Иванов Азарий Иванович «Полька»

Сабақтың тақырыбы:     Иванов Азарий Иванович «Полька»

Сабақтың мақсаты: И.Аз. Иванов. «Полька» үйрете отырып, композитор

туралы, мағұлмат беру.

Білімділік:           Баян аспабын жетік меңгеру үшін музыкалық

сауаттылық   элементтерінен білім беру.

Дамытушылық: Шығармаларды тыңдату арқылы  оқушының есте сақтау

қабілетін,ырғақ  сезу  қабілетін, музыкалық сауатын

дамыту.

Тәрбиелік:          Оқушыны өнерді сүюге , ұйымшылдыққа,  ұлттық

құндылықтарымызды қадірлеп- қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:Композиторлардың портреттері, интерактивті тақта, слайд

суреттер,  видеолар, баян аспабы.

Пәнаралық байланыс: Сольфеджио, Өзін-өзі тану, музыка әдебиеті.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

 

І.Сабақтың барысы: Сынып тазалығы , оқушының киім үлгісі, оқу

құралдарын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Саусаққа жаттығу жасау:

*До-мажор гаммасы  –  оң қолда   лигамен ойнау

*До мажор гаммасы  –   сол қолда    стаккатомен ойнау

  1. Оқушыдан К.Чернидің өмірбаянын сұрау.

3.К.Черни. «Этюд» – жатқа ойнау.

Қатемен жұмыс жүргізу.(мех, аппликатура,динамикалық белгілер).

4.Халық әні дегеніміз не? –оқушыдан сұрау.

Халық әні дегеніміз- ұрпақтан –ұрпаққа жеткізушісі ұмыт болған әндер.

«Во поле береза стояла» (о.х.әні)  – жатқа ойнап келу.

Қатемен жұмыс жүргізу.(мех, аппликатура, динамикалық белгілер).

5.Күтілетін нәтиже: Оқушының  жаттығулар,  шығармалар  ойнау  барысында  аспапты меңгеру  қабілетінің жоғарылағаны  аңғарылады.

 

ІІІ. Оқушының музыкалық сауаттылығын дамыту:

Лига, стаккато, пауза туралы  кеңінен  дамыта отырып, жіктеп  оқушыға түсіндіру.

Лига (Итал. Легато) – үзбей жалғап ойнау.

Стаккато (Итал.Staccato-бөлу, ажырату) – Музыкада – музыкалық аспапта, әнші даусында  дыбыстарды үзіп-үзіп қысқа орындау.

Пауза- үзіліс жасау.

 

ІҮ. Жаңа  сабақ.

 

«Полька»- (Чех тілінде Pulka-жарты  адым)  – чех халқының  ұлттық  биі.  Жылдам  екпінмен,  шағын  адыммен  билейтін би, музыкалық  өлшемі 2/4.

Польканы  екі  адам  шеңбер  бойымен  билейді.  ХІХ ғ.  Словакия,  Сербия,  Венгрия,  Австрия  елдерінде  бал  биі  есебінде  таралды.

И.Аз.Иванов  «Полька»

И.Аз.Иванов  1895 жылы 10 желтоқсанда  Ресей империясы  Қазан қаласында  дүниеге келген. Педагог,  композитор,  редактор қызметін  атқарған.  Көптеген наградаларға  ие  болған.  Шығыс  музыкалық  техникумында   фортепиано  класын  бітірді.

1928-1931 ж.ж. Чкалов  қаласында  музыкалық техникумында  дәріс  береді.

1945-1953 ж.ж. Ленинград  бөлімінде  бас  редактор  қызметін  атқарады.

Баян мен акордеонға  арналған  көптеген  кітаптары  шығады.

1956 ж. 13 шілде  күні  Ленинград   облысында  дүние  салады.

 

«Полька» талдау :  Өлщемі:  2/4

Динамикасы –  mf

Лига,  стаккато

Екпіні : көңілді,  жеңіл

Кездесетін  ноталар: Сегіздік, он алтылық, ширектік.

 

Ү. Сергіту  сәті.

Сергіту сәтінің  мақсаты, оқушының  ойын  сергітіп,  рухани құндылықтармен толықтыру.

(Интерактивті  тақтадан  композитордың  шығармалары  оқушыға  тыңдатылады)

 

ҮІ. Қорытындылау.

Тест:  Интерактивті  тақтадан көрсетіледі.

1.Жаңа тақырыптың  өлшемі  қандай?

А) 3/4;  Ә) 2/4;  Б) 4/4.

  1. И.Аз.Ивановтың дүниеге келген  жері?

А)Ресей империясы Қазан қаласы

Ә) Ресей империясы Ленинград қаласы

Б) Австрияның Вена  қаласы

  1. Стаккато дегеніміз не ?

А) Үзбей жалғап  ойнау

Ә) Үзіп,  бөліп  нақты  ойнау

Б) Үзіліс  жасау.

  1. К. Черни қай жылы дүниеден  озды?

А) 1895 ж.     Ә) 1791 ж.     Б)1857 ж.

  1. Полька дегеніміз не ?

А) Чех  халқының  ұлттық  биі

Ә) Үнді  халқының  ұлттық  биі

Б) Орыс  халқының  ұлттық  биі.

 

ҮІІ. Үйге  тапсырма:

«Этюд» .К.Черни.  –  қайталау.

«Во поле береза  стояла»  (орыс. х әні) – қайталау.

«Полька»  (И.Аз.Иванов)  – нотамен  санап , екі  қолда  жүргізіп ойнау.

ҮІІІ.  Мадақтау  және  бағалау:

Оқушының  жақсы  қасиеттерін  айтып,  сабаққа  деген  құлшынысын  арттыру. Журналға  бағасын  қою.  Күнделікке үй  тапсырмасын  жазып  жіберу.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master