БАБАДАН ҚАЛҒАН БАР БАЙЛЫҚ (Элективті курс)

БАБАДАН  ҚАЛҒАН   БАР  БАЙЛЫҚ (Элективті курс)

                                              Улмагамбетова А.М.,

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық  №2 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі 

Түсінік хат 

Элективті курсының «Бабадан қалған бар байлық» бағдарламасы орта мектептің 9-11-кластарына арналып құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете отырып, олардың жан-жақты дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды.

Мұндай сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Сабақтың қызықты

, тартымыды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына байланысты. Бұл бағдарлама орыс мектептеріндегі жоғарғы сынып (9-11-сынып) оқушыларына арнап шығарылған.

Болашақ азаматтарды жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.

Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты болады. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.

Элективті курс жұмысының мақсаты, міндеттері:

 

 Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа үйрету;

  • Сөз мәдениетін таныту;
  • Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
  • Оқушының тілін дамыту, тілідік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
  • Ұлттық сана-сезімі мол, рухани деңгейі биік, әдепті, саналы адам тәрбиелеу;
  • Ұлттық таным шеңберін одан әрі кеңейтіп, түсініктерін молайта отырып, оқушылардың өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

 

Бұл бағдарламаның мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға беріліп келе жатқан салт-дәстүрдің, тәрбиелік әдет-ғұрыптың түрлерінен тұрады. Алған білімдері тест, мәнжазба, баяндама, шығарма сияқты тапсырмалар арқылы тексеріліп, бағаланады.

 

Элективті курс бағдарламасы бойынша күтілетін нәтиже:

 Ұлттық салт-дәстүрдің түрлерін біліп, оны толық түсіну;

  • Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу;
  • Пікірталаста өз ойларын ортаға салып, ойын толық жеткізу;
  • Өмірде мақал-мәтел мен қанатты сөздерді пайдалана білу;
  • Ана тіліне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау;

 

Тақырыптық  жоспар

Сағат саны-34

Апталық сағат саны-1

 

Тақырыбы

Теориялық

сағат саны

Практикалық жұмыс

Граммати

калық

тақырып

Ескерту

(не керек?)

Тұрмыс   тұғырлары

1

Шаңырақ.Отбасы. Отау

1

Мәтінмен жұмыс, талдау

Дауысты дыбыстар

Диск, слайд

2

Қамшы

1

Шығарма «Қамшы-қасиетті зат»

Дауыссыз дыбыстар

Қамшы, слайд

Тәрбиелік дәстүрлер

1

Тыйым сөздер, ырымдар

1

Пікірсайыс өткізу

Үндестік заңы

2

Ұлағатты ұлттық ұғымдар

1

Баяндама дайындау

Екпін,буын түрлері

3

Ақ тілек. Ақ бата.

1

Бата, тілек жаттау

Зат есім

4

Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер.

1

Мақал-мәтелдер сайысы.

Сын есім

5

Шешендік сөздер

1

Шешендік сөздерді талдау, түсіну

Сан есім

Салт сарындары

1

Құда түсу.

1

Баяндама.

Есімдік

Теледидар,

бейнетаспа

2

Беташар

1

Буклет.

Етістік

Теледидар.

3

Ат қою жөні.Табу.

1

Пікірталас.

Үстеу

Әдеби оқу.

4

Кіндік шеше.

1

Пікірталас.

Бағдарлама

Шылау

Бейнетаспа.

5

Шілдехана

1

Буклет.

Одағай

Үнтаспа.

6

Желек алу жосығы

1

Мәнжазба.

Еліктеу сөздер

Кимешек.

7

Бесік тойы

1

Буклет.

Баядама.

Модаль сөздер

Бесік жабдықтары

8

Тұсау кесер.

1

Буклет.

Мәнжазба

Каратпа сөздер

Ала жіп.

9

Сүндет той.

1

Пікірталас.

Қыстырма сөздер

Бейнетаспа.

10

Сынақ сабағы.

1

Ауызша

сынақ алу.

Тест өткізу

Тест сұрақ тапсырма

лары

Қазақтың мейрамдары

1

Ораза айт.

1

Мәнжазба

Сөз тіркестері

(диск)

2

Жарапазан

1

Өлеңді жаттау

Сөйлем түрлері

Үнтаспа

3

Құрбан айт

1

Пікірталас

Жай сөйлем

(диск)

4

“Наурыз-думан”

1

Баяндама

Салалас қ.с.

Ыңғайлас

Бейнетаспа

Ұлт сипаты

1

Бастаңғы. Моданақ.

1

Буклет.

Нақыл сөздер.

2

Ойын түрлері.

1

Шығарма.

Нақыл сөздер.

Қарашаңырақ

1

Киелі киіз үйіміз.

1

Баяндама.

“Шаңырақ” кітабы

2

Бағалы киімдер.

1

Буклет.

— — — —

3

Ұлттық тағамдар

1

Буклет.

Журналдар

4

Ұлттық аспаптар

1

Буклет.

— — — —

5

Қазақ әйелдерінің қолөнері.

1

Баяндама.

Сабақтас қ.с.

“Шаңырақ” кітабы

6

Қазақ үйінің мүліктері.

1

Мәнжазба.

Журналдар

Бұлжымас салт

1

Асар. Тасаттық.

1

Баяндама.

Журналдар

2

Ас беру жоралғысы.

1

Шығарма.

Әдеби кітап.

3

Қаза және көңіл айту.

1

Ой толғау

——- — – – –

4

Жоқтау.

1

Ой толғау

—– — — – –

5

Сынақ сабағы.

1

Сыңақ алу

Тест

2-тақырып. Қазақ ырымдары. 1сағат.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәбиесіне терең мән беріп , оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы екендігін айта отырып, оқушыларды сол ережелермен таныстыру. Оның тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері , соның ішінде қазақтың ырымдарына жеке тоқталу. Отбасында қалыптасқан үлгі өнегемен қатар, бала тәрбиелуде қазақ ырымдарының алатын орнын түсіндіру. Балаларға қандай ырымның жақсылыұ әкелетінің, қандай ырымың жамандық белгісі екендігін айту.

        Практикалық тапсырмалар.

*Жақсылық  көздейтін және жамандық белгісі болып келетін

Қазақ ырымдарын ажырату.

*Қазақ халқында сақталған ырымдарды дәйектер келтіре отырып,баяндау.

 

Пікірсайыс тақырыбы: Жақсылықтың белгісін білдіретін ырымдар көп.

/ Жамандықтың белгісін білдіретін ырымдар көп ./

 

3-тақырып.Тыйым сөздер. 1сағат.

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі- тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Сондықтан тыйым сөздердің мәнін ашып, оның негізгі мағынасына көңіл бөлу. Тыйым сөздердің пайдалану орнын білуге дағдыландыру.

                           Практикалық тапсырмалар:

  •  Тыйым сөздердің негізгі мазмұнын түсіну.
  •  Тыйым сөздерге сенің көзқарасын қандай?
  •  Тыйым сөздер өмурде қандай көмек береді?

Пікірсайыс тақырыбы:

Тыйым сөздерге сенемін . / сенбеймін ./

4-тақырып. Ұлағатты ұлттық ұғымдар. 1 сағат.

Қазақ халқының іргелі үш жузден тұратының, руға бөлінетінің, жеті атағ дейін өзінің шығу тегін білетіндігін уйрету. Үш, жеті тоғыз сандарының киелі екендігін, оған қазақтың көп мән беретіндігін айту. Негізгі идеясын түсіндіру.

Практикалық тапсырмалар:

  • Ұлағатты ұлттық ұғымдарға байланысты мақал-мәтелдер
  • Жеті атаңды білесің ба?
  • Киелі сандарға байланысты нақыл сөздер.

5-тақырып.

Әдет-ғұрып ишара. 1сағат

Қазақ психологиясына көңіл аударарлық түрлі жайттар көп кездеседі. Соның ішінде ке» сезімді, іс-әрекетті сөзбен айтпай-ақ ыммен , ишарамен , қиылмен түсінуше болатындығы. Әдет-ғұрып туралы түсінік беру. Ишара белгілерінің түрлеріне өмірден мысал келтірі.

