Көнерген сөздер мен архаизмдер

                                       Сабақтың жоспары

Күні:

Сынып:

Пән: қазіргі қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер мен архаизмдер

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға көнерген сөздрдің қайта жаңартуы туралы түсініктер беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау.Шығармашылық қабілетін кеңейту.

Тәрбиелілігі: оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, байқағышқа, жылдамдылыққа,ойын ашық, еркін жеткізуге,өз білімін бағалай білуге ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,жаттығу,ой жинақтау,тест сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: тірек сызба,кесте

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

 

                                              Сабақтың барысы.

а.Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды сабақ үрдісіне дайындау.

ә.Үй тапсырмасын тексеру:

152 жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойындар.

Киелі,көн ыдыс,піспек,саба,деген,атаулар,сөздік қордың қай тобына жатады?

Қазақ халқының түсінігінде тағы қандай нәрселерді киелі деп есептейді. Киелі нәрселер: аққу

б. Жаңа сабақ

Тіліміздегі кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңартылған кезеңдері болады.Мысалы: кеңес дәуірінде қолданыстан шығып қалған діни сөздер,имам,мешіт,садаққа,пітір.

Бұрынғы жыл атаулары: барыс,жылқы.

Ай атаулары: қазан, ақпан.
Қоғам дамуына орай қолданылған дәуірі өтіп кетіп, тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс – тіршіліктің, әдет – ғұрыптың өзгеруіне орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.
Көнерген сөздер мағынасына қарай тарихи сөздер, архаизмдер болып бөлінеді.
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Мысалы:
1. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, т. б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.
1. Мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т. б.

Мұндай сөздер  ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырып жаңа сөз болып енеді.

Этнолингвистика-ұлттық тұрмыс тіршілігіне,ұғым тіршілігіне ,наным сеніміне салт дәстүрі мен тәлім-тәрбиесіне қатысты сөздер.

в)  жаттығу жұмыстары:

155 жаттығу. Мәтіннен ұлттық ұғымдарды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар.Көнерген сөзді тарихи және архаизм сөздеріне ажыратып көрсетіңіз.

Үлгі:

Тарихи сөздер Архаизмдер
   

 

 

 

 

Тест.Көнерген сөздер

1.Көнерген сөздерді табыңыз:

А.егемен

Ә. Сауға

Б. Әуезжай

2.Көнерген сөздерді табыңыз:

А.өнерпаз

Ә.жүйрік

Б.болыс

3.Көнерген сөздерді табыңыз:

А.күпі

Ә. керемет

Б. Қант

4.Көнерген сөздерді белгілеңіз:

А. Атақ-абырой

Ә.атамекен

Б.Підия

5.Көнерген сөздер қатысатын сөйлемді белгілеңіз

А. Ол қобызда жақсы ойнайды

Ә.Сен бұзау терісі шоңіксің

Б. Оның қызметі-сатушы мен алушыны мәміреге келтіру

6.Күнделікті өмірде жиі қолданылмайтын сөздердің атауын белгіліңіз

А. Тілдің пассив лексикасы

Ә. Тілдің актив лексикасы

Б. Мағыналары ұқсас лексика

7.Историзм мен архаизмге қарама-қарсы сөздерді тап

А.кәсіби сөздер

Ә. Неологизм сөздер

Б. Термин сөздер

8.Көнерген сөздерді тап:

А. Білімді өлмес-қағазда аты қалар

Ұстаз өлмес-істеген заты қалар

Ә.Сексен түйе үстінде алтын жағынар орнаған

Б. Жақсылық пен жамандық- болды егіз

9.Көнерген сөздерді тап:

А. Егіз ерісі талыспын

Ә. Біраздан кейін көзден бір жола ғажай болады

Б. Кәрі тарихи-кәрі шежіре

10.Тарихи(историзм) сөздерді табыңыз:

А.сәукеле,тарымта

Ә.қызылтау,аға сұлтан

Б. Кебеже,күш-күпі

 

“Хан- талапай” ойыны

Мұғалім үстелге көнерленген асықтарды шашады.”Хан талапай” дегенде, балалар асықтарды тездетіп бір-бірден алады.Асық нөмеріне сәйкес сұраққа жауап беруі шарт.

  1. Көнерген сөздер дегеніміз не?
  2. “Сауыт” сөзі көнерген сөздің қай түріне жатады
  3. Көнерген сөздерден жаңа сөздерге айналған екі сөз айт
  4. Салт-дәстүрге байланысты көнерген сөздер қай түріне жатқызамыз.
  5. Саптама деген не?
  6. Кебес деген не?
  7. Тасаттық деген не?
  8. Тілдің пассив сөздері деп нелерді айтамыз?

