242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

                              Акылбекова Лиза Мауткановна

                              Астана қаласы № 65 мектеп – гимназиясының

                              жоғары санатты  бастауыш сынып мұғалімі

 

Математика. 3 А сыныбы. .

Сабақтың тақырыбы: 242*2, 484:2 түріндегі ауызша

көбейту және бөлу тәсілдері

 

Сабақтың мақсаты: 242*2, 484:2 түріндегі ауызша

көбейту және бөлу тәсілдерін меңгеру

 

Міндеттер:

  1. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту мен бөлудің ауызша тәсілін үйрету;
  2. Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру, математикалық тілде сөйлеуге үйрету;
  3. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылықтарын шыңдау;
  4. Ой-өрістерін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  5. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

 

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға ауызша көбейту

мен бөлу  тәсілін меңгереді;

2.Математикалық тілде сауатты сөйлеуге төселеді;

3.Топпен жұмыс істеуге, өз ойын батыл ортаға салуға  үйренеді;

4.Әр оқушы  өзінің еңбегін өзі әділ бағалайды;

5.Логикалық ойлау қабілеттері жетіліп, шығармашылықтары шыңдалады;

  1. Еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдері артады;

 

Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: сандар кестесі, кестелер, ноутбук, планшеттер, деңгейлік тапсырмалар мен жауаптары жызылған кесте.

 

Сабақтың барысы:

 

Сабақтың этаптары Жұмыс түрлері Қолданылған модульдер
1 Ұйымдастыру. Тренинг. Оқушылар орындарынан тұрып біріне-бірі жақындап, үш топқа бөлінеді. Бірінші топ бір гүлдің атын атайды, екінші топ сөйлем құрайды, үшінші топ сол гүлдің атауында неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін тез айтуы керек. Келесіде екінші топ бастайды…

                                                   4  минут

 

Ой қозғау.

Топтық жұмыс.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Көшбасшылық.

Талантты және дарынды

 

2 Өткенді қайталау. Ойын «Кім жылдам?». Ауызша орындалады. Көбейту мен бөлуге берілген тапсырмалардың жауабын тез айту керек.

480*2, 320*2, 55*2, 120*2, 340*2, 45*2, 50*3, 105*3, 300*3, 50*3, 250*4, 120*4, 25*4, 60*4, 31*4.

 2 минут

Талантты және дарынды

Көшбасшылық

Сыни тұрғыдан ойлау.

3 Жаңа материалды түсіндіру.  Тақтаға тапсырма жазылады.

242*2= (200+40+2)* 2=200*2+40*2+2*2 = 484

242*2= 484

484:2= (400+80+4) :2=  400:2+80:2+4:2 = 242

484:2= 242

Өз қалауы бойынша бір оқушы шығып түсіндіреді. (Координатор)

Оқушылар түсінбеген жерлері болса сұрақ қояды.

5 минут

 

Талантты және дарынды

Сыни тұрғыдан ойлау.

Диалогты оқыту.

Көшбасшылық.

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Жаңа материалды бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

Басерман технологиясы бойынша

Кітаппен жұмыс. 3-тапсырма (2,4)

Шапалақ ұру. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Бәрі бірдей ұрғанша қайталаймыз.

3 деңгейлік тапсырма.

1-деңгей

221*4=         963:3=

 

2 — деңгей

(132*2)+(842:2) =

 

3-деңгей

312*х= 936:3     312*х=312

х =312:312          х=1

Тапсырманы толық орындап біткен  оқушылар қол көтереді.

5 оқушы бітірген соң 30 секунд беремін де жұмысты бәріміз бірге тоқтатамыз. Жұп болып тексереді. Жауабы тақтаға жазылады. Дұрыс орындаған оқушыларды санаймыз.

15-тен көп болса тапсырманы орындағанымыз. (63 %-дан артық болу керек). Түсінбеген оқушыларға координатор түсіндіреді.

