«Менің атым – Қожа» шығармасының балалар өмірінде алатын орны

Сарыбаева Баян Жұмашқызы,
филология ғылымдарының кандидаты,
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті.
Bayanjan73@mail.ru
Тастаналы Маржан Серікбайқызы,
МдОжТ-31 тобының студенті
marzhan.tastanaly.98@mail.ru
Жандар Гүлназ Нышанбайқызы,
МдОжТ-31 тобының студенті
gulnaz.jandar@mail.ru
Қазақстан Республикасы
Павлодар қаласы
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

 «Менің атым – Қожа» шығармасының балалар өмірінде алатын орны

Аннотация

Біз осы мақаламызда қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын оқып, бүгінгі күн жасөспірімдерінің іс-әрекеттерімен салыстырмалы түрде қарастырдық. Жазушының бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Қаламгердің артына өшпес із  қалдырған осы шығармасы балалар әдебетінде орны бөлек, ерекше туынды. Мақаламызда Қожаның іс-әрекетін, мінез-құлқын осы ғасырдың жас жеткіншектермен салыстыра отырып жаздық. Бұл шығарманы әр жасөспірім оқып білуі керек деп есептейміз. Қожа- өте ақылды, алдына қойған мақсатына жетуге талпынатын, арманы асқақ, еңбекқор бала болса, ал қазіргі балалар көбінесе құлықсыз, ықылассыз, мінездері мүлдем өзгеше екендігін байқаймыз. Біз, болашақ тәрбиешілер бүлдіршіндерімізді балабақша қабырғасынан бастап дұрыс бағыт-бағдар беріп, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, ақкөңіл, адал, елінің нағыз ұлтжанды азаматтары болып шығуына тәрбиелеуіміз керек.
В этой статье мы читаем «Меня зовут Кожа» выдающегося представителя казахской детской литературы Бердибека Сокпакбаева и сравниваем с действиями сегодняшних подростков. Эта работа писателя характеризуется простотой языка. Эта работа, которая оставила неизгладимый след, который занимает особое место в детском искусстве. В нашей статье мы писали поведение Кожи и поведение по сравнению с молодым поколением этого возраста. Каждый подросток должен прочитать эту работу. Кожа очень умный, пытаясь достичь своей цели, и если его мечта – идеальный, трудолюбивый ребенок, то в наши дни дети часто являются нелояльными, равнодушными и необычными по своему характеру. Мы, будущие воспитатели, должны привести наших детей на правильный путь, от сада до правильного направления, до конца своей работы, быть искренним, честным и стать настоящей нацией.

         In this article, we read “My name is Kozha” by the outstanding representative of Kazakh children’s literature, Berdibek Sokpakbaev, and compared with the actions of today’s teenagers. This work of the writer is characterized by the simplicity of the language. This work, which left an indelible mark on the pen, occupies a special place in children’s art. In our article, we wrote Kozha behavior in comparison with the younger generation of this age. Every teenager should read this work. Kozha is very smart, trying to achieve his goal, and if his dream is an ideal, industrious child, nowadays children are often disloyal, indifferent and unusual in nature. We, the future educators, should lead our children on the right path, from the garden to the right direction, to the end of their work, to be sincere, honest and become a real nation.

Несіпхан Аманбаева,
Қазыбек Шорманов атындағы орта мектептің директоры

Бердібек ағаның мінезі қызық еді… Аға ең алдымен, өте еңбекқор болатын. Жазғандарын машинкаға өзі басып жататын. Өйткені, ол кісінің жазуы өте нашар болатын. Ағам жазу жазып жатқанда бәріміз тыныштық сақтап, аяғымыздың ұшымен жүретінбіз. Ағам аяқ астынан қуанса , сәт болмай өкпелеп қалатын.

