Үздік сынып жетекші – 2018»

Маңғыстау облысы,

Жаңңаөзен қаласы

№ 9 орта мектеп МЖО

Венера Жолмухамбетова

 

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының № 9 орта мектебінде «Үздік сынып жетекші – 2018»байқауы өткізілді. Байқаудың алғашқы құттықтау сөзді алған басшысы  Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы мектеп ұстаздарына жүрекжарды тілектерін білдірді. Бұл байқауда әр сыныптан 1сынып жетекші қатысқалы отыр. Байқауда жеңген ең үздік сынып жетекші қалалық сайысқа қатысады. Байқаудың негізгі мақсаты: қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын анықтау болып табылады. Яғни, сынып жетекшінің педагогикалық тәжірибесі осы тұрғыдан анықталады. Байқауға 7 ұстаз қатысты. Атап айтсақ, Шамурадова Жанар, Рызабек Назира, Идрисова Асия, Әби Оразхан, Сүлейменова Құралай, Батиева Нұржанат, Имашева Нұржанат сынды мұғалімдер өте жақсы деңгейде өздерін сан қырынан көрсетуге тырысты. Бұл байқауда ұстаздарымызға әділ бағасын беретін әділқазыларымызға да шешім қабылдау оңайға түскен жоқ. Байқау негізі 5 кезеңнен тұрды: яғни, 1.«Мен сынып жетекшімін», 2.«Менің сыныбым өзгеше»,  3. «Талаптыға нұр жауар», 4. «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке», 5. «Үздік педогогикалық идеялар». Сонымен, мектебімізде өткен «Үздік сынып жетекшісі – 2018» байқауымыздың жеңімпазы яғни «Ең үздік сынып жетекші» Имашева Нұржанат марапатталды. Байқау соңында әділқазы алқасы қатысушы жетекшілерімізді марапаттап, естелікке суретке түсті. І орын Батиева Нұржанат, ІІ орын Идрисова Асия, ІІІ орын Сүлейменова Құралай, Рызабек Назира «Өнерлі сынып жетекші»номинациясына, Әби Оразхан «Жаңашыл сынып жетекші» және Шамурадова Жанар «Шығармашыл сынып жетекші» номинацияларына ие болды. Ал байқау жеңімпазы Имашева Нұржанат қалалық сайысқа дайындалуға бел буды.

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master