Ет және ет өнімдері тарауы бойынша қайталау

Атырау облысы,  Атырау қаласы

Білім беру ұйымының атауы:     «Атырау сервис колледжі» КМҚК

Автордың аты-жөні:    Каламкалиева Г.М.

Қызметі:  I санатты арнайы пән оқытушысы

Пән:   «Тамақ дайындау технологиясы»

Сабақтың тақырыбы: «Ет және ет өнімдері тарауы бойынша қайталау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: мал ұшасын бөлшектеу, етті кесектерге бөлу, ет шалафабрикаттарын дайындау, сүйек пен субөнімдерді өңдеу және ет, ет өнімдерінің сапасына қойылатын талап пен сақтау мерзімі туралы студенттердің білімін тексеру, шыңдау, нығайту

Дамытушылығы:  ойлау әрекеттерін күшейту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру

Тәрбиелілігі: студенттерді зеректілікке, мұқияттылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сабақты ойын, жарыс түрінде өткізу

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс: жабдықтау, еңбекті қорғау, ұйымдастыру, стандарттау, тауартану

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, тапсырмалар бетшесі, фишкалар

 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

1.Амандасу, студенттерді түгендеу

2.Топқа бөлу, топқа атау беру, топ көшбасшысын тағайындау

3.Сабаққа даярлығын тексеру

 

1-гейм. «Бой сергіту»

(етті механикалық-аспаздық өңдеу тақырыбы бойынша 2 топқа жеке сұрақтар беріледі)

1 – топ сұрақтары:

1.Еттің химиялық құрамы?

2.Етті механикалық-аспаздық өңдеу қайда атқарылады?

3.Тоңазытылған етті жібіту әдістерін ата?

4.Еттің сапасын қалай анықтайды?

5.Дәнекер ұлпалары қандай белоктан тұрады?

6.Тамақтану кәсіпорнына ет қандай күйінде түсіріледі?

7.Етті өңдеуге пайдаланатын жабдықтарды ата?

8.Етті қайда жуады және судың температурасын айт?

2 – топ сұрақтары

1.Еттің негізгі ұлпаларын ата?

2.Тоңазытылған етті өңдеу процесін ата?

3.Ет цехында қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану керек?

4.Май ұлпаларының қандай қасиеті бар?

5.Етті қалай құрғатады және бұл не үшін қажет?

6.Сүйек ұлпалары тамаққа қалай әсер етді?

7.Ет ұлпасының негізгі белогын ата?

8.Термиялық жағдайына қарай етті қалай бөледі?

Дұрыс берілген жауаптарына студенттер жетон алады, соған сәйкес бағалау парағына балл қойылады.

2-гейм. «Сиқырлы сандық»

(мал ұшасын бөлшектеу (қасаптау) тақырыбы бойынша 2 топ кезекпен шығып,

сурет бойынша жауап береді)

1.Малдың тұтас ұшасын қалай бөлшектейді?       (қосымша 1)

2.Сиырдың алдыңғы бөлігін қалай бөлшектейді?       (қосымша 2)

3.Артқы бөлігін қалай бөлшектейді?    (қосымша 3)

4.Қой ұшасын бөлшектеу тәртібін айт?   (қосымша 4)

5.Шошқа ұшасын қалай бөлшектейді?   (қосымша 5)

  1. Мал ұшасын бөлшектегенде қандай сүйектерге бөледі?

Дұрыс берілген жауаптарына студенттер жетон алады, соған сәйкес бағалау парағына балл қойылады.

 

 

3-гейм. «Сен – маған, мен – саған»

(ет шалафабрикаттары тақырыбы бойынша 2 топ бір-біріне кезекпен сұрақтар қояды)

1-топ:

  • Пайдалануына қарай шалафабрикаттар қандай түрлерге бөлінеді?
  • Льезон дегеніміз не?
  • Қой етінің жамбас-сан бөлігінен алынатын шалафабрикаттарды ата?
  • Аунатпаның қандай түрлері бар?
  • Сиыр етінен дайындалатын ірі кесекті шалафабрикаттарды ата?
  • Эскалоп шалафабрикаты қандай малдың етінен алынады?
  • Антрекотты қандай бөліктен дайындайды және пішінін айтып бер?

2-топ:

  • Сиыр етінен дайындалатын сыбаға кесекті шалафабрикаттарды ата?
  • Кеспек еттің (гуляш) пішінін, массасын ата және әр сыбағаға неше данадан жіберіледі?
  • Шалафабрикаттарды дайындау үшін қандай тәсілдерді пайдаланады?
  • Етті не үшін дәмдендіреді?
  • Шабылған ет өнімдерін ата?
  • Люля-кебаб тағамы қандай ет массасынан дайындалады және пішінін айт?
  • Фрикадельканың пішіні мен салмағын ата?

Дұрыс берілген жауаптарына студенттер жетон алады, соған сәйкес бағалау парағына балл қойылады.

