Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Қысқа мерзімді жоспар

 

Пән: Жаратылыстану

Б 5.Табиғат физикасы

Сынып: 1

Мектеп: «№42 жанында интернаты бар ЖОББМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сексенбаева Маржан Мураткановна

 

 
Сабақтың тақырыбы                                 Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру;

 
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

•  қозғалыс ұғымын түсіндіре алады, түрлі денелердің қозғалысына мысал келтіре алады

 
  Көпшілік оқушылар орындай алады:

•   әртүрлі қозғалыс траекторияларын зерттеп, оларды атай алады

 
  Кейбір оқушылар орындай алады:

•   қызықты жəне жаңа бір мəлімет айтады және қозғалыс траекториясын өз бетімен сызып, түсіндіре алады

 
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану;  
Бағалау критерийлері ·         Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу арқылы оларды суреттен көрсете алады;

·         Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтай алады;

·         Көрсетілген экспериментті түсіндіре алады;

 
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: қозғалыс траекториясын өз бетімен сызып, түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминология: қозғалыс траекториясы; денелердің қозғалысы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Қозғалыс кезінде нені кескіндедіңдер?

-Аңдардың іздері бірдей ме?

-Бейнежазбадан нені көрдіңдер?

-Іздер неден пайда болады?

Қай кезде іздерді көруге болады?

Іздердің қандай түрлері болады?

 
Құндылықтарды дарыту шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау; қарым-қатынас жасау қабілеті; денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; өмір бойы оқуға дайын болу  құндылықтарын дарыту арқылы жүзеге асады  
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану, сауаташу  
АКТ қолдану дағдылары Бейнежазба, слайд  
Бастапқы білім Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді. Барлық заттардың орнын ауыстыруы, қозғалуы мүмкін екендігі туралы негізгі білімдер  
Сабақ барысы  
   
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
 

I. Сабақтың басы

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру.

Оқушылар жұппен тұрып,  бір-біріне қарап  айтады. Сәттілік  тілейді.

-Кел, жаныма тұр, сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу  қос!

Оқушылар  қарсы  тұрып, басбармақтан  бастап  кезек-кезек  саусақтарының  ұштарын  бір-біріне  тигізеді.

1- барлық

2- істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын  қосады – РАХМЕТ!

(Т)Т1.«Іс – әрекетке назар аудар» әдісін қолдана отырып, «Жануарлар саяхаты» ойыны арқылы, 3 топқа бөлініп (бақа, балық, жылан) және жаңа сабақтың мақсаты хабарланады:

·         Бір сызыққа тұрып, топпен жүру (бөлініп қойылған орынға жеткенше 3 топ жүру жолын сызықпенкөрсетеді).

·         – Балалар, қозғалыс кезінде қандай сызықты кескіндедіңдер?

·         *Дененің кеңістікте қозғалыста болған кезінде жүріп өткен бірнеше нүктелерін қосатын сызығы дененің траекториясы деп аталады.

Жүрілген жол қозғалыстағы дене траекториясының ұзындығы болып табылады. Дене түзу немесе қисық сызықты траектория бойымен қозғалады. Бір дене әртүрлі траекториямен қозғалады. Үш нүктенің қозғалыс кескінің көрсету.

-Біз бүгін топпен жұмыс істейтін болғандықтан топ ережесімен танысып алайық.

-Жақсы жауап берген оқушы планшетіне смайликтер жапсырып отырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жануарлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Траектория» сызбасы

 

«Топ ережесі» таспасы

Сабақтың

ортасы

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың

соңы

5  минут

 

2 минут

 

(МК) Т 2 «Ойлан, талқыла» әдісі арқылы бейнежазба көрсетіледі. Қозғалыстағы іздердің траекториясы талқыланады.

-Бейнежазбадан нені көрдіңдер?

-Іздер неден пайда болады?

Қай кезде іздерді көруге болады?

Іздердің қандай түрлері болады?

Барлығы түрлі заттардың қозғалысын айтады. Көптегені қозғалыстағы заттардың ізі болатынын анықтайды.

Кейбірі тағы басқа заттардың  қозғалыс троекториясын мысал келтіріп айта алады.

(ҚБ)  «Смайликтермен» бағалау

(Т) Т 3. «Зерттеу әдісі»  Қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.

1-топ: Доп пен ойыншық машинаның қозғалысын бақылайды. Құмда ойыншықтардың ізінен қалған сызықтарды анықтайды;

2-топ: Бір-біріне қағаз ұшақ ұшырады;

3-топ: Су бетінде түтікшелер арқылыүрлеп қағаз қайықты жүргізеді;

Барлығы: заттарды қозғалысқа түсіреді;

Көптегені: Сызықтарды салыстыра алады. Айырмашылықтарын көрсете алады.

Кейбірі: Сызғышпен траектория ұзындығын өлшейді.

(ҚБ) Топты  «Шапалақпен» бағалау, жеке оқушыларға смайликтер жапсыру

Қошемет ретінде 5 шапалақ.

Сергіту сәті. Интербелсенді тақтадан «Дене жаттығулары» бейнежазбасын көрсету, оқушылармен бірге жаттығу жасалады.

 (Д). Сабақты бекіту мақсатында «Траекторияны таңда» әдісі арқылы оқушыларға машина, ұшақ, катер бейнеленген суреттер ұсынылады. Барлығы көліктердің қозғалыс траекториясын анықтайды, көпшілігі траектория сызықтарының атауын атай алады, кейбірі басқа қозғалыс траекторияларын көрсетеді.

ҚБ «Жұбымды бағалаймын» (Жұлдызбен бағалау: 1,2,3 жұлдыз жапсырады)

-Денелер қалай қозғалады?

-Олар кеңістікте үнемі түзу сызық бойымен қозғала ма?

-Бүгінгі сабақта үйренген сөздерді таймер есебі бойынша (2 мин) жазып жарысайық. Сонымен, бүгінгі сабақта не жайлы білім алған екенбіз, оқып берейікші.

 

Кері байланыс: «Микрофон»

Бейнежазба

Blaze and the Monster Machines – Trajectory.mp4

 

\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
(ҚБ)  «Смайликтермен» бағалау, Топты  «Шапалақпен» бағалау, жеке оқушыларға смайликтер жапсыру. Қошемет ретінде 5 шапалақ.

 

 

Оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Кері байланыс: «Микрофон»

 

Психологиялық ахуал қалыптастырылады.

Сергіту сәті «Дене жаттығулары»

ұйымдастырылады.

Сыныпта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.

 

Заттардың қозғалысы туралы айтуда қиналатын оқушыларға көмекші сұрақтар беріледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға қызықты жəне жаңа бір мəлімет айтуы ұсынылады. Қозғалыс траекториясын өз бетімен сызып,түсіндіруі сұралады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master