Дәулет Ахметбайұлы  

Халқының нағыз ұлы еді… Көп адам Бердібек Соқпақбаев көзі тірісінде өз бағасын ала алмай кетті деседі. Өз басым ол байламға қосылмаймын. Қайсы үйге барсаңызда ақын кітаптарымен, ол арқылы Бердібекпен кезігесіз. Ақынның жас өспірімдерге арналған кітаптары шын мәнінде қазақ балалар әдебиетінің классикасы болып табылады [1].
«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Ақын шығармашылық өмір жолын – балаларға арнап өлең жазудан бастаған, кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай – ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды. Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым – Қожа» повесі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан тұратын шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді [2].
Повесть Балалар прозасына жаңа леп, жаңаша бет ала келді. Жазушы повесті орыс тіліне аударып, Мәскеудің «Детская литература» баспасына ұсынады. Көптеген тілдерге аударылады. Киноға түсіріледі. 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткізілген балалар мен жастар көркемсуретті фильмдерінің бүкілдүниежүзілік фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болды. Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар бала болды. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық сезімдерін жазып, жыр арнаған. Қожа табиғатты сүйген, шынайы поэзияны сүйген [3].

«Менің атым Қожа» повесінің  ерекшелігі – Қожаның жағымды, жағымсыз қылықтарын табиғи ашып көрсеткіндігінде. Жазушының ізденісі – кейіпкерінің жанына үңіле білгендігінде. Қожа әрекеті бала табиғатына тән. Оның мінез-қылығы өзінің диалектикалық шындығымен, қайшылығымен көрінген. Жазушы саналы түрде кейіпкерді не бірыңғай мақтау, не бірыңғай қаралау принципінен бас тартқан. Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. «Менің атым Қожа» повесі қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа айналды [4].
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы керек. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам. Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырмашылығы көп. Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиені бойына қайдан сіңірсін? Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ театрлар бүлдіршіндерді арзан күлкі мен бос сөзге үйір қылып, арман айдынынан алыстатып, бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Бүлдіршіндердің  дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.  Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан тыс, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр [5].
Бұл шығарманың басты мақсаты – жас жеткіншектерімізді жақсылыққа тәрбиелеу. Біз балаларды ерте жасынан көркем әдебиетке баулып, қазақи тәлім-тәрбиеге бай шығармаларды бойларына сіңірткенде ғана болашағымыз жарқын болары анық. Қожаға еліктеген қаншама бала әдебиетке жақын болып, кітап жазғандары қаншама? Сондықтан осы шығарманы іздеп оқитындар қатары, туған даласын сүйетін, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына асығатын жастар алдағы күндері де көбейе түсетіндігі сөзсіз. Көзі тірісінде классикалық шығармалармен бірде-бір сыйлыққа ие бола алмаса да, қалың балалардың назарынан ешуақытта тыс қалған емес. Жазушы өмірінің бақыты да, ғұмырының ұзақтығы осы болса керек. Әсіресе Б.Соқпақбаев тәрізді әдебиетті арым деп білген жазушының ғұмыры халқымен бірге жасайтыны сөзсіз. Қаламгердің балаларға арналған осы шығармасында ауыз әдебиетің түрлерін шебер пайдаланып, мейлінше, жастарға ойлы шығарма бере білген. Жеткіншектер тәрбиесі тақырыбы жазушы үшін ескірмейтін тақырып бола білді. Сол арқылы жазушы балалар әдебиетінде өшпес із қалдырды. Қаламгердің осы туындысы – ерлік, адалдық, еңбек сүйгіштік, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін, халық даналығын ұстанған шығарма болып табылады. Шығарманың өскелең жас ұрпақ үшін беретін тәрбиелік мәні өте зор. Өскелең ұрпаққа қазақи  тәлім-тәрбие беретін, мазмұнға бай шығарманы бала бойына балабақшадан сіңіре білсек, ой-өрісін дамытып қана қоймай, елін, жерін қорғауға, ата-анасын құрметтеп, сыйлауға тәрбиеленуі сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1. Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер. – Алматы: “Білім”, 2005. –208 б.
2. Рүстемова Ж. А. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, «Эверо» баспасы, 2014. – 260 б.
3. Балалар бағының бағбандары. Анықтамалық. – Алматы: “Балалар әдебиеті” баспасы 2008. – 300 бет.
4. Ақтанова А. Балалар әдебиеті: Қазақ балалар драматургиясы мәселелері. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2011. – 200 бет
5.http://bankreferatov.kz/sochineniya/57-sochi-na-kazakskom/7924-berdibek-sokpakbaevtun.html

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master