абайдың қара сөздерінің саны нешеу? (45 )

Енді кезекті әділ-қазыларға береміз. ( орын иелендіреді)

Қорытынды: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master