                                                    10 минут

 

4-есеп. а) Ауызша

Саябаққа 50 ағаш көшеті әкелінді. Әр алаңға 8 ағаштан отырғызу жоспарланды. Егер саябақта 6 алаң болса, қанша көшет қалады?

50- (8*6)=50-48=2

ә) Дәптерге орындаймыз. Бір оқушы берілгенін оқиды.

Көмір кенішінде 1 күнде 950 тонна көмір өндіріледі. Машина 300 тонна жүк көтереді. Қанша машина қажет және қанша тонна көмір қалады?

1 күнде-950 тонна

Машина -300 тонна көтереді.

Машина-?

Қалады-?

950:300= 3 (қалдық 50)

3 машина қажет және 50 тонна қалады.

5 минут

 

Санға байланысты мақал-мәтелдер айтудан жарыс.  Әр топ мақал айтқан сайын қол шапалақтап алға қарай жылжып отырады. Шатасқан топ ойыннан шығады, тек қол шапалақтап тұрады. Шатаспаған топтар берілген уақыт аяқталғанша жалғастырады.

 3 минут

 

Жекеше жұмыс.

 

Жұптық бағалау.

 

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау.

 

Диалогты оқыту.

 

 

Талантты және дарынды

 

Жас ерекшеліктерін ескеру.

 

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау.

 

Диалогты оқыту.

Жас ерекшелікті ескеру.

 

 

Талантты және дарынды.

Көшбасшылық.

 

 

 

 

 

 

 

Диалогты оқыту.

Жас ерекшеліктерін ескеру.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Көшбасшылық

6 Сабақты қорытындылау. Логикалық тапсырма.

-Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?

-Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 7-ге қойды. Ол неше сағат ұйықтады?                                                — Сенбіден кейін екі күннен соң қай күн келеді?

-Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

— Кәрзеңкедегі 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1алма кәрзеңкеде қалу керек, бұл қалай?

3 минут

 

Шығармашылық минуты.

Көбейту мен бөлу амалдарына  байланысты болу керек.

1 топ- ғаламтордан ауа-райына байланысты 1 есеп құрастырады, шығарады.

2 топ – Ағылшынша санға байланысты бір ойын ойнатады.

3 топ – Өздері тұратын үйдің пәтерлері жайлы есеп ойлайды, шығарады. «Тұрғын үй» бағдарламасы.

                                                     5 минут

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау.

 

 

Диалогты оқыту.

 

 

Талантты және дарынды

 

Көшбасшылық.

 

 

 

 

 

 

АКТ-ні пайдалану.

Топтық жұмыс.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Талантты және дарынды.

Көшбасшылық

Диалогты оқыту.

 

7 Үйге тапсырма беру.  3 (2,4 )  91-бет. Үй тапсырмасын түсіндіре отырып беру.

1 минут

 

Диалогты оқыту.
8 Бағалау.

 

  Әр оқушы өзін бағалайды. Бағалау парағына сәйкес « + » таңбаларын санай отырып өзіне неліктен сол бағаны қойғанын түсіндіреді. Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

 4 минут 

       

Бағалау. Әр оқушы өзін бағалайды.

Қорытынды бағалау.

9 Кері байланыс.

Рефлексия.

— Сабағымызды көктемнің ерекше белгісі, жердің сәні – гүлмен бастап едік, гүлмен аяқтайық.

–       Тақтада ілініп тұрған табиғат бейнесіне өздерің қалаған жауқазын гүлін жапсырыңдар. Егер сабақ өте сәтті өтті, маған қатты ұнады десеңдер, онда ақ түсті гүлді, егер сабақ жақсы өтті десеңдер, онда сары түсті гүлді, ал егер сабақ орташа өтті, түсінбеген, қиналған жерім көп болды деп ойласаңдар қызыл түсті гүлді жапсырыңдар.

–       Сабағымыз осымен аяқталды, барлықтарыңызға көп рахмет!

3 минут

 

Сыни тұрғыдан ойлау.

Бағалау.

Диалогты оқыту.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану.

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *