Тәрбие көзі – ата мен әже

Тәрбие көзі – ата мен әже

Қазақ –  салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Ертеде ата-әжелеріміз өздерінің ата-әжелерінен корген, білген, үйренген дәстүрлерін, ғұрыптарын өз балаларына, немерелеріне айтып, үйретіп отырған. Әрбір салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың өзіндік орны бар. Ұлт тәрбиесінде де, ұрпақ тәрбиесінде де олардың маңызы зор. Салт-дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың астарында «осындай жақсылықтар басқаларға да жұғысты болсын!» деген үлкен ізгі ниеттер мен жас ұрпақтарға жол көрсететін, үлгі болатын үлкен мағыналы тәрбие жатыр. Жас ұрпақ – бабалардан қалған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды бүгіннен ертеңгі күнге жеткізер алтын көпір. Сондықтан да ата-әжелеріміз «баланы бастан» деген ұстанымменен немерелерін мейлінше өз жетегіне алған, тәрбиелеген.

Аталарымыз бен әжелеріміз ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ертегілер мен жырлар, аңыз әңгімелер айтып бала бойына тәрбиенің маңызын сіңіртіп  отырған. Бір-бірін сыйлауды, ауыл ақсақалдары мен қарияларды құрметтеуді, ата-ана, бауыр, туыстарға қашан да қамқор болуды үйретуден жалыққан емес. Адалдыққа, адамгершілікке, жауапкешілікке, еңбексүйгіштікке баулып отырған.

Әке тұрып ұл сөйлемеу, шеше тұрып кыз сөйлемеу, үлкендердің жолын кесіп өтпеу, үлкенге алдымен сәлем беру, жөн айтылған сөзге тоқтау т.б көптеген әдет-ғұрыптарымыз жалғасын тауып жатса, ұрпақтарымыз саналы да тәрбиелі азамат болып өсуі әбден мүмкін. Баланың ең алғашқы ұстазы – атасы мен әжесі. Аталар мен әжелердің тәрбиесін корген ұл да, қыз да елдің мақтанышы бола алады. Өйткені, олардың бойында бабалар салып кеткен сара жол-дара жолдың жалғастырушылары аталар мен әжелердің тәрбиесі бар, өнегесі бар.

Өмірге бабалар жолын жалғастыратын ұрпақ әкеліп, оны мәпелеп өсірген ата- ана қызметін айтпай кету-ол үлкен күнә. Бала ана құрсағында жатқан сәттен бастап ата-ана мейіріміне бөленеді. Бала бойындағы асыл қасиеттің бәрі де ана сүтінен нәр алған. Демек, бала өмірінде де, тыныс-тіршілігінде де ата-ананың рөлі аса зор. Бала үшін әке-асқар тау, ана- мейірімді күн. Бала өміріндегі ата-ананың орнын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес…

Дүние есігін ашқан күннен бастап әже әлдиімен сусындаған сәби балалалық шағын атасымен бірге өткізеді. Демек, әжеден кейін кезек атаға келеді. Аталар да өз кезегінде немерелерін ұлттық тәрбиеге баулыған. Ертегілер мен аңыз-әңгімелерден бастау алған тәрбие бастауы еңбек етуменен ұштасып жатқан. Осылай балаларын еңбексүйгіштікке де тәрбиелеп отырған. Ұл-қыздарының тәрбиелі, әдепті, ізетті, сыпайы, мейірімді,қарапайым, адамгершілігі мен жауапкершілігі мол азамат болуына ата-әжелер үнемі өз ықпалдарын тигізіп  отырған. Тәрбие тізгінін өз қолдарына алған аталар мен әжелер ұрпақ тәрбисін бірлесе отырып жолға қойған. Өз істерінің шебері десе де болады.

Осындайда еске түседі екен! Бала кезімізде үйге қонақ келсе, қой сойылып, бүкіл ағайын-туыстарды шақырып, барлығы сол үйге жиналатын. Үлкендер жағы әңгіме –дүкен құрып, балалар қатар жайғасып өз алдымызға түрлі ойын ойнайтынбыз. Ал кейде бір-бірімізге сұрақтар қойып, жұмбақтар жасырып, олардың жауабын, шешуін табатынбыз. Сосын тамақ ішіліп болған соң үлкендер жағы біздерді шақырып аңыз-әңгімелер немесе елге елеулі үлкен кісілердің өнеге алар істерін, олардың өмірі жайлы әңгімелеп беретін. Әңгімелер айтылған соң ата-әжелеріміз біздің өнерлерімізбен мақтанғысы келіп, біздерге ән, өлең айтқызатын. Біз де құр қалмайық дегендей ата-әжелеріміз үйреткен бар өнер лерімізді ортаға салатынбыз. Бізді ұйып тыңдаған ересектер бізді қолпаштап шапалақ ұратын. Біз деген мәз болатынбыз. Мұның барлығы да аталарымыз бен әжелеріміздің ұйығарымымен іске асып жататын. Қазір сол кездерді үлкен сағынышпен еске аламыз. Сол бір ғана кішкене жиынның өзінде үлкен мейірімділік, үлкен сыйластық, туысқа деген үлкен сезім жатқанын біз ол кезде білмеппіз. Басымыз қосылып, улап-шулағанымызға мәз бола беріппіз. Сондай жиындар, басқосулар қазіргі таңда да өмірімізде орын алып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

«Қариясы бар елдің – ақыл дариясы бар» деген дана халқымыз. Қандай орынды айтылған сөз! Өйткені, ақылдың бәрі де қариялардан шығатыны анық. Ақылдың таусылмайтыны да анық. Өйткені көп жасаған, көпті көрген көнекөз ата-әжелеріміз өмір өткелдерінен алған өз тәжірибелері мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді,әдет-ғұрыптарымызды немерелеріне үйретіп келеді. Ал бүгінгі немерелер ертенгі күні өздері ата, әже болғанда өз немерелерін салт-дәстүрлерімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен сусындатары анық. Сондықтан да ата-әжелерімізді тәрбиенің қайнар көзі деп толық айта аламы

 

Маханов Нұрлан Алиханұлы

Қаратөбе негізгі орта

мектебінің психологі

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master