Зейін сигналы

Өтетін орны: Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі

Өтілетін уақыты: 08.09.2013 жыл сағат: 11.00.

Зейін сигналы

Ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші:

Сәлем, шәкірт балалар!

Сурет, сызу сала алар

Оқушылар дарынды

Құттықтаймыз бәріңді!

Жаңа білім күнімен!

Жүргізуші:

-Армысыздар, қадірлі қонақтар, ата – аналар, педагогтар және оқушылар!

Жүргізуші: Бүгін алдарыңызда көктемдей құлпырған жүздерімен, жаздай жайнаған мінездерімен балалық күндерінің тағы бір жайдары жазғы демалысын өткізіп, бір жылға есейіп, ақыл тоқтата келген жеткіншектеріміз қайта  жиналып, аз уақыттың ішінде бір – біріне бауырдай болып кеткен құрбыларын көріп, қауышып, айналамызды жарқыратып, шаттыққа бөледі.

Жүргізуші:

Қымбатты  оқушылар, сендер үшін алғашқы оқу жылы басталды. Алдарыңда қызыққа толы өмір. Біз сіздермен  кездескенімізге қуаныштымыз.

Жүргізуші:

Құрметті педагогтар, ата – аналар, оқушылар жаңа  2013 – 2014 оқу жылының ашылуына арналған «Шығармашылық әлеміне қош келдіңіздер!» атты мерекелік бағдарламасын салтанатты түрде ашық деп  жариялаймыз.

Жүргізуші:

-Еліміздің қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты жастардың бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді  қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық  дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және Отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, қоғамға қарама – қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.

Демек, осы мақсатта еңбек етіп жатқан қосымша білім мен тәрбие ордасының салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік, мәпелеп,

Ұстаздардың  есімін.

Келешекке – алтын бақ,

Қосар таудай үлесін.

Жасай берсін жарқылдап,

Ұстаз аты ұлы есім.

Жүргізуші:

-Салтанатты жиынның құттықтау сөзі  Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің директоры Гүлнар Ахметжановна Шумикееваға беріледі.

ДИРЕКТОРДЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

 

Жүргізуші:

Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің шығармашыл тобын, қарсы алыңыздар!

1-оқушы:

Вот пришел желанный час,

И ты зачислен в Дом наш.

Ты, дружок, послушай нас,

Мы дадим тебе наказ.

Всем о Доме расскажи,

Честью Дома дорожи.

Содержи всегда в порядке

Книжки, краски и тетради.

2- оқушы:

Аккуратен, вежлив будь,

Быть здоровым не забудь.

Должен знать ты на «отлично»:

Драться в Доме не прилично!

Чтобы был всегда весел,

Больше пой хороших песен!

Если выполнишь наказ

Будешь ты – ну просто класс!

 

3- оқушы:

Жерінде  – бабасының,

Елінде – атасының.

Көңілінде – әжесінің,

Қолында – анасының.

Жолында – ағасының,

Төсінде – даласының,

Тапқан өз жарасымын,

Мен – қазақ баласымын!

4- оқушы:

Ұрпағымен өмір жолың жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Жүргізуші:

Мектеп негізінде оқытылатын үйрмелермен таныс болыңыздар.

№ 24 лингвистикалық гимназия негізінде «Көшбасшы» дебат клубы, жетекшісі – Абишева Гүлзат Нұрлыбекқызы;

№37 орта мектеп негізінде «Интелллектуалды ой-өрісті дамыту» үйірмесі, жетекшісі  – Ракишева Куаныш Сердалыевна;

№43 мектеп негізінде «Шахмат – дойбы» үйірмесі, жетекшісі- Байбосын Қайырғали Байбосынұлы.

Жүргізуші:

Хан сарайдай шуақты

Білім үйің ашсаңдар.

Жаңа  ынтамен қуатты,

Оқу жылын бастаңдар.

Екінші үйің енді бұл,

Жүрексінбей кел, төрлет.

Шуағын себер жолыңа,

Бізде өткен әрбір күндерің.

