Жылу құбылыстары      Тест А-2

Жылу құбылыстары                                                                                                 Тест А-2

 

1.Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?

а) жылу өткізгіштік; б) сәуле шығару; в) конвекция; г) жылу өткізгіштік және конвекция;  д) сәуле шығару және конвекция.

  1. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460.Бұл сан нені білдіреді?

а) кез-келген массадағы темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

б) 1кг темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

в) 1кг темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

г) кез-келген массадағы темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;

д) 0ºC-тағы 1кг темір 460 Дж жылу бөліп шығарады.

3.Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы…

а) 347 ; б) 390 ; в) 293 ; г) 3510 ; д) 1560 .

4.Төменде келтірілген әрекеттердің қайсысында дененің (мұз, су) ішкі энергиясы өзгермейді?

а) мұз кесегін тоңазытқыштан алып, тарелкаға салады;

б) мұз кесегі тарелкада 0ºС-қа дейін қызады;

в) 0ºС температурада мұз ериді;

г) пайда болған суды шәугімге құяды;

д) шәугімдегі суды қайнатады.

  1. Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?

а) 50 ºC;   б) 63 ºC;   в)  55 ºC;       г) 75 ºC.

6.Екі бірдей қорғасын шар бір-біріне қарама-қарсы бағытта және 2жылдамдықпен қозғалып келеді. Шарлардың серпімсіз соқтығысуы нәтижесінде олардың температуралары … шамасына артады.

а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

7.Екі стакан сумен тәжірибе жасалды.Бірінші стакандағы суды 1Дж жылу ала отырып, салқындатты. Екінші стаканды 1Дж жұмыс атқара отырып, биікке көтеріп қойды.Бірінші және екінші стакандағы судың ішкі энергиялары өзгерді ме?

а) біріншіде және екіншіде де азайды; б) біріншіде азайды, екіншіде артты; в) біріншіде де, екіншіде де өзгермеді; г) біріншіде өзгермеді, екіншіде азайды; д) біріншіде азайды, екіншіде өзгермеді.

8.Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек?

а) ≈213м;   б) ≈319м;   в) ≈429м;   г) ≈535м;   д) ≈268м.

  1. 2.Егер калориметрде жылу сыйымдылықтары бірдей, бірақ массалары әртүрлі (m), және температуралары әртүрлі (t) екі сұйықты араластырса, онда қоспаның температурасы …

а) ;   б)  ;    в)  ;    г) ;    д) .

  1. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды?

а) меншікті булану жылуы; б) меншікті жану жылуы;  в) меншікті балқу жылуы;

г) меншікті жылу сыйымдылық; д) жылу өткізгіштік.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master