Металды салынған белгі бойынша кесу.

Сабақтың тақырыбы:  Металды салынған белгі бойынша кесу.

 

Сабақтың мақсаттары:

Сабақтың білімділік мақсаты: Металл конструкциясында жұмыс жасаған уақытта оқушылардың  теориядан алған білімдерін өндірістік орында қолдануға үйрету.  Білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру. Әртүрлі бұйымдар жасағанда металл табақшаларды немесе профильдерді салынған белгі бойынша кесуге үйрету. Конструкциялық құрылыс жұмыстарында металл табақшаларын немесе металл  профилдерді сабақ тақырыбына сәйкес жұмыс жағдайында қолдануға баулу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттер бойында құрал – саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен  материалдарды үнемді пайдалану,  жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіру мақсатында тақырыпқа сәйкес салынған белгі бойынша кесуді үйрету. Жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын қарастыру дағдысын қалыптастыру.

 

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық нұсқау картасы, көрнекілік құралдар, көлемі 250х150 мм көлеміндегі болат табақшалар, 40х40мм металл профильдер, «Bosh» маркалы болгарка және қолара.

 

Оқу өндірістік базасы: «Пісіру ісі» шеберханасы

 

Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі: (сағ: )
  2. Студенттердің сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
  3. Студенттердің өндірістік сабаққа арналған киімдерін тексеру.

 

  1. Кіріспе нұсқау: (сағ: )
    • Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
    • Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру
    • Өндірістік оқу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру

 

Жаңа сабақ бойынша студенттерге нұсқау беру:

 

  • Ағымдық нұсқау: (сағ: )
  1. Студенттерді жұмыс орындарына бөлу.
  2. Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
  3. Студенттердің жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картасымен жұмыс жасауларын ұйымдастыру.

 

  • Жұмыс орнының дұрыстығын қадағалау.
  • Металл табақшаларын салынған белгі бойынша кесуде оқушының іс-әрекетін, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.
  • Металл профильдерді немесе табақшаларды кесуді өндірістік сабақ барысында тәжірибеде қолдану.
  • Кесуді аяқтаған соң жұмыстың дұрыстығын, орындалу барысын қадағалау.

 

  1. Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.
  2. Қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейін қадағалау.
  3. Орындалған жұмыстарды қабылдау.
  4. Жұмыс орындарын жинап, тазалау және кесу аппартын ток көздерінен ажырату.

 

  1. Қорытынды нұсқау: (сағ: )
  2. Жіберілген қателіктерге талдау жасау, түзету.
  3. Студенттердің білімін бағалау.
  4. Үйге тапсырма беру: Э.И. Крупицкий «Слесарь ісі»,  «Мектеп баспасы», Алматы, 1975 ж.   112-116 беттер.

 

 

 

 

Өндірістік оқыту шебері: ____________ А.Д. Досболов

 

 

Технологиялық нұсқау картасы № 10

 

Тақырыбы: Металды салынған белгі бойынша кесу.

 

Тапсырма № 10  Металды салынған белгі бойынша кесу жұмыстарын

«Пісіру ісі» өндірістік шеберханасында орындау.

 

Жасалатын жұмыстар Қолданылатын құралдар Жасау ережесі Техникалық қауіпсіздік ережелері
1 Жұмыс орнын жабдықтау. Пайдаланылатын материалдармен құрал-жабдықтарды дайындау. «Bosh» маркалы кесу аппараты (болгарка) және 40х40 өлшемді металл профильдер, металл табақшалар Жұмыс үстелін жабдықтау, қолданылатын құрал-саймандарды жұмысқа дайындау. Жұмыс орнының дұрыстығына, тазалығына көз жеткізу. Кесу  аппаратының дұрыстығын тексеру.

Ток көздерінің дұрыстығын қадағалау.

2 Көлемі 205х150 мм металл табақшаларды

және 40х40 металл профильдерді кесуге дайындау

Өлшегіш, бор, сызғыш, темір щетка Темір щеткамен   қажетті табақшаны тазалау. Бұйымды жасауға қажетті көлемде  металл табақшаны өлшеу. Жұмыс орнында қауіпсіздік ережесін қадағалау.
3 Көлемі 205х150 мм металл табақшаларды

және 40х40 металл профильдерді

қажетті көлемде кесу.

«Bosh» маркалы Кескіш болгаркасы Өлшеп дайындалған металл табақшаны болгаркамен кесу. Кесу кезінде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек. Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу. Бәрін тексеріп, металды өлшеміне қарай кесу.
4 Ақауды түзету

 

Сызғыш, өлшегіш құралдар Кесуу жұмыстарын аяқтағаннан кейін металл табақшаның немес металл профильдің жиегін тазалау, өңдеу Қосылып тұрған кескіш аппаратты ток көзінен ажырату керек.
5 Жұмысты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру. Пайдаланылған құрал-жабдықтарды тиісті орнына қою. Сызғышты, темір щетканы жинастырып қою. Жұмыс орнын қалыпты жағдайға келтіру, тазалау. Барлық пайдаланылған заттарды тиісті орындарына қою.

 

1 – сурет. Металл табақшаларды  салынған белгі бойынша арнайы құралмен  кесу әдістері.

 

а)         б)    

 

 

в)  г)

 

2 – сурет. Металл табақшаларды салынған белгі бойынша кесу аппараттары және қолмен кесу құралдары

 

а)                    

 Бақылау сұрақтары:

 

  1. Металлдарды салынған белгі бойынша кесу қандай жұмыстарында қолданылады?
  2. Кесу жұмыстарында техника қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?
  3. Кесу құралдары қалай таңдап алынады?
  4. Кесу жұмыстарының орындалу реттілігі қандай?
  5. Металдарды салынған белгі бойынша кесу қандай аппараттар көмегімен жүзеге асады?

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master