Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды

«Балдәурен» бөбекжай – бақшасы

Тақырыбы: «Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды»

 Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердің ішінде жеке адамды онтогенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механизмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс – әрекеттерінің түбегейлі проблемаларын, оның санасы мен жеке іс – қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі. Зертеушілердің назары бірнеше міндеттерді шешуге бағытталады.

  1. Жеке адамдарды белсенді мақсатқа бағыттап қалыптастыру мүмкін бе? Бұл тұста ғалымдардың дүниетанымдық көзқарасы, жеке адам мәні, алдымен, оның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік әрі биологиялық бастаманың қарым – қатынасы, неғұрлым дәл шектеледі.
  2. Жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптасырудағы заңдылықтар мен механизмдер мүмкіндіктері, шарттар және бұл процеске белсенді ықпал жасау механизмдері қандай? Бұл сәттерді талдауда совет психологиясы адам іс – әрекетінің мәні және оның құрылысы мен өзгерісі туралы марксистік қағидаларға негізделеді.
  3. Жеке адамды қалыптастыру процесіне ықпал жасауда зерттеу мен ұйымдастыру жүйесінің принциптері мен шарттары қандай? Бұл тұрғыда әрбір дәуірге тән психикалық дамудың жас шағы кезеңдеріне бөлу іс – әрекетінің жетекші типтері туралы совет психологиясы ғылымының қағидалары аса маңызды орын алады.
  4. Жеке адамды психологиялық қайта құрудың аса мол мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін тиімді формалары, шарттары мен тәрбиелеу процестерін ұйымдастыру мүмкіншіліктері қандай? Олар біздің қоғамның жағдайында тәрбиелеудің негізгі мақсаты – жеке адамдардың коллективтік сапасын қалыптастыру, олардың іс – әрекеттерін қоғам мүддесіне бейімдеумен айқындалады.

Тәрбие психологиясы педагогикалық процесті мақсатты түрде ұйымдастыру тұрғысында жеке адамды қалыптастырудағы психологиялық заңдылықтарды зерттейді.

Тәрбие психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде, іске асатын процесс ретінде қарастырады.

Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі және қайта құрылуларын, жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады. Міне, сондықтан да баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға бағытталу, Л.С. Высотскийдің пайымдауынша, баланың психикалық дамуынан кенже қалмай, қайта оны ілгері бастыртып, өз соңына еріп, мақсатқа бағыттай ұйымдастырып, басқарып отыратын тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мүмкіншілік туғызады.

Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының басты ұйымдастыру кезеңі – жеке адамды онтогенезде белсенді мақсатты түрде қалыптастыру мүмкіндіктері туралы қаағида.

Жеке адамның қалыптасу шарттары жөніндегі биологиялық және әлеуметтік арақатынасы туралы мәселе – жеке адамды түсінудегі шешуші мәселе.

Бұл мәселенің принциптік маңызы былай түсіндіріледі. Әлеуметтік жағдайдың жетекші рөлін мойындау жеке адамның дамуына қоғамның белсенді ықпал ететінін көрсетеді, жан – жақты өсіп – өнуіне бөгет жасайтын әлеуметтік себептерді жоюға бағытталады. Ал адамның биологиялық болмысының анықтаушы рөлін мойындау – жеке адамның хайуандық бастамасын білдірмеумен шектеледі деген ұғымға тең.

Адам қажеттілікті қанағаттандыру көзі боатын қоршаған ортаға тәуелді бола отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді, оны және өзін мақсатты іс – әрекет процесінде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегі белсенді іс – әрекеті – оның жеке басын қалыптастырудың, оның психологиялық өзгешеліктерін қалыптастырудың негізі.

Жеке адам табиғи индивидтің іс – әрекетінің, қарым – қатынасының, танымының негізінде қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасқан маңызды сапа ретінде танылады. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, моральдық талаптар, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс – әрекетін басқара білумен сипатталады.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master