 

 

4-гейм. «Білімді – мыңды жығар»

(шабылған ет және котлет массасы тақырыбы бойынша 2 топқа

бірдей тест сұрақтары қойылады)

 

1.Табиғи шабылған етке нені қоспайды?

А) шошқаның қыртыс майы

В) тұз

С) сүт

Д) нан

Е) су

  1. Табиғи шабылған шалаөнімді тап?

А) бифштекс

В) эскалоп

С) биточки

Д) зраза

Е) тефтель

  1. 1 кг шабылған массаға алады?

А) ет-700г, сүт-100г, шошқа майы-10г

В) ет-1000г, сүт-100г, шошқа майы-3г

С) ет-900г, сүт-150г, шошқа майы-150г

Д) ет-800г, сүт-300г, шошқа майы-50г

Е) ет-800г, сүт немесе су-70г, шошқа майы-120г

  1. Мойын бөлігінен дайындайды?

А) кесілген массасын

В) табиғи шабылған массасын

С) ірі кесекті шалаөнімді

Д) үлесті (порциялық) шалаөнімді

Е) котлет массасын

  1. Фаршталған өнімді көрсет?

А) биточкалар

В) котлеттер

С) зразалар

Д) тефтельдер

Е) фрикаделькалар

  1. Тефтельді аунатады?

А) кепкен нанда

В) ұнда, льезонда, кепкен нанда

С) льезонда

Д) ақ нан ұнтағында

Е) ұнда

  1. Котлет массасын дайындау үшін, 1 кг етке қанша нан алынатынын ата?

А) 330 гр

В) 220 гр

С) 100 гр

Д) 250 гр

Е) 300 гр

  1. «Бифштекс» шалафабрикатының пішінін көрсет?

А) шар тәріздес

В) сопақ-ұзынша

С) домалақ-жалпайған

Д) сопақша-жалпайған

Е) дөңгелек-ұзынша

  1. Котлет массасына қоспайды?

А) тұз

В) нан

С) сүт

Д) картоп

Е) су

  1. Шабылған қой ет массасынан дайындалатын люля-кебаб тағамын қуыру алдында аунатады?

А) екі қайтара аунатады

В) нан ұнтағына аунатады

С) ұнға аунатады

Д) аунатпайды

Е) льезонда аунатады

Дұрыс берілген жауаптарына студенттер жетон алады, соған сәйкес бағалау парағына балл қойылады.

 

 

5-гейм.  «Жекпе-жек»

(сүйектер және субөнімдерді өңдеу тақырыбы бойынша көшбасшылар

графикалық-тест сұрақтарына «Иә», «Жоқ» белгісімен жауап береді)

 

Сұрақтар Жауаптар
Сүйектер мен сіңірлер тамақтық шығындарға жатады ма?  
Субөнімдерге бас, сирақ, құйрық жатады ма?  
Тілді ыстық сумен жуады ма?  
Қоректік сапалылығына сорпалықтар санатқа бөлінеді ме?  
Байыр, бүйрек, тіл I санатты субөнімдерге жатады ма?  
Тамақтық шығынға қабырға және жауырын сүйектері жатады ма?  
Бөліктерге бөлінген қой мен сиыр құйрығын жылы суға салып қояды ма?  
Субөнімдер тез бұзылатын өнімдер қатарына жатады ма?  
Бауырдан өт жолдары мен жарғақтарды сыпырып алады ма?  
Жүрек пен талақты тілмей пайдаланады ма?  

Топ көшбасшылары саны жағынан бірдей дұрыс жауап берсе – бір-бір жетоннан алады, ал біреуі 1-ден артық дұрыс жауап берсе – 1 жетонды артығымен алады.

 

 

6-гейм. «Ойлан – тап»

(еттің сапасына қойылатын талаптар мен сақтау мерзімі тақырыбы бойынша

суреттегі шалафабрикаттар туралы айту)

 

1.Бұл қандай  шалафабрикат, оның сапасына қойылатын талаптар мен сақтау мерзімін ата?    (қосымша 6)

2.Бұл қандай шалафабрикатқа жатады, сапасына қойылатын талаптар мен сақтау мерзімін ата?    (қосымша 7)

3.Бұл қандай шалафабрикат, сапасына қойылатын талаптар және сақтау мерзімін айтып бер?       (қосымша 8)

4.Бұлар қандай шалафабрикаттарға жатады, олардың сапасына қойылатын талаптары мен сақтау мерзімін ата?      (қосымша 9-10)

5.Субөнімдердің сапасына қойылатын талаптар және сақтау мерзімі?  (қосымша 11)

 

Қорытынды:

«Ет және ет өнімдері» тарауын қорытындылай келе, осы тарау бойынша қоятын сұрақтарыңыз бар ма?

 

Бағалау:

Бағалау бетшесі

Топ «Бой сергіту» «Сиқыр-лы сандық» «Сен -маған, мен – саған» «Білімді – мыңды жығар» «Жекпе- жек» «Ойлан- тап» Қоры

тынды баға

«Антрекот»

тобы

             
«Тефтель»

тобы

             

 

Үйге тапсырма:

Өткен тарау бойынша слайд дайындау

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master