Тұңғыш     Президент

                                   Президент күніне    арналған   тәрбие  сағаты.

Тақырыбы: Тұңғыш     Президент

Мақсаты:  Балаларға   Н.Ә. Назарбаевтың   ҚР   тұңғыш президенті  екені

туралы   әңгімелеу,түсіндіру.

Дамытушылық:балалардың    сөздік  қорын  байыту, есте сақтау қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,  сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Н.Ә.  Назарбаевтың  суреті.

Ұйымдастыру  кезеңі:

-Балалар,  бүгін  1-ші  желтоқсан президент  күні.

Бүгін  бізге  қонақтар  келіп отыр.  Қане, балалар  қонақтармен  амандасайық.

Балалар:

-Сәлеметсіздер ме!

Шаттық  шеңбері:

Арайлап  таң  атты,

Алтын  арай  таратты.

Неткен сұлу,  неткен  көркем,

Осы  менің  туған өлкем.

Тәрбиеші:  Қане, балалар  бәріміз  орнымыздан  тұрып  қолымызды   жүрек

тұсына   қойып,  Қазақстан    Республикасының    мемлекеттік  гимн  орындайық.

Тәрбиеші:  Балалар,   рахмет!

-Балалар,   бүгін  біз  еліміздің  тұңғыш президенті  жайында  әңгімелесеміз.

-Біздің  еліміз  қалай  аталады?

-Қазақстан  Республикасы.

Тәрбиеші:  Балалар,  қараңдаршы  мына  суретте  кім, танисыңдар  ма?

Балалар:  Нұрсұлтан.  Әбішұлы  Назарбаев.

Тәрбиеші: Еліміздің  президенті кім?

Балалар:   Еліміздің  президенті  Н.Ә .Назарбаев.

Тәрбиеші:   Отан    туралы    кім  өлең   жолдарын  айтады?

1-бала:  З. Досжан

Отан  туған  еліміз,

Отан  туған  жеріміз.

Отан  ортақ  үйіміз,

Көңілді  ән  күйіміз.

2-бала:  Р. Ерәлі.                   

Елбасымыз  жолдайды,

Халқы оны  қолдайды.

Ешқашанда   орынсыз,

Шешімдері     болмайды.

Тәрбиеші: Біздің президенттің  жұмыс  орны қайда,  кім біледі?

Балалар:   Астана  қаласында.

Тәрбиеші: Дұрыс ! Астанада. Балалар  Астанада тағы  не  бар?

Балалар:   Астанада  Бәйтерек   бар.

Тәрбиеші:  Ал,  балалар сендер  рәміздерді  білесіндер  ме?

Балалар:  Иә,  білеміз.  Олар:  ту, елтаңба  және гимн

3-бала:  А. Айым

Көк аспандай   тулары,

Елім  деген  ұлдарын.

Елжірейтін  күні  бұл,

Желбірейтін  күні  бұл.

Тәрбиеші:  Тудың  түсі қандай ?

Балалар:  Көк  түс.

 Тәрбиеші:   Дұрыс.  Ол  аспанымыз  ашық  болсын дегенді  білдіреді.  Тудың  ортасында  шұғылалы  күн  бейнеленген, оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран құс  бейнесі.

4-бала:  Б.Айару

Қыран самғап  барады,

Күнді иыққа  арқалап.

Тыныштықтың  белгісі,

Туымдағы   алтын  күн.

Тәрбиеші: Ал, елтаңбада не  бейнеленген?

Балалар:  Шаңырақ,  ат.

Шаңырақ  біздің  елтаңбамыздың  жүрегі, шаңырақ үйдің  отбасының бейнесін  білдіреді.

5-бала:  Р. Асыл-Мұрат.

Елтаңба  тұр   төрімде,

Жарқыраған  күн  болып.

Нұрын  шашып    өмірге,

Жырлады  жыр  болып.

6-бала:  Т. Нұрислам.

Жасағаны ел  есінде,

Елбасы  өзі  бастаған.

Сарыарқаның  төсінде.

Бой  көтерді   Астана.

6-бала:  С. Нұрәли.

Бақыт  бірлік   күн  талабы,

Тоқтамайды- дабыр  әні.

Мәңгі  бақи   шырқалады,

Республикам  әнұраным.

«Туды   құрастыр»  ойыны.

Мақсаты:  Ойын  арқылы   геометриялық    пішіндерді   құрастыру.

Қорытынды:

Біз  бақытты  баламыз,

Шырқап  әнге   саламыз.

Туыспыз   біз  бәріміз,

Біз  Отанды  сүйеміз.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master