«Мінез-адам  көрсеткіші»

Бекітемін:

Тақырып:  «Мінез-адам  көрсеткіші»

Өзін-өзі тану

Құндылық: сүйіспеншілік немесе  махаббат құндылығы

Қасиеттер: адамгершілік қасиеті

Ресурстар: үнтаспа, суреттер, оқулық, дәптер.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың  мінез-құлық  туралы  түсініктерін  кеңейту.

Сабақтың міндеттері: 

-мінездегі  жетістіктер  мен  міндерді  ажырата  білуге  үйрету;

-жақсы  мінез  қалыртастыруға  ықпал  ету;

-адамгершілікке   тәрбиелеу.

І. САБАҚТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

ІІ. ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ       

-Балалар,көзімізді жұмып табиғат аясында отырмыз деп елестетейік

(Баяу күй ойнайды)

  • Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз. Денеңізді босатып, тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған даусы естіледі. Сіз жеңіл демалудасыз, сіз күш-қуатқа толысыз. Жер-Анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!

ІІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

“АР-НАМЫС КЕРЕК АДАМҒА” тақырыбындағы мәтінді сұрақтар қою арқылы  мазмұнын әңгімелеу.

А) Абай. Отыз алтыншы сөз

Ә) Дәйексөз

Қорытынды жасау (оқушылар)

  1. ЖАҢА САБАҚ

а) Кітаппен жұмыс

Өлеңді  тақырыппен  байланыстыру  мақсатында  оқушылардың  назарын  өлеңнің  мазмұнына  аударады.Өлеңнің  сөзі  жақсы  мінез –құлыққа  тән  қасиеттерге  толы  екенін  оқушылар  өз  сөзімен  айтып   шығады.

 

                                                          

  Қ.Нақысбеков

Жақсы  мінез ,жылы  сөз-жан  дәруі,

Жігіттің керек мұны  аңғаруы.

Бейпіл  сөйлеп ,тік  мінез   танытқанның

Тіптен  оңайадасып,сандалуы.

 

Мінездер  бар жақсы-жаман ,әр-алуан,

Әдептілік,әділдіктен нәр  алған.

Кең  болғанның кем  болғанын  көрмедім,

Теңізге  ұқсап  тасып жатқан  шараңнан.

Әңгімелесу

Адам  өмірі – іс-әрекеттер  тізбегінен,басқалардың  әрекеттерін  қабылдаудан  және  оларға  деген  түрлі  көз  қарастардан  тұрады.Кез  келген  әрекетті  дұрыс  түсініп ,қабылдай  білу  әркімнің  қолынан  келмейді.Алайда  адамның  өзін  осы  қабілетке   баулып,тәрбиелеуге  мүмкіндігі  мол.Оқулықтағы «Ойланайық,пікірлесейік»айдарымен  берілген  сұрақтар  мінез –құлықтың адамның  қарым-қатынас  жасауында  алатын  орны ,адамның  өз  мінезін  өзгерте  алатындығы ,оның  үнемі  өзіне-өзі   сын   көзбен   қарай   отырып, өзін-өзі  тәрбиелеуі  жөніндегі  тақырып  айналасында  жүргізіледі.

 

  • Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші»болады  деп  ойлайсыз?
  • Адамның жақсы  мінезіне  нелер  жатады?
  • Мінезі жаман  адамда  жақсы  қасиет  бола  ма?
  • Жаман мінезді  қалай  түзеуге  болады  деп ,ойлайсыз?

Ә) Мәтінмен  жұмыс 

Жаңа  сабақтың  мазмұнын  аша  түсу  үшін  және  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста   мінез-құлықтың  орнын  түсіндіру  мақсатында  оқушыларға  А.Құнанбаевтың  өлеңін  оқу  ұсынылады.

                                                                                

                                               Абай

Ойға  түстім,толғандым,

Өз  мінімді  қолға  алдым,

Мінезіме  көз  салдым,

Тексеруге  ойландым.

Өзіме-өзім  жақпадым,

Енді  қайда  сыя  алдым?

Бойдағы  мінді  санасам,

Тау  тасынан  аз  емес .

Жүрегімді  байқасам,

Инедейін  таза  емес.

Аршып  алып  тастауға,

Апандағы саз емес.

 

  • Абай айтқан  адам  бойындағы  міндердің  бүгінгі  күндегі  көріністері  қандай?
  • Сіз өз  бойыңыздағы  мініңіз  туралы  ойланып  көрдіңіз  бе?

Тапсырма Берілген  мәтінді  оқып,  ойыңызды  ортаға  салыңыз.

Оқулықта  «Тапсырма»  айдарымен  В.А.Сухомлинскийдің  өсиет  сөздері  берілген.Бұл  өсиет  сөздердің  берілу  мақсаты –жақсы   мінез-құлық  адам  өмірін  нәрлендіретіндігін, шынайы  бақытқа  қол  жеткізуіне,  адами қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік беретін  оқушыларға  ұғындыру  болып  табылады.

