ҚМЖ.Компьютер қалай пайда болды?

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: 26 жалпы орта мектебі
10-бөлім.Компьютердің тілін табу – өнер.Ы.Алтынсарин«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі Мұғалімнің аты-жөні:  Досжанова  Гүлзат  Медетбайқызы
Сынып: 5 «В» Қатысқан оқушылар саны:17
Күні:  05.03.2020ж. Қатыспаған оқушылар саны:2
 

Сабақтың тақырыбы

 

Компьютер қалай пайда болды?

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.1.1 — тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

5.А4.Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау.

5.ТБ1.Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары Барлығы: Тірек сөздерді түсінеді. Мәтіннің негізгі аспектілерін (негізгі ой) анықтайды. Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі.

 Көбі: Тақырыпты болжай алады. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрады. Ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша сөйлеу барысында пайдаланады.

Кейбірі: Тірек сөздерді орынды қолдана алады. Мәтіннің негізгі аспектілерін (негізгі ой) талқылайды. Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша және жазба жұмыстарда тиімді қолданады.

Бағалау критерийлері ·         Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды,тірек сөздерді орынды қолдана алады .

·         Шағын көлемді мәтін мазмұнына жоспар құра алады
Жоспарға сай ойын баяндай алады

·         ыңғайластық, қарсылықтық жалғаулықтардың қызметін біледі

·         ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем құрай алады (ауызша, жазбаша)

Тілді мақсат Пәнге тән лексика мен терминология: Алғаш рет, ағылшындық, есептеуіш машина, компьютердің атасы, электронды есептеуіш машина, ХІХ ғасыр, ғалым.,шағын көлемді мәтін, жоспар,ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтар
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

—          Компьютер қалай пайда болды?

—          Компьютерге  қатысты қандай сөздерді білесің?

—          Егер қазіргі  кезде компьютер болмаса … .

танымал, атақты, неізін қалаушы, өзгертті, даму, заманауи, дүниежүзі, құмарлық, ойлау қабілеті, жаттығу, қауіпті, сақтау, арнайы көзілдірік, назар аудару, нашарлаған, әдетке айналдыру.

Ұлттық құндылықтар Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді.
Пәнаралық байланыс: информатика
Бастапқы білім 5.Т1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.
5.А4.Шағын көлемді  мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,  соған сүйеніп баяндау.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

 

 

Дереккөз
дер

Сабақтың басы

 

 

Жаңа сабаққа шығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.Латын әліпбиінің А,B.C,D

Үй  тапсырмасын  тексеру. 9-тапсырма.100-бет

Қызығушылықты ояту.

 

«ФОТОМЕТАФОРА»Фотометафора.pptx

 

Суретті  «ФОТОМЕТАФОРА»

Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Қиындыларды  бір-біріне сәйкестендіру арқылы сурет құрастырады, шыққан заттың атауын тақтаға жазады.  Сол арқылы топтасып, құраған суреттері туралы білетіндерін айтады. Тақтаға жазылған сөздер арқылы қандай тақырып қозғалатындығын болжайды.

Сабақтың  мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады

 

  «Ассоциаграмма» Оқушылар тақтаға  кезек –кезек шығып «Компьютерге»  қатысты өздері  білетін  сөздерді тақтаға жазып, диаграмманы  толтырады. Қ/б Мұғалімнің бағалауы

 

КОМПЬЮТЕР

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы  Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Тақтадан сөздер мен сөз тіркестері көрсетіледі.

Оқушылар  сөздердің мағынасын бір-біріне түсіндіреді, қажет болса сөздікпен жұмыс жасайды.

Алғаш рет, ағылшындық, есептеуіш машина,, компьютердің атасы, электронды есептеуіш машина, ХІХ ғасыр, ғалым. 

«Кім жылдам?»

Әр оқушы берілген сөздердің ішінен өзі жақсы түсінетін 2 сөзді стикерге жазады. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге отырады.   Алғашқы 1 минутта ішкі шеңбердегі оқушылар стикердегі сөздерін көрсетеді, сыртқы шеңберде отырған жұбы тез арада сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау қажет, 2 минутта сыртқы шеңбер сөзді ұсынады, ішкі шеңбердегілер сөйлем құрау керек.

Кері байланыс: оқушылар өздерінің жұптары қаншалықты тез әрі дұрыс сөйлем құрай алғандықтары туралы кері байланыс береді.

Берілген сөздер арқылы тыңдалатын мәтін не туралы болатындығын болжайды.

«Компьютер қалай пайда болды?» мәтінін тыңдайды.

