Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайыс сабақ

Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайыс сабақ

 

Болат Анарбекұлы Құрманов

АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушы,

№21 жалпы орта білім беретін мектебі,

Семей қаласы.ШҚО

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың білім деңгейін, білімділігі мен алғырлығын арттыру.
  2. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын,ептілігін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  3. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Тәрбиелік мақсаты:Елін, жерін, халқын сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, шығармашылық өз бетінше іздену.іс жүзінде көрсету.

Сабақтың эпиграфы: Білім алу – батылдық, оны толықтыру даналық, ал шебер қолдана білу – өнер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1-жүргізуші :

Армысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай сыныптағы оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған,«Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер төккен.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
Көк байрақтың бетінде
Қырай құстың бейнесі
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты, – дегендей, сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп  Ш.Уәлиханов, «Ғылыми майданның жауынгері тек үнемі іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтпаев атамыз,

«Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет» – деп елбасы Н.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз

Білімімен тәнті етеді тектілер,

Мұратыңа білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салыңдар.

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойын ойнап көріңдер.

Сайысқа қатысушылар:II-ші взвод  командасы  қатысады.

1-жүргізуші :

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда,− дегендей, бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таныстырып өтейік:

Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Алдарыңызға 1-ші бөлімше ұландарын шақырамыз,бөлімше командирі_______________
2-жүргізуші:

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,
Бұл мектепті өздері қалап таңдапты.
Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды
ортамызға шақырамыз  мектебіміздің – II-ші бөлімшені, бөлімше командирі_________

1-жүргізуші:

Достық пен татулықты тәжім еткен
Өзінің тапқырлығын аңыз еткен
III-ші бөлімшенің қырандары
Дуылдатып көркі етсін бұл жарысты!

III-ші бөлімше командирі – ____________________________
2-жүргізуші :

Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі байқауда сіздерге үлкен сәттілік тілейміз!

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар.

Бас төреші __________________________________________________________________

2-жүргізуші:

Ендігі кезекте байқаудың шарттарымен таныстырып өтейік.Сайысымыз 6-кезеңнен тұрады:

1-кезең:«Сәлем − сөздің анасы»атты сайыс.Әр бөлімше ұраны мен бөлімшесін таныстырады.

2-кезең:«Сөз байлығы елде» атты сайыс. Батырлық,ерлік туралы мақал –мәтелді жалғастыру

3-кезең:«Өнерпаздар» сайысы. Әр команда өздерінің өнерлерін көрсетеді.

4-кезең:“Қанша білсең, ізден тағы, Жас Ұлан!”атты сайысы.Бұл саты барысында ойынға қатысушы бөлімшелергеалғашқы әскери дайындық пәні бойынша 6-конвертте 10 сұрақтан ұсынған  сұрақтарға жауап береді,  дұрыс жауап берген әрбір сұраққа бір балданберіледі.

5-кезең: Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау , оқжатарды жарақтау, газтұмылдырықты уақытқа кию жарысы

6-Қорытындылау.

Мұқағали ағамыз айтқандай: Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қорболмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,- деп

«Сәлем − сөздің анасы» деп аталатынбірінші кезеңімізді бастаймыз.

І. Әр бөлімшенің ұраны мен бөлімшесін таныстырады.

1-ші бөлімше

Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр» тобының ұраны:   «Ерлік – ел мұраты»

Батырлар танылады даңқыменен,

Батыр боп бабалардың салтыменен,

Қарсылас командалар жеңе алады,

Білімпаз батырлықтың қалпыменен.

II-ші бөлімше

Қайрат Рыскулбеков атындағы «Қыран» тобының ұраны. «Ел қалаған ұл-қыздар, ел көгінде жұлдыздар»

Ұшақтанда ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз.

III-ші бөлімше

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сұңқар» тобының ұраны «Намысты ұл мен қыз- ұлт тірегі»

Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па.
Қуып жету жақсы ғой ,
Озып шығу бір басқа

1-жүргізуші:

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім, – деп сайысымыздың «Сөз байлығы елде» деп аталатын екінші кезеңін бастаймыз.

ІІ.  « Мақал айтсаң, жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды жайландырдың» демекші келесі кезек батыр,ерлік туралы мақал –мәтелді жалғастыру:

Мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, командалар мақал-мәтелді ары қарай жалғастыру керек.

2-жүргізуші:

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

«Кіммықты?» десебіреуОтан дер ем.

Отысөнгенжалғандажан барсың ба,

Ойланбай-ақкелдағы от ал менен.

Сайысымыздың үшінші кезеңі

ІІІ. «Өнерпаздарсайысы.Әр команда өздерінің өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші:

Ал,Жас Ұландар,

Ойланып бір көріңдер,

Сендерге сұрақ беремін,

Толғанып жауап беріңдер төртінші кезең

ІV. Қанша білсең, ізден тағы Жас Ұлан!”атты сайысы.

Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымызды бастайық!
Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдіден шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

1-конверт

  1. Б.Момышұлының әскери атағы қандай? ( гвардия полковник)
  2. Инженерлік, химиялық, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік және т. б. әскерлері қандай әскер түрлеріне жатады.(Арнайы)
  3. Калашников автоматыныңкалибріқанша? (5,45 мм)
  4. Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай қарумен қаруланады?(Қынаптағы сүңгі пышақпен)
  5. Бір-біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте әскери атақтары бірдей болса, қайсысы бастық болып саналады?(Лауазымы бойынша жоғары тұрғаны)
  6. Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар қандай жауапкершілікке тартылады? (Тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке)
  7. Өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаушы қарулы әскери қызметші кімдер деп аталады.(Сақшы)
  8. Калашников автоматының жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы қанша?

(3,6 кг)

  1. ҚР ҚК әскерижарғыларыната? (саптық, тәртіп, ішкіқызмет, гарнизондықжәне қарауылдық жарғы)
  2. Қарауылдың саны неге байланыстыболады? (постыларсанына)

2 конверт

1.Құрлықта генерал-майор, ал кемелік әскери атағын атаңыз? (Контр-адмирал)

  1. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқаратын әскер .(Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары
  2. ҚР Президенті Әскери антты қай жылы бекітті? (1992 ж 25 тамыз)
  3. Калашников автоматы қайжылышықты? (1947 ж)
  4. Жалауларды зерттейтін ғылым қалай аталады? (геральдика)
  5. Ротаның тәуліктік нарядының қаруы? (сүңгі-пышақ)
  6. Қазармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді? (Рота бойынша тәуліктік кезекші)
  7. Саптықадымменжүргендеминутынақаншаадымжасалады? (110-120)
  8. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады? (рота бойынша кезекшіге)
  9. ҚР ҚК бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
  • Конверт
  1. Калашников Автоматы оқжатарының сыйымдылығы? (30 оқ)
  2. Қарауылдық қызметті атқару не болып табылады? (жауынгерлік тапсырманы орындау)
  3. Ракеталар мен оқ – дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару – жарақпен , техникамен , оқ – дәрілермен қамтамасыз ету және әскери – техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару – жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған әскер(Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері)
  4. Ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайтын жарғы.( ішкі қызмет жарғысы)
  5. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше недеп аталады? (Қарауыл)
  6. ҚР ҚК қай жылы құрылды? (1992 ж 7 мамыр)
  7. Халық қаhарманы Мұхтар Алтынбаевтың әскери атағы? (армия генералы)
  8. Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз ететін әскер түрі? (Байланыс әскері)
  9. Жоғарыофицерлерқұрамын өсу бойынша атаңыз.(Генерал-майор,генерал-лейтенант,генерал-полковник,армия генералы) +
  10. Бағыныштылар мен кіші шенділер қызмет бабымен бастықтар мен аға шенділерге қалайша тіл қатады? (мырза)
  • конверт
  1. Бірінші дүниежүзілік соғысы қай жылы басталды? (1914 ж)
  2. Қарсыластың адам күшін жоюға арналған жеке қаруы? (Калашников автоматы) +
  3. Саптық адыммен жүргенде аяқ жерден қанша көтерілу керек? (15-20 см) +
  4. Ротаның тәуліктік нарядына кімдер тағайындалады?( Рота бойынша кезекші, рота бойынша тәуліктік кезекші) +
  5. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайтын әскер түрі (Инженерлік әскері) +
  6. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады? (рота бойынша кезекшіге) +
  7. Әскери қызметтің басталған күні деп саналатын күнді атаңыз(әскери антты қабылдаған күн)
  8. Сақшы кімге қаруын бере алады (өзінің таратушысына не караул бастығына)
  9. Кіші офицерлер құрамын атаңыз (лейтенант,аға лейтенант,капитан)
  10. Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс Министрі кім?(С.Нұрмағанбетов)

5-конверт

  1. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін қанша қазақстандық (қазақ) Кеңес

Одағының Батыры атанды?            497(97)

  1. 2. ҚР Қарулы Күштерінің бірінші жарғылары қашан қабылданды? ( 27.11.1998)

3.Сарбаздар  құрамына кіретіндер (қатардағы жауынгер,ефрейтор)

  1. Онсыз әскери қызметті іске асыру мүмкін емес рәсімді атаңыз (әскери ант қабылдау)
  2. Құрлық әскерлерінің басты екпінді күші қандай әскер? (танк әскері)
  3. Старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін бастық кім (кіші офицерлер)
  4. Әскери қызметшілердің ұрыс алаңында қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс әрекеттерінің тәсілдері қандай жарғымен айқындалады? (Ұрыстық жарғы)

8.Әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым қатынастары негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін қандай жарғымен айқындалады? ( Ішкі қызмет жарғысы)

  1. АК-47 алғаш рет қай жерде құрастырылды? Қазақстанда Матай станциясында
  2. Әскери қызметшелердің,бөлімшелер мен бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы орналасуын не дейміз? (сап)

6 конверт 

  1. ҚР Қарулы Күштерінің соңғы жарғылары қашан қабылданды? (5.07.2007).
  2. «Қанатты жаяу әскер» деп кімдерді айтады? ( Мотоатқыштар әскерін)

3.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл 16 желтоқсан)

  1. Әскери тәртіптің түсінігі мен мәні әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттері қандай жарғымен айқындалады? (Тәртіптік жарғы)
  2. «Еркін тұр!» пәрмені бойынша әскери қызметшінің міндеті? (оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап,орнынан кетпей,назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұруы керек)

6.Қатардағы жауынгердің тікелей бастығы?  (бөлімше командирі)

  1. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауы автоматтын қай бөлігіне қосылады? (ұңғы қорабына)

8.Қай жарғыда әскери анттың мәтіні берілген?  (ішкі қызмет жарғысы)

  1. Шығыс әскери өңірлік қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Семей)
  2. Автоматты толық емес бөлшектеу неден басталады? (оқжатарды алу)

2-жүргізуші:

Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?- деп Махамбет батыр жырлағандай келесі кезеңімізді бастайық!

V.Автоматты бөлшектеу және жинақтау , оқжатарды жарақтау, газтұмылдырықты уақытқа кию жарысы

Сайыскердің бәрі бірдей болмайды,

Сайыстың қызығына толмайды.

Әскери білімдерін көрсетпей қоймайды ендеше шақырайық ортаға

  1. Әр бөлімшеденекіоқушы (ұл,қыз) шығып, қыз бала уақытқа автоматты толық емес бөлектейді,ұл бала жинақтайды
  2. Екі оқушыдан оқжатарды жарақтау жарысы Қыз бала оқжатардан оқты алады,ұл бала оқжатарға оқты салады.
  3. Бір оқушы (ұл) газтұмылдырықты уақытқа киеді.

1-жүргізуші:

VІ. Қорытындылау:

Жарыс  заңы  ежелден-

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарайды.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы алқасына  сөз  кезегін   береміз. (Әділқазыларды  тыңдауәділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)

2-жүргізуші:

Қазақстан – көп ұлысты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінгі елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.
Қазақстан едәуір алға дамып, әр басқан қадамы тарихтың жарқын беттерінде ізі қалды.
Бүгінгі біздің Тәуелсіздігіміздің -25 жылдығына арналған сыныптағы оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтағымыз  келеді.
Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

1-жүргізуші:

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!Алға, Қазақстан! деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

«Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайыс сабақ

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master