Буын. Буын түрлері. Тасымал.

Сабақ №  1            Сыныбы: 5        Күні: 28.03.2017ж.

 

Сабақтың тақырыбы: Буын. Буын түрлері. Тасымал.

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын түрлері туралы білуі, буынға бөліп үйрету; буын түрлерін жасалу жолын нақты ажырата алуы; жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру

         Білімділік: оқушыларға жаңа сабақ жайлы түсінік беру, сөздің буынын таба білуге, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.

         Дамыту: теориялық білімді практика жүзінде пайдалануға дағдыландыру, тапқырлыққа, шебер сөйлеуге, тілдік қорларын дамытуға баулу.

         Тәрбиелік:  бір – біріне көмектесуге, ұжымдыққа тәрбиелеу, және тілін сүюге үйрету.

 

Сабақтың типі: ойын сабақ

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, талдау, ой қозғау, сұрақ – жауап

 

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті

 

Болжамдап отырған нәтиже: Оқушылардың буын түрлерін ажырата алуы
Көрнекі құралдар: Карточкалар, презентациялар

 

 

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі

                                   ІІ. Үй тапсырмасы

                                   ІІІ. Жаңа сабақ

                                   ІV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Сергіту сәті
  2. Қорытынды                                

                                 VII. Бағалау

                                   VІII. Үйге тапсырма

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
  • Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?
  • Сабаққа дайындаламыз
  • Сабақты бастаймыз

 

 

  1. Үй тапсырмасы: Басқа тілден енген сөздердің жазылуы. Басқа тілден енген сөздерді теріп жазу.

Араб, парсы тілінен енген сөздерадам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, мереке, емтихан, ғылым, ғалым,медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет.

Монғол тілінен енген сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа.

Орыс тілінен енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, телефон, телеграф, автомобиль, кірпіш, самауыр, шәйнек, бәтеңке, клуб, институт, комбайн, трактор, колхоз, совхоз, машина, галөш, үстел, өтек.

 

III. Жаңа сабақ: Мағынаны тану. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты буындар жөнінде түсінік қалыптастыру. Буын түрлерін ажырата алуға үйрету.
         Буын.
Буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:

1) ашық буын; 2) тұйық буын;3) бітеу буын;
Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын. Мысалы: а-ға, қа-ла, ба-ла;
Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Мысалы: ант, ет, от, аң, ай
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталған буындар. Мысалы: нар, бал, нан, тас, бас, қарт, өрт.

          Тасымал.

Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауын тасымал дейміз.
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ, мек-теп.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от, кел, ет, қарт.
2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынан қалдыруға болмайды. Сондай – ақ, аң, кең, еш, қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
3. А.Құнанбаев, М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг, 25см
5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. АҚШ. ТМД, ҚарМу.

 

  1. Сабақты бекіту: Тапсырмалар беру. Сұрақ-жауап.

 

  1. «Ереуіл атқа ер салмай» М.Өтемісұлы кім? (а-қын, күй-ші, жыр-шы)

 

  1. М. Жұмабаевтың Мен жастарға сенемін өлеңіндегі буын санын табу. (7-8 буын)

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты–

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

 

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу. (сол сөздердің буын түрін ажырату)
    Ат ізін салмау: ха – бар – лас – пау
    2. Бармағын тістеді: ө – кін – ді
    3. Жұлдызы оңынан туу: жо – лы бо – лу
    4. Өрісі кең: бі – лім – ді
    5. Үріп ауызға салғандай: сүп – сүй – кім – ді
    6. Тонның ішкі бауындай: ө – те жа – қын,

 

  1. Жұмбақты шешу

1.Мысықта бар,
Күшікте жоқ,
Қасықта бар,
Есікте жоқ.
(ы дыбысы)
Ы дыбысы – тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай езулік.
2. Борда бар,
Допта жоқ,
Балда бар,
Далада жоқ.
(б дыбысы– ұяң дауыссыз дыбыс.)
3. Жазуда бар,
Сызуда жоқ,
Жылуда бар,
Қызуда жоқ. (ж дыбысы – дауыссыз ұяң дыбыс).
4. Ләззатта бар,
Жанатта жоқ,
Азатта бар,
Қанатта жоқ. (з дыбысы –дауыссыз ұяң дыбыс).
5. Нанда бар,
Етте жоқ.
Айранда бар,
Сүтте жоқ (н дыбысы – дауыссыз, үнді дыбыс).

 

  1. V. Сергіту сәті: Ойындар

 

  1. «Не артық» ойыны: (ауызша) төрт сөздер қатарынан қай сөз артық екенін табу.
  • Кірме сөздер

Дыбыс

Жаңа сөздер

Көнерген сөздер

 

  • Еріндік

Қысаң

Ашық

Үнді

 

  • Толықтауыш

Есімдік

Зат есім

Етістік

 

  • Үстеу

Шылау

Жалғау

Одағай

 

  1. «Әріп қысқарса» ойыны: оқушылар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа үш сөзден беріледі. Сол сөздердің әр әріпі қысқарса қандай сөз шығады соны жазып, буынға бөліп, әр буыны қандай буын екенін ажырату.

 

  • Палау Дауыс        Пысық

Алау          Ауыс          Ысық

Лау            Уыс           Сық

Ау              Ыс             Ық

  • Қанар Қатаң        Басу

Анар          Атаң         Асу

Нар            Таң           Су

Ар              Аң             У

  • Жолақ Ашық        Жүру

Олақ          Шық          Үру

Лақ            Ық             У

Ақ

 

  1. «Кім жылдам» ойыны оқушылар үш топқа бөлініп әр топ, қай сөз, қай буынға жататынын лезде табу керек.

Ата, ат, бала, тал, қант, өрт, ұл, қала, теп, дана, анар, екі, ант, төрт, дос, сөз, үш, ант.

 

 

Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
Ата, бала, қала, дана, анар, екі. Ат, өрт, ұл, ант, үш, ұлт. Тал, қант, теп, төрт, дос, сөз.

 

 

  1. Қорытынды: «Не үйрендім» Алдарыңызда тұрған стикерлерге осы сабақтан не үйренгендеріңізді жазып тақтаға жапсырасыздар, және қорғайсыздар.

 

VII. Бағалау: 

 

VIII. Үйге тапсырма: Ашық буын, бітеу буын, тұйық буынға мысалдар теріп жазып келу.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master