Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»

(1-мамыр мерекелік сценарий)

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші

Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

 

Тақырыбы:«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп,

көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, жалаущалар, ұлттық костюмдер.

Жүргізуші сөзі таспадан ортаға естіледі.
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың –
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
– дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: бүгінгі мерекеміз «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

                                                I – БӨЛІМ

  1. Композиция.

-Бірінші қатар балалар көгершін ұстаған артқы сапқа келіп тізіліп тұрып би қимылдарын орындайды.

-Екінші қатар балалар қолдарына гүлдер мен шарлар ұстап ортаңғы сапқа келіп тізіліп тұрып барлығымен би қимылдарын жасайды.

-Үшінші қатар балалар қолдарына жалауша ұстап келіп тізіліп алдыңғы сапқа келіп тұрып барлығымен би қимылдарын жасайды.

  1. Барлығы хормен:

Отан ортақ,

Жер ортақ,

Бәрі-бәрі, бәрі ортақ!

  1. Тақпақтар:
    Жан біткендей жас тауға,
    Шуақ ойнап арайлы.
    Күн күлімдеп аспанда,
    Мамыр әні тарайды.


Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.

Болсынжер мен су да ортақ.
Болсынбіздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбызбәріміз
.

 

  1. Ән: «Ке, балалар күлейік»

                                                          Тосын сый:

              Қалықтап көгершін ортаға келіп көгершіндер ұстаған балалардың

                                           соңына келіп тұрады.
Көгершін:

Сәбилер зәресін бұлт алмасын,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Құстар аспанда еркін қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

 

Алдыңғы және ортаңғы қатардағы балалар саппен жүріп орындықтарға отырады.

Көгершін:

Қазақ жері достықтың гүлстаны,

Көгершіндер қалықтап биік ұстасын.

 

Көгершін артқы қатардағы тізілген қолдарында көгершіндері бар балаларды шеңберге тұрғызып би билейді.

 

  1. Би: «Қалықтаған көгершіндер»

 

                                                     II – БӨЛІМ

Жүргізуші:

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы.

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен шат-шадыман мерекеде.

 

1.Бірлік ынтымақ күніне қатысты мереке сәтінен экраннан СЛАЙД

 

Жүргізуші:

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ,орыс болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

 

2.Татар, қазақ,орыс халықтарының ұлттық  киімдерінен СЛАЙД

 

Жүргізуші: балалар экранда ОРЫС ҰЛТЫНАН бізге Иван қонаққа келіпті, ол өзімен бірге ұлттық ойыны «Тышқан мен мысық» алып келіпті.

Олай болса сол ойынды барлығымыз бірігіп ойнап үйреніп алайық.

 

3.Ойын: «Тышқан мен мысық»

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.

Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса  алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.

 

 Жүргізуші: орыс халқының ойыны тамаша екен, олай болса орыс халқының құрметіне ұлдар тамаша би билеп берейік.

 

  1. Би: «Қамшылау»

 

Жүргізуші: балалар экранда ТАТАР ҰЛТЫНАН бізге Рафхат қонаққа келіпті, олда өзімен бірге ұлттық  «Тап та, қуып жет» ойынын алып келіпті.

Олай болса сол ойынды барлығымыз бірігіп ойнап үйреніп алайық.

 

5.Ойын: «ТАП ТА, ҚУЫП ЖЕТ» (ЧИТАНМЕ, БУЗМЕ)

Бұл – татар балаларының ойыны. Ойын-шылар орындыққа немесе шөп үстіне бір қатарға отырады. Жүргізуші бала олардың алдына жайғасады. Оның көзі байлаулы болады. Ойыншылардың бірі жүргізушіге келіп, иығына қолын қойып, оны атымен атайды. Жүргізуші оның кім екенін табуы тиіс. Егер ол тапса, онда тезірек көзіндегі орамалды шешіп, әлгі баланы қуып жетуі керек. Егер жүргізуші ойыншыны дұрыс таппаса, онда басқа ойыншы келеді. Есімін дұрыс тапса, ойыншы оның жүгіруі керектігін қандай да белгі (мәселен, иығынан нұқу) арқылы білдіреді.

Ойын ережесі: Жүргізуші ойыншыны қуып жетпесе, ойынды келесі баламен қайталап, жалғастыра береді. Қуып жетсе, ойыншылар қатарының соңына жайғасады. Ал ұсталған бала жүргізуші болады. Ойында реттілік қатаң сақталуы тиіс.

Жүргізуші:татар халқының ойыны тамаша екен, олай болса татар халқына қошаметпен  біздер тамаша би билеп берейік.

 

6.Би: «Достық»

Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

–    дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп ән салайық.

 

7.Ән: «Мамыр ай»
Жүргізуші:
Бірлік – халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».
Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master