                                                                                         

                                     В.А.Сухомлинский

Кішкентайыңнан-ақ  уәдеге,антқа  берік  болуды  үйрен.Уәдеге  берік  болу-сенің  жеке  басыңның  абыройы.Өзіңе-өзің  ие  бол.Өзіңе-өзің  әмір  етуді  кішкентайыңнан  үйрен.Мойның  жар  бермейтін,бірақ  істеуге  керек  нәрсені  атқаруға  өзіңді-өзің  үйрете  біл.

Адамдарға   залымдық   ойлама,адамдарды  ренжітпе,адамдардың  жанын   ауы ртпа,мазасын  алма,тыныштығын  кетірме.

Кінәңді  сезіну –тәрбиелі  адамның  инабатты  сезімі.Ол-арыңның  ұяты,адамгершілік  тазалықтың,көргенділіктің  белгісі.

Сенің  ақылсыз,дөрекі  әрі  немқұрайды  айтылған  бір ауыз  сөзің  оны  өкпелететінін,жанына  бататынын   абыржу  туғызып,таң  қалдырып,әбігерге  түсіретінін  білген  дұрыс.

Екіжүзділік,жағымпаздық,ымырашылдық – бұл  үлкен  бәле.Құбылып  тұратын  бұл  бәлелерді  тани  білуді  үйрен,оларға  төзбе,олармкен  келіспе.

Жамандықты көргенде,оған  қарсы  күрессем бе  немесе  көзді  жұмып   өте  шықсам  ба  екен  деп   ойланып  жатпа.Жүрегің  мен  ар-намысың  қалай   әмір  етсе,солай  қимылда.Игі  сезімдер-ар-намыстың  сенімді  қорғаны.

Адамның  адамшылығын  қорлау,өзін  ғана  құрметтеуге   тұрарлық   адамға  санап,ал  басқаны  шыбын  құрлы  көрмеушілік-жамандықтың  зоры  осы.

Біздің   кейбір   азаматтардың   жалқаулығы,салақтығы,ауырдың  устімен  жүруге  ұмытылатыны-жамандықтың   ең  зоры   осы.Бұл  бәлемен   де  келісуші   болма!

Пайдакүнемдік-зор  бәле.Пайдакүнем  адам  шыншыл   да  бола  алмайды,принципті  де,қайсар  да,өз  борышына  адал  да   бола  алмайды.Кішкентайыңнан  қанағат  қылып  үйрен.

Өзіңнің  ғана  емес,өзгенің  де,  қоғамның  барлық  адамдарының,сондай-ақ жеке  адамның  бақыты  мен  қуанышына  бола  жасалған  бүкіл  қоғамға  тән  байлық  сен үшін  де  қымбат  болуға  тиіс.

Зор  бәленің  бірі –қызғаншақтық,жолдасыңның  қол  жеткен  табыстарын  қызғанба,қайта  қуан.Бірақ  қуана  отырып ,одан  озуға  тырыс.

  • Адам бойында  қандай  жағымды,жағымсыз  қасиеттер  болады?
  • Өз мінезіңіз  туралы  не  айтар  едіңіз?
  1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

Мына мінездерге берген түсініктерін сәйкестендір

 

Жібектей есілген мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән
Тентек ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.
Дөкір сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән
Кесір -жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.
Кербез -бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.
Паң -тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.
Мақтаншақ -жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.
Тура мінез- қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән
Шапшаңшыл – ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән.

 

VІ. Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

  1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса – «1».

 

  1. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса – «2».

 

  1. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса – «2».

  1. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса – «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

 

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» – (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» – ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» – өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» – тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» – мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» – бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.

«2121» – бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» – өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» – жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» – әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» – досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» – адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» – (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» – рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» – өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» – жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

 

VІІ. Үй тапсырмасы:

 

  1. Өзіңіздің қандай  екеніңізді  білу  үшін, өзіңізге  сыни  көзқараспен   қараңыз. Мына  сұрақтарға  жауап  беріңіз:
  • Менің мінезімнің  күшті  жақтары  қандай ?
  • Менің мінезімнің  осал  жақтары  қандай?
  • Басқаларды мен  қалай  қабылдаймын(жақсы  жаман  ба?)?
  • Мені қанаттандыратын  не?
  • Мені не қобалжытады?
  • Менің туған-туыс,достармен  қарым-қатынасым  қандай?
  • Мен қиындықтар  мен  шиеленіскен  қарым – қатынасқа   қалай  қараймын?
  • Мен қарым-қатынас  жасайтындармен  өзімді  әр  түрлі  ұстаймын  ба,онда  менің  адамгершілік  қағидаларым  өзгере  ме?

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master