Жүргізуші:
Бүгінгі біздің шығармашыл педагогтармен таныстырып кетейік:

Хореография үйірмесі, жетекшісі  – Амирешева Гүлжан Макешовна;

Көркемсурет студиясы жетекшісі –  Ташимова Тұрсынай Исмагуловна;

Кружок изостудия руководитель кружка – Идрисова Гульнара Садирдиновна;

Сандық домбыра үйірмесі  жетекшісі – Ержанова Айнагүл Жұмахановна;

Домбыра үйірме жетекшісі – Алибаева Ботагөз Масхутовна;

Фортепиано үйірмесі жетекшісі – Утемисова Гульмира Укатаевна;

Ағылшын тілі үйірмесі жетекшісі – Фаруздинова Лилия Маратовна;

Ағылшын тілі үйірмесі жетекшісі – Бисенова Айжангүл Нұрлановна;

Домбыра үйірмесі жетекшісі – Бажабаев Талғат Теңізұлы;

Қазақтың қолданбалы өнері жетекшісі – Сариева Жазира Маратовна;

«Балапан» баланы ерте жастан дамыту мектебінің педагогтары:

Бекбергенова Дәмеш Кенжалықызы; Амирова Гүлназ Айтқалиқызы; Амирешева Гүлжан Макешовна; Бисенова Айжангүл Нұрлановна.

 

Жүргізуші:

Бүгінгі  біздің салтанатты жиынымыз  Қазақстан Рсспубликасының Отбасы  күні мерекесіне тұспа – тұс  келіп отыр. Отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, адамзаттық   еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы.

Жүргізуші:
Бүгінгі отбасы күні мерекесімен барлық қазақстандықтарды  құттықтаймыз.
Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі – балаларды шығармашылық қырдан дамуына көмектесетін көп бейінді қосымша білім беру мекемесі. Ол өнерлі де, талантты балаларға өзінің есігін айқара ашты.

 

Жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызға балалар және жасөспірімдер шығармашылықҮйінің домбыра үйірмесінің оқушысы Тұрғанбай Дидарды  өз өнерімен қарсы алыңыздар!

 

1.«ЕРКЕСЫЛҚЫМ» КҮЙІ

 

 

Жүргізуші:
Қазанғаптың күйі «Құс қайтару»

2.«ҚҰС ҚАЙТАРУ» КҮЙІ

Жүргізуші:

Оныншы Халықаралық фетиваль – сайысының лауреаттары  «Алтын Арай» ансамбілін «Семсер» биімен, қарсы алыңыздар!

 

3.«СЕМСЕР» БИІ

Жүргізуші:
Аманжол Төлегенді  халық күйі «Келіншекпен» қарсы алыңыздар!

4.«КЕЛІНШЕК» КҮЙІ

Жүргізуші:
Үнді биі,  қабыл алыңыздар!

5.«ҮНДІ» БИІ

Жүргізуші:
Қазанғаптың күйі «Шыныаяқ тастау», орындайтын: Қайратқызы Аяжан.

6.«ШЫНЫАЯҚ ТАСТАУ»

 

Жүргізуші:
«Не боимся дождя» биін, қабыл алыңыздар!
7.«НЕ БОИМСЯ ДОЖДЯ» БИІ

Жүргізуші:

Сусындап, білім нұрынан,

Шыңдаласың да ширайсың.

Зымырап жылдар зымыран

Тұрасың бізді қимай шын.

 

Жүргізуші:

Егемен елдің төсінде,

Шуағын шашсын арай күн.

Азамат болып өсіңдер,

Қызыға жұрттар қарайтын.

Жүргізуші:

Қымбатты ата – аналар мен құрметті оқушылар! Барлығыңызды біздің тату, үлкен, шығармашыл отбасымызға шақырамыз. Біздің білім Үйінде өз жаныңызға жақын қызықты іспен айналысып, сайыстарға қатысып, жақсы, адал достар табатыңызға сенеміз. Білім, өнер жолындағы қадамдарыңызға нұр жаусын! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master