Шығармашылық жұмыс.Өлең құрастыру.

Тәуелсіздік- бабалардың (ұраны)

Егемендік-еліміздің жыр-(әні)

Берік ұстап туымызды (жас ұрпақ)

Әлі талай биік шыңға (шығады)

Жалғастыр ойыны:

Ханзада

Ханша

Құл

Қосшы

Болыс

Г) Бекіту.

Инсерт

      Білетінім

 

        Білгенім

 

    Білгім келеді

 

 

 

Д) Үйге тапсырма: құрамында көнерген сөздер бар мақал-мәтелдерді,өлең жолдарын тауып жазу.Ережені оқып, жаттау

Е) Бағалау

                                       Сабақтың жоспары

Күні:

Сынып:

Пән: қазіргі қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Мақсаты:

Білімділік – антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі: слайдттар, сөзжұмбақтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
 

                                              Сабақтың барысы.

І.Мотивация(дәлел, себеп), ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1. Лексика дегеніміз не?
2.Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.
3.Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал-мәтелдерін оқыту.
ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.
ІV.Жаңа сабақ.
Өзіндік ізденіс – білім негізі.
Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.
-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota – атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
– Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.
-Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер Болымды, болымсыздық мағыналар
1.Күштімен алысқан                       Піл күшті,

әлсіз өз қолын сындырады. Піл күшті емес, тіл күшті

(Сәйф Сарайи).  Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)
2.Жаман сөз жылатады, Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки
Жақсы сөз жұбатады.
3.Білімді – алтын көзі ашылатын
Надан жан – қара бақыр шашылатын.

(Йүгінеки)
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
1- топ тапсырмасы: 
Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.
Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т.б.
2-топ тапсырмасы:
Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар.
Мақалдар.
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаңылтпаштар.
• Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
• Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
• Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
Жұмбақтар.
• Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/
3- топ тапсырмасы:

 

 

Сын есім Етістік Зат есім Есімдік Үстеу
ауыр-жеңіл  озу-қалу         өтірік-шын       анау-мынау          ерте-кеш

Кең-тар        кету-келу       рахат-бейнет    әлі-міне                 ақырын-шапшың

Ыстық-суық қону-ұшу      бақ-соқ              осы-сол                 жоғары-төмен

Жас-кәрі       шашу-жинау өмір-өлім                                      алыс-жақын

Артық-кем    ашу-жабу      пайда-зиян                                   әрі-бері

Аш-тоқ          кіру-шығу    жаз-қыс

Арық-сезім   сату-алу        күн-түн

Оңай-қиын

Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)
Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).
Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.
V.Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны.

Мақалдың жалғасын табу.
Ашу …………….. (дұшпан) Ақылдан жақын …………… (дос) жоқ,
Ақыл ……………. (дос). Ашудан жаман ……………. (қас) жоқ.
VІ.Бекіту кезеңі:
Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

 

 

 

Ойды бейнелі түрде жеткізу                            Мағыналары бір-біріне

Антонимдер

қарама-қарсы болып келетін

болымды болымсыз                                                 сөздер

мағыналары бар

 

 

Әр сөз табынан болады                   мақал-мәтелдерде жұмсалады

да жарыса қолданылады

 

VІІ.Рефлексия.
Тапсырма орындауда ынтасыз / ынталы
Мен өз пікірімде қала білдім / қала алмадым
Менің сабаққа қатысым көңілімнен шықты / шықпады
Топтық жұмыс ұнады / ұнамады
Өз жауабыңа көңілің толды / толмады
Сіз не үшін оқисыз? /Біз қалай оқуды үйрендік?
Болашақта қалай оқығың келеді?
VІІІ.Үйге тапсырма беру: 100- жаттығу. 5 жолды өлең құрастыру.
ІХ.Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Миға шабуыл Жаттығу жұмысы Ой толғаныс Ой қорыту Қорытынды баға
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             

 

 

 

 

                                       Дулат Исабеков Ата үміті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік-әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш – қуатын таныту;

Дамушылық– жазушының портрет жасау шеберлігіне назар аудару,көркем сөз құдіретіне үңілу,кейіпкерлерге мәтіннен мысал келтіре отырып сипаттамалар беру,ой қорыту,пікір айтуға,оны қорғай білуге төселту;

Тәрбиелік– оқушыларды зұлымдық,жауыздық,қатыгездік,қаскөйлік сияқты жаман қасиеттерден жирендіре отырып ізгілік жолына тәрбиелеу,адамгершілік, имандылық,парасаттылық сияқты қасиеттерді бойға сіңірту;

Сабақтың типі: ұжымдық.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау

Әдісі: сәйкестендіру,талдау,пікірнама,ой толғау

Сабақтың көрнекілік: иллюстрация, оқулық,сызбалар,үлестірмелі,кестелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу

ә) 45 минуттық сабақ үрдісіне бейімдеу.Өткен сабақтан алған білім- біліктерін түйіндеу,жаңа сабақтың мақсаты мен міндетті жөнінде бағдар беру.

Жаңа сабақ.

Ой қозғау: «Обал мен сауап»

а) Обал –ұғым атауы.Дерексіз зат есім.Көзбен көрмейміз,

қолмен ұстамаймыз.Обал сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

 

 

 

 

 

Неге,кімге қатысты айтылады? Не себепті айтылады?
           Пайдасынан басқа зияны жоқ,жан біткенге қылдай қиянат келтірмейтін,бейкүнә,  жазықсыз аңдар мен құстарға, жануарлар мен жәндіктерге қатысты айтылады.Мысалы: құс,құмырсқа,ара,үйдегі жан жануар т.б.           «Ұя бұзған оңбайды». Ұяны,омартаны,илеуді бұзуға болмайды,

өйткені олар құстың,араның,құмырсқаның Отаны.Олар сонда өсіп өнеді. Сенің бұзғаның-олардың өміріне балта шапқаның,бастарына қайғы- қасірет әкелгенің,қиянат жасағаның. Үлкендердің «Обалына қалма,тиіспе» деуі сондықтан.

              Қасиетті,киелі саналатын тағам атауларына қатысты айтылады.Мысалы:сүт,нан т.б.           «Сүт – тіршіліктің бастауы,нан-астың үлкені».Олар адамның адал еңбегімен келеді.Сол еңбектің қадірін білу керек.Оны бағалау керек.
         Адамға қатысты айтылады.Мысалы көрген қорлық,кеткен ақы,төгілген жас,көрген қиянат.            Әлімжеттік жасап әлсіз адамды ұрып соғуға,қиянат жасауға,зорлықпен біреудің ақысын бермеуге,күш арқылы біреудің затын тартып,не ұрлап алуға болмайды. Мұндай жағдайда әлсіз жандардың көз жасына қаласың,наласына батасың. «Обал болады»осындай жағжайда айтылады.

 

ә) сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

1.«Дұрыс болды,оған сол керек» деген мағынада жұмсалады.

  1. Алғыс,ықылас,қошемет,рахмет ұғымын білдіреді. Мысалы: сауабын алды(алғысын алды,рахметін алды).

Б.оқушылардың пікірлерінен кейін олардың ойын бар жүйеге келтіре білген көркем туындымен байланыстыру бағытына ойысамын.

Фоторобот.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін сейкестеңдір.

 

                                                            мейірімді

                                                             қатыгез

                                                             есті

                                                             қонақжай

                                                             иманды

                                                             тойымсыз

                                                             арсыз

ТОҚСАНБАЙ                                   ұғымды

                                                             Елгезек

  ЕРГЕШБАЙ                                     Имансыз

                                                              Ақпейіл

 

1.Елгезек Ергешбай-су әкелу дермене әкелуден қиын дейсіз бе?-Арбаны ауылға шейін апарып тастадым.

2.Ақпейіл Тоқсанбай.- Лып еткізіп шай қойып жіберейін.

-Көсегең көгерсін,қарағым!-Мені сыйласаң,сені құдай сыйласын!

Түйін.Оқушы толғанысы

Омаштың бойында күш-қайраты мол.Басында ақыл да бар.Абай атамыз айтқан ақыл мен қайрат жақсы іске жұмсалмай,қатыгездікке,зұлымдыққа жұмсалған.Егер Омаштың бойындағы ақыл-парасат пен күш-қуат жүректің әмірімен жүрсе,қандай жақсы болған болар еді,талайдың обалына қалмас еді.

 

Қорытынды: Омаш іс-әрекетіне баға бере келе өмірде мұндай жандардың, мұндай оқиғалардың әлі де болса кездесетініне тоқталамыз.Оқушыларды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп,ізгілік жолын ұстануға шақырамыз.

Үйге тапсырма: оқиғаны әрі қарай сен қалай аяқтар едің?. Шағын әңгіме жаз.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master