Мәңгілік ел – мәңгілік тіл”

Атырау облыстық білім беру басқармасы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

«Бекітемін»

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау

гуманитарлық колледж

директорының оқу-тәрбие

жұмысы жөніндегі орынбасары

_________ Ж.Досқалиева

«___»  ___________2016 жыл

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

                   “Мәңгілік ел – мәңгілік тіл”

 

 

 

 

“Мәнерлеп оқу” үйірмесінің жетекшісі: Хамзина А.Б.

 

 

 

 

 

 

Атырау қаласы

Мақсаты:

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.

 

Барысы: 

 

  1. Әнұран «Қазақстан»
  2. Видео көрсетілім: Н.Ә.Назарбаевтың сөзі.

1-жүргізуші – Хасан: Армысыздар, құрметті, оқытушылар және студенттер! Тіл – әрбір ұлттың жаны, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі де болуы керек. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарау – ынтымақтастықтың белгісі. Сондықтан, бүгінгі мейрам – тілдер күні! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын!

2-жүргізуші – Аружан: Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін, жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.

1-жүргізуші – Хасан: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан – ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан – жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болуымен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

1/9/жк тобының студенті  Уапов Ерасылдың орындауында

Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі

 

1/9/жк  тобының студенті  Досболатұлы Хасанның орындауында

Амандос Сабыровтың «Ана тілім ардақтым» жыры

Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата – бабам жерінде,
Нағыз қорлық – деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар – құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз – деп білемін,
Білген жанға өз тілің – қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата – дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап0салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

 

1-жүргізуші: Белгі Әселхан Бауыржанқызы “Қазақстан алға”

 

1-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан-бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1-ші ұлт өкілі: (қазақ) – Марта

2-ші ұлт: (орыс) – Мөлдір

3-ші ұлт(америка) – Аружан

4-ші ұлт (өзбек) – Бибіробия

5-ші ұлт (әзірбайжан) –  Алуа

 

Соңы: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 25 ЖЫЛ

 

Ән: «Жаса, жаса қазақ тілім!» орындайтын 1/9/саз тобының студенті –

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master