 

Практикалық тапсырмалар:

  • Әдет-ғұрып ишаралар неге тәрбиелейді?
  • Қазір бұл ұғымдар сақталған ба?Дәлелде.
  • Мәнжазба жазу. Тақырыбы (Әдет-ғұрып түрлері.)

6-тақырып.Наурыз- ұлыстың ұлы күні. 1-сағат

Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтың мйрамы. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап , оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырғандығы туралы әңгімелеу. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық , қадыр қасиеттілік нышан белгілері мен таным- ұғымдарының үлгілеріне жеке-жеке тоқталып, басқа ұлттық мерекелермен салыстыру. Бұл қасиетердің бәрі адамды жоғары  саналыққа, әдептілікке , өнегелікке, бауырымдылыққа, көргенділікке, ізетілік пен білімділікке баурайтындығын ашу.

Практикалық тапсырмалар:

  • Наурыз мерекесіне жасалатын жол-жоралары.
  • Наурызкөженің жасалуы.
  • Наурызда айтылатын баталар

 

9-тақырып. Киелі киіз үйіміз.1-сағат

Шығу тарихы ерте ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қарашаңырағымыз деп дәріптегені туралы ұғым беру. Киіз үй оның тұрағы, құтты меке-жайы, еншісі , баспанасы, мұлкі, мақтанышы болғаны екенін әңгімелеу . Кйіз үйді тек баспана емес , ол сәулет, құрылыс ,сурет , қолөңердің басын құрайтын ғажайып туынды ретінде таныстырып, оқушыларға оның түрлерін , құрылысын үйрету.

 Киіз үй туралы презентацияны көшіріңіз

Практикалық тапсырмалар:

  • Киіз үйдің құрылысы  мен түрлері туралы мағлұмат.
  • Үйдің ішінде болатын әшекей заттар.
  • Қосымша мағлұматтар жинау.

10-тақырып. Ұлттық тағамдар. 2-сағат.

Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері сан алуан. Кең байтақ даламыздың табиғатына ,ауа-райына байланысты киім түрлеріндегі өзгерістерге тоқталып,айырмашылықтарын білу. Әр жыл мезгіліне сай киім сияқты тастармен безендіріп, әшекейленгеніне тереі мән беру. Біздің өңірімізде қандай киім түрлерінің кездесетіндігін ортаға салу.

Практикалық тапсырмалар:

  • Ұлттық киім түрлері
  • Жастардың киетін киімдері
  • Әшекейлік бұйымдар.
  • Мәнжазба тақырыбы «Бағалы ңиімдер»

 

11-тақырып. Ұлттық тағамдар. 2- сағат.

«Ас адамның арқауы» деп тауып айтқан қазақ дастарқан байлығына ерекше мән беріп қараған. Тағамды көшіп қонып жүріп, ұзақ мерзімге бұздырмай  сақтай да алғаныны , тағам түрлерін ақ, қызыл, көк деп үшке бөлгені туралы сөз ету. Соның ішінде денсаулыққа өте пайдалы әрі құнары мол сүт тағамдарының бірнеше түрлерімен танысып, дайындалу рәсімін үйрену.

 

Практикалық тапсырмалар:

  • Сүт тағамдары
  • Ет тағамдары
  • Нан тағамдары

 

13-тақырып. Ұлттық аспаптар. 1- сағат .

Әр халықтың мұра етіп қалдырар өнерінің бірі ұлттық аспаптар. Қазақ халқы аспаптарға бай екендігі. Қос ішекті домбыра, қобыз, сыбызғы , жетіген сияқты аспаптарда ойналған ән күйді басқа аспаптарда ойнап жеткізе алмаған жайтты домбырамен жеткізген туралы аңызды еске түсіріп, домбыраның құдіретін ұғындыру. Қазіргі заманғы өзгешілігін білу.

Практикалық тапсырмалар:

  • Қос ішекті аспаптардың тарихы.
  • Күй туралы не білесің?
  • Күй атасы- Қорқыт

15-тақырып. Сынақ сабағы. 1- сағат

Алған білімдерін тексеру, қорытындылау мақсатында, сынақ сабағын өткізу. Сөздердің мәнін айтылу орнын , мағынасын ажырату, қолдану аясын меңгергендіктерін тексеру.

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master