МЕН КІММІН?

МЕН КІММІН?

эссе

Махамбет ауданы

Ақтоғай орта мектебінің

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Адильшиева Лаззат Маратжанқызы

Мен – адаммын…

Мен осы өмірге адам болып  келгенім үшін ризамын. Бірінші жаратушы Алла, одан кейін маған жарық дүние  сыйлаған ата-анама шексіз ризамын.

Мен – баламын…

Менің сүйікті ата-анама сүйкімді баламын. Ұрпағын жалғастырушы, ізбасарымын.

Мен- туысқан – бауырмын. Біріне сіңлі, біріне апа, біріне қарындас, біріне келін, біріне жеңгемін.

Мен -адал жармын.Жолдасымның бақытымын.

Мен-анамын. Ұл –қызыма аяулы анамын, сүйеніші, қамқоршысымын, мейірім төгетін жанмын.

Мен –ұстазбын. Бала тәрбиелеуде, үлгілі шәкірт қалыптастыруда бар күш-жігерін аямаған, өз ісін жақсы көретін жанмын. Осы ұстаздық еткен жылдарымда балалардың жан-дүниесіне үңілуде өзімді- өзім тәрбиелесем, кейде қарап отырсаң балалардан да үйренетінің болады екен…

Балалардың жаны таза, бар шындықты жасырмай айта алады, сәби жүректері адал, пәк. Баланың жан дүниесіне бойлай отырып, нені ұнатады, нені жаны қаламайтындығын сезінесің. Осы «Өзін-өзі пәнін» сүймейтін, ұнатпайтын бала жоқ. Осы пәнді қызыға, қуана күтіп отырады.

Мысал  келтіре кетсем, мен сабақ беретін мектебімнің 3-сыныбында даму мүмкіндігі шектеулі оқушы бар. Осы оқушы оқулықпен, дәптермен жұмыс жасағанды ұнатпайды. Есесіне тақтаға сурет салғанды жаны қалайды. Өзінің қиялымен ешқандай шектеусіз сурет салғанды  және ертегі, драмалық қойылым, рөлдерде ойнауды қызыға орындайды. Бұл да  бір қыры деп ойлаймын.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі»,- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім.

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі. Олайдейтінімақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіптібаланы да ұстаздар тәрбиелейді. Мұғаліміқандайболса, қоғамы да сондайболмақделінгенбұлжымасзаңдылықертеуақыттардыңөзінде–ақбелгіліболды.

Осындай ұлы теңеуге лайық болайық.

Мен –қазақпын. Қазақ халқының перзенті екендігіме мақтанамын. Өз туған жерімде еліме, бала тәрбиелеуде  қызмет етіп  жүргеніме мақтанамын.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master