Ұстаздық ұлы жол

Ұстаздық ұлы жол

«Ұстаздық – ұлы қызмет» – дейді дана халқымыз. Балаға үздіксіз білім беруден жалықпай, болашағына білімнен шырақ жаққан ұлағатты ұстазымыз Тюмебаев Сабырбек Турусбекович   Жуалы ауданы, Қоңыртөбе ауылының тумасы. №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет етуде. Өз ісіне тиянақты, іскер, тәжірибелі ұстаз, байсалды, салмақты мінезімен, жан-жақты білімділігімен, іздемпаздығымен ұжымда қадірлі жан. Сонымен қатар,  ұлды  ұяға, қызды қыяға қондырған асқақ беделді әке.

Еліміздің білім мазмұнын әлемдік стандартқа жеткізу үшін жаңаша оқу үрдісі арқылы өз ойын еркін айтатын, өзіне сенімді, жан-жақты ойлай алатын, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген ардақты ұстаз.         ХХІ  ғасырдың жан-жақты, зерделі адамдарын қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Ағайымыздың білім алушылары өз жетістіктерін аудан, облыс, республика аралықтағы олимпиадаларда дәлелдеуде. 2017ж аудандық пән олимпиадасына Сұлтан Жансая  11-сынып оқушысы қатысып  жүлделі орынға ие болды.

«Білім беру саласының үздігі» республикалық ғылыми жұмыс байқауына қатысып жүлделі орныға ие болып. «Білім беру саласының үздігі»  төс белгісімен марапатталды. Сабыр Турусбекович жаңашылдыққа құштарлығы артып, белсенділік танытып келеді. Мұндай қарқынның білім сапасын дамытуда септігі мол болары сөзсіз.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master