«Біз еліміздің жас қорғаушыларымыз»атты бағдарламаның сценарийі

 «Біз еліміздің жас қорғаушыларымыз»атты бағдарламаның сценарийі

Мақсаты:

  • Оқушылардың әскери-патриоттық іс-шараларына деген қызығушылығын арттыру;
    • Дене шынықтырудан жаттықтыру сабақтарын нығайту және теориялық білімдерін далалық жағдайда қолдана білу;.
    • Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене шынықтыру деңгейін, күш-қуаттары мен төзімділіктерін арттыру;
    • Достық, жолдастық, бір- біріне көмек көрсету сезімдерін тәрбиелеу
  • Өткен және қазіргі кездегі еліміздің тарихына құрмет көрсету.

Жарысқа қатысушылар сапқа тұрғызылады:

Баянат:

Жарысқа қатысушылар түзел. Тік тұр!

Директор мырза!

ҰОС жеңісіне 72 жыл,ҚР ҚКүштерінің құрылуына 25 жыл толуына орай  салтанатты әскери спорттық жарыс жиынына жарысқа қатысушылар сапта тұр!

Жарыс Бас төрешісі запастағы майор Құрманов

Мектеп директорының сәлемдесуі

Сәлеметсіздер ме жарысқа қатысушылар!

Сәлеметсізбе директор мырза!

Жарысқа қатысушыларды құттықтау!

УРА,УРА,УРА!!!

Еркін тұр!

Жүргізуші:

Ту көтеріп жатқанда:

Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Мемлекеттік туымнан,

Күн шығып тұр жарқырап.

Әнұраны елімнің

Шарықтасын көгінде.

Береке, бірлік, ынтымақ

Сақталып мәңгі елімде.

Орындалсын мемлекеттік әнұран (Әнұран орындалады)

Жүргізуші: 

Қайырлы күн, құрметті ҰОС және тыл ардагерлер,Қарулы күштер ардагерлер,  қонақтары, жарысқа қатысушылар ! ҰОС жеңісіне 72 жыл, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған  жолдастық «Біз еліміздің жас қорғаушыларымыз» әскери–спорттық эстафетасы жарысының ашылуына  қош келдіңіздер!!!

Осы салтанатты жиынымызға Қарулы күштер  ардагерлерімізбен құрметті қонақтарымыз қатысып отыр:

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Қалалық Қорғаныс істер жөніндегі басқарма  бастығы  _______________________________________________________________

Таджик ауған соғысы  ардагерлері: __________________________________

_____________________________________________________________

Жүргізуші:

Тәуелсіз Отанын қорғау әр жас ұланның борышы. Уақыт өте келе заман талабына сай ер – жігіттердің  көзқарастары өзгергенімен, ең маңызды Отан қорғаушы, әскери борышын батылдықпен орындау құндылығы еш өзгермейді.

құттықтау сөзі: Мектеп директоры Тоқтарбек Зейнелұлы Зейнелов мырзаға беріледі.

Жүргізуші:

Жас ұландар болашағы елімнің

Тәуелсіздік туын көкке шырқаған

Тұрар алдында азаматтық борышы

Күн көзінде мақтанып нұр шашқан

№21 мектебінің оқушылары арнайы өлең жырларын дайындаған екен,

Орындайтын ______сынып оқушысы_____________________________

Ән_______________________

Жүргізуші:  

Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан құшағын кеңге сермеп, өзінің қуаты мол, нарықтық  экономикасы бар демократиялық мемлекет екенін әлемге танытты. ҚР әлемдік деңгейде өзге мемлекеттер мойындауы елбасының абыройының шоқтығы биік тұлға екендігін тағы да дәлелдей түсті. Бүгінгі таңда біз 30 дамыған алпауыт елдер қатарына кіру табалдырығында тұрмыз. Бұған еліміздің Қарулы күштер әскері өлшеусіз үлесті қосуда.

Сөз кезегі: Қалалық Қорғаныс істер жөніндегі басқарма  бастығы ____________________________________________ мырзаға беріледі.

Жүргізуші:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс және Отан қорғаушылар күнімен!

құттықтау сөз: Қарулы күштер ардагерлері ___________________________________________________________беріледі .

Ән_______________№21 мектебінің оқушысы ____________________

Орындайды

Жүргізуші:

Мамырдың мамыржай күндерімен,майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын,ардақты азаматтар!Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын,бітер дәулеттің көл көсірін,келер ырыстың ысырап болмауын,жүрек гүлінің мәңгі солмауын,шаңырағыңа шаттық орнауын,Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:Бар жақсылық,бар бақыт бұйырсын деп.

Келесі кезекте атаулы мерекеге арналған «Біз еліміздің жас қорғаушыларымыз» әскери–спорттық эстафетасы жарыстытамашалауға шақырамыз!!!

«Біз еліміздің жас қорғаушыларымыз» әскери–спорттық эстафетасы жарысыныңбағдарламасымен таныстыру үшін

Сөз кезегі: жарыс бас төрешісі запастағы майор Құрманов Болат Анарбекұлына беріледі.

1-ші кезең:

Әскериленген эстафеталық жарыс

а) Эстафета « Оқжатарды жарақтау»-2 оқушы

б)Эстафета « Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау »- 2 оқушы

в)Эстафета «Гир тасын көтеру» 16 кг-1 оқушы

г)Эстафета «Жалпы әскери қорғаныш толымын плащ түрінде кию»-1 оқушы

2- ші кезең:

«Көзделген нысанаға граната лақтыру» – 2 оқушы

Пневматикалық мылтық ату-2 оқушы командир 1 оқушы

Кермеге тартылу-  1 оқушы

Бетімен жатып кеудені жерден көтеру (отжимание) 1-минут- 1 оқушы

3-ші кезең. Жеңімпаздарды мадақтау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master