Құдіретті Жер-Ана     

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

 

        Күні: 8.02.17ж

        Сыныбы: 7                                                                        Оқушылар саны: 10

        Тақырыбы: Құдіретті Жер-Ана                                      Қасиеттері: сүйіспеншілік

        Мұғалімі: Елеусизова С

Мақсаты:

Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту
Тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту

Табиғаттты аялауы, қорғауға, адамгершілік қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, музыкалық әуен, стикер, кеспе қағаздар, суреттер, видеоролик, маркер, плакат.
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз….(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

1.Үйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

Әр қайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз, сондықтан да шаттық шеңберінде Жер – анаға деген ізгі тілегімізді білдірейік.
Күніміз ашық болсын!

Суымыз тұнық болсын!

Гүліміз жақсы өссін!

Ауамыз таза болсын!

Оқушылар шеңбер құрып өлең жолдарын айту арқылы табиғатқа тілектерін білдіреді.

Топқа бөлу:

Бүкіл әлемдік тіршіліктің негізі болған Жер,Су  яғни өзіміз таңдап алған өлең жолдарын құрастыру арқылы екі топқа бөлініп отырайық.

Әңгімелеу.

-Балалар енді жер сөзіне назар аударайықшы

1.Жер сөзін естігенде көз алдыларыңа не елестейді?
2.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?

3.Жер мен Ананың қандай ұқсастығы бар?

4. Су тіршілік көзі дегенді қалай түсінесіңдер?

5. судың пайдасы мен зияны қандай?

Бұл сөздің түрлі мағаналарын атаңдар? (Жер– ғаламшарлар, жер- шөп, өсімдік, ағаш өсетін топырақ, зәулім үйлер салатын орын және т.б.)

Ендеше балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Құдіретті жер-Ана»

Біз табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарау және табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгіме қозғаймыз.

Тақырыппен таныспас бұрын тақтадағы суреттерге назар аударайық. «Табиғат тамашасы» туралы бейнебаянға назар салайық.
Қазақстанның табиғаты қандай екен?
• Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары)

Рахмет, жауаптарыңызға. Жарайсыңдар балалар!

Адамның тағдыры жермен тығыз байланысты.Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір – біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Дәйексөз:

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны –өзі туралы ойлағаны»

1. Неге адам су мен жерді өзіндей көріп тұр?

2.«Су – тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесіңдер?

– Осы нақыл сөзден қандай қорытынды жасауға болады?
Дәйексөзді 2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға оқиды.

Мәтінмен жұмыс:

Конфуций «Атамекен»

Әңгіме не туралы?

Жер – қолқа жүрегің деген сөзді қалай түсінесің?

Поэзия минуты:

Тақырыпқа байланысты ақын жазушылардың өлең шумақтанынан үзінді оқуды ұйымдастыру.

Сергіту сәті.

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1.  Топ болып ойтолғау жазу.

2. Сурет арқылы топтық таныстырылым жасау. (постер)

1 – топқа: «Жердің қасиеті»

2 – топқа: «Жерге қамқорлық» плакатқа сурет салу, және өлең шығарма жазу.

 

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді стикерге суретпен бейнелеу.
Үйге тапсырма.

«Құдіретті Жер-Ана» мәнжазба жазу.

Соңғы тыныштық сәті.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылулығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.!

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master