Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

 

«…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру –  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…

Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев

Баяндама тақырыбы :Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

Мақсаты :Мектептегі әріптестерімен тәжірибе алмасу, ой бөлісу. Оқушыларға  түрлі  тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыружәне caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуға ықпaл жacaу

   Міндеті :

 Cыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту

Дәлелдеу , бақылау, болжам жасау жoлдaры aрқылы тaбыcты oқытуғa

қoл жeткiзу

Өз беттерімен көркем туындыны оқу, талдау, бағалауға жетелеу.

Күтілетін нәтиже:

Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, ой қиялын  дамыту арқылы  ізденіске жетелеу.

Білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін, оқу-танымдық  қажеттілігін қалыптастыру

Сыни тұрғыдан  ойлау

Сыни тұрғыдан ойлау – ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге  бағытталған пәндік шешім

Сыни тұрғыдан ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.

Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Сыни тұрғыдан  ойлаудың тамырын сонау гректік сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды.

Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған, алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.

Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі

үш элементтен тұратындығын болжап берді:

  1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру.
  2. Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Л.Джинни Стил Куртис, С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
    Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез -келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Александердің  Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

(2001, 2008)тәжірибеде зерттеген диологтың бес үлгісін ойлап тапты .

Механикалық сақтау(үнемі қайталап отыру)

Декламация (тест)

Нұсқаулық/ мазмұндама

Талқылау(ақпаратты тарату)

Диалог

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады

Білу Өткен материалды есте сақтау, -терминдер,ереже,теория,формула .

Түсіну  Негізгі идеяны түсіндіру,сипаттау –аударма жасау.

Қолдану Жаңа білімді түрлі нұсқадаЖаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану.

Талдау Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу.

Жинақтау Ақпараттарды жүйелеу, жоспар жасау, шешім қабылдау.

Бағалау Критерий негізінде жұмыс сапасын бағалау, дәлелдеп үйрену

Мен өзімнің іс тәжірибемде « Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын » қолданамын.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұнға , түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікірді , таңдауға, шешім қабылдауға үйрету.

Оқушылардың білім деңгейін көтеруге,шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сыни тұрғыдан  ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады , шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.

«Сыни тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады .
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылыққа шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.Әр оқушыда өзін – өзі дамыта және  жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламаның ішкі құрылымы  оқыту мен үйрету моделінің үш кезеңінен  тұрады:

І.Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Ой-толғаныс.

Сыни тұрғыдан   ойлау бағдарламасында 60-қажуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт,кубизм әдісі,ішіне сыртына , синквин,  т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында  төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауап алуға жағдай жасау.

  1. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
  2. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
  3. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру

Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының  алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші  «мағынаны тану» кезеңінде / жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді жан- жақты  және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлау  үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау

Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретенеді . Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― – “мен үшін түсініксіз”, + – “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады”белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Мен бұл сабақта мынандай стратегияларды қолдандым:
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы

6.Венн диаграммасы
7. Т кестесі

Және басқада әдіс тәсілдерді әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап  қолданын отырамын

Сыни тұрғыдан  ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
– Сабаққа қызығушылығы артады;
– Нақты өз деңгейінде бағаланады;
– Жеке қабілеті айқындалады;
– Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет етеді

Қорыта келе Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринің нақыл сөзімен аяқтағым келеді .

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»  “Ал оқушы  болашақтағы ізденуші” деген.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master