Ұстаздық еткен жалықпас …

Жамбыл  облысы,Жуалы ауданы,

Қоңыртөбе ауылы    №21 Д.Пахомов

орта мектебінің  география   пәнінің мұғалімі

Лебаева  Айгуль Абдезимовна

                                                                                                                                                             

                                                                                          

Ұстаздық еткен жалықпас …

 

“Ұстаздық  ұлы қызмет,”дейді дана халқымыз. Балаға білгенін үйретуден жалықпай, болашағына білімнен шырақ жаққан ұлағатты ұстаз          Абышова Улбике Сұлтановна Жуалы ауданы, Қоңыртөбе ауылындағы №21Д.Пахомов атындағы орта мектебінде   тарих пәнінің мұғалімі  болып еңбек етуде. Өз  ісіне тиянақты, іскер, тәжірибелі  ұстаз, байсалды, салмақты мінезімен, жан-жақты білімділігімен,  ізденімпаздылығымен  ұжымда  қадірлі.

Абышова Улбике Сұлтанқызы  кез келген жанның көңілінің тетігін тауып, еңбекке жұмылдыра білетін қасиетімен барлығымызды бірден баурап алды. Адамгершілігі жоғары,білгір ұстаз,  ұжымда қашан да беделі биік. Оның айналасына шуақ шашып жүретін адалдығы мен жайдары мінезі,кез келген педагогикалық ситуациядан  жол таба білетін пайымы, үлкенге құрметі,кішіге ізеті айналасын өзіне баурай түседі.Оның ұстазға тән ізгі болмысы да осында.

Білім саласындағы өзгеріске ,жаңашылдыққа ықпал етуші тұлға .         Тұлға  құзіреттілігін дамытуда ұстаз білім беру мазмұнын жетілдіруі тиіс.   Ол үшін баланы субьект ретінде қарап, оқу ісіне қызықтыратын ,қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның  бастысы   оқу үрдісін жаңаша  ұйымдастыру. Оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу ,әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі  арқылы іске асады. Мұғалім   бағыт   беруші,ұйымдастырушы.

Осы орайда ұстазымыз шәкіртімен  «Ұлы дала елі» тақырыбындағы республикалық форумға қатысып шәкірті Кемелбек Рашид Қалдыбекұлы  екеуі олжамен оралды. Бұл форум «Өрлеу» филиалының 5 жылдығына арналған еді.

«Бақ қонған жұмақ мекені» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғаған шікірті Кемелбек Рашид Қалдыбекұлы  дипломмен марапатталып,жүлдені қаанжығасына байлады.

Ең үздік жұмысты ұсынғаны үшін Абышова Улбике Сұлтанқызыда диплом және жүлделі сыйлықпен марапатталды.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master