Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер

Сабақтың тақырыбы:

«Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіру арқылы өз туған өлкелеріне деген патриоттық сезімін дамыту, «киелі жерлер» деген ұғымның мәнісін талдай отырып, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлермен таныстыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер суреттері, видеоролик, слайдшоулар, туған жер туралы ән.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу)

І топ «Қазына»

ІІ топ «Мұрағат»

ІІІ топ «Жәдігер»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар, 2017 жылы 12-сәуірде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама әрбір қазақстандықтың алдағы уақыттағы жоспарын айқындап берген құнды бағдарлама болып табылады. Бағдарлама 6 бағыттан тұрады. Осы бағыттар мен бағдарламада қойылған міндеттерді жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың парызы болып табылады. Себебі, заманға сай жаңғыру міндеті барлық мемлекеттің алдында тұр.

«Туған жер» бағдарламасының мәні:

  • Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Мәдениет пен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу;
  • Ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу;
  • Жас ұрпаққа өз туған өлкелеріндегі аңыз-әңгімелер мен біртуар перзенттерін таныстыру;
  • Азаматтарды туған жеріне қамқорлық жасауға тарту;
  • Патриотизмнің нағыз өзегі;
  • Туған жердің киелі мекендерін ұлт жадында орнықтыру;

 

ІІ «Туған жер» әні

ІІІ «Киелі жер» дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылар өз ойларын білдіреді)

ІҮ «Оңтүстіктегі киелі жерлер» (суреттер сөйлейді)

Ү Видеоролик «Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер»

ҮІ «Қазыналы, киелі – Оңтүстігім!» (шағын эссе жазу)

ҮІІ Слайдшоу жарысы

ҮІІІ Қорытынды

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master