Дыбыс пен әріп

Cабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың дыбысқа байланысты алған білімдерін жинақтап бекіту. Алған білімдерін тақылау арқылы өз ойларын еркін айтуға, өз бетінше жұмыс істеуге, сөз мағынасын түсініп, дұрыс байланыстырып сөйлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Сөздерге дыбыстық талдау дұрыс жасату арқылы ақыл – ойын дамыту,сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық сезімін ояту, Отанын қорғауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, логикалық ойындар, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, СТО сематикалық карта, шарлар, киіз үй макеті, интертақта,  әріптер, сандықша және т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, түгендеу
ә) шаттық шеңбері
Оқушыларды шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы лебіздерін айтқызу.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

1-топ Көк байрақ   (көк түс)

2-топ Жасыл жайлау  (жасыл түс)

3-топ Қызыл телпек  (қызыл түс)

Үстелдің үстінде түрлі-түсті шарларды әр оқушы таңдап алады. Таңдаған түстеріне байланысты орындарына жайғасып отырады.
Оқушылар мен сендерді сабаққа жауап берулеріңе қарай бағалау парағы арқылы бағалаймын.
Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні Сұрақ-жауап Білгенге маржан Алтын сандық Таңғажайып алаң Балық аулау Сематика-лық кесте Қорытынды баға
               
               
               
               

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
201 бет, 5 – жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып. Ю әрпі бар сөздердің асытын сыз. Ю әрпінің қандай дыбыстардан құралғанын айт.
Юбкасын көрсетіп,
Юля пілге мақтанды.
Юнкер торғай қорс етіп,
Юпитерге аттанды.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар мен сендермен жаңа сабақ бастамас бұрын қолымыздағы алған түрлі-түсті шарларымыздың бет жағында әріптер жазылған. Сендер сол әріптерден сөз құрауларың керек.
-Балалар қане қандай сөз құрадыңдар, көрейік (дыбыс пен әріп) Демек бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Дыбыс пен әріп» тақырыбын қайталайды екенбіз. Сабақтың мақсатын хабарлау.

1-2- слайдты ашу.

Бізге бұл тақырып таныс. Олай болса, алған білімдерімізді еске түсірейік.
Сұрақтары:
1) Қазақ әліпбиінде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
2) Дыбыс дегеніміз не?
3) Әріп дегеніміз не?
4) Дауысты және дауыссыз дыбыстар қанша?
5) Дауысты дыбыстар қаншаға бөлінеді?
6) Дауыссыз дыбыстар қаншаға бөлінеді?
Бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімімізді одан әрі жетілдіреміз. Дәптермен жұмыс.                                                                                                                   Енді бәріміз дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін жазыңдар.
3-слайдтағы тапсырмаға назар аударындар.
«Білгенге маржан»  айдары бойынша әр топқа жеке жұмбақтар жасырылады.

Шешуін үш тілде айтады. Жауабы болған сөдерді дәптерге жазып, дыбыстық талдау жасайды.

1-топқа

Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қол басшысы

Жауабы: мұғалім- учител- teacher

2-топқа

Қысқа таяқ діңі бар

Шиырлаған ізінде

Сайрап тұрған тілі бар    Жауабы: қарындаш- карандаш-pencil

3-топқа

Тұрады ылғи сөреде

Іші толған өнеге

Жауабы: Кітап-книга-book

4-слайд «Алтын сандық» Әр топ сандықшалар тандау арқылы тапсырмаларды орындайды.

1-сандықшаның тапсырмасы.

2-сандықшаның тапсырмасы.

3-сандықшаның тапсырмасы

4-сандықшаның тапсырмасы.

5-сандықшаның тапсырмасы.

6-сандықшаның тапсырмасы.

7-сандықшаның тапсырмасы.

8-сандықшаның тапсырмасы.

9-сандықшаның тапсырмасы.                                                                                                                         

5-слайд.  Сергіту сәті.  АКТ арқылы сергіту сәтіне би қимылдарын жасату.

6-слайд. «Таңғажайып алаң»

1-топтың сұрағы.

2-топтың сұрағы

3-топтың сұрағы

ІV. Сабақты қорытындылау
– Балалар, сендер бағанадан бері өздерінің білімдеріңді көрсетіңдер. Жарайсыңдар! Енді осы үйренгендерімізді тағы да бір пысықтап, сабағымызды қорытындылайық. Ол үшін сендерге сематикалық карта таратылып беріледі. Сематикалық картаны толтырып белгілейміз.
V. Үйге тапсырма.
202 беттегі, 1 – жаттығу Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша Қазақстан халықтарының достығы мерекесіне орай әңгіме құрастыр. Құрастырған әңгіменің алғашқы үш сөйлемін жаз. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлері бар? Қосымша мағұлматтар жинап келу.
VІ. Бағалау. Әр оқушының бағалау парағына қарай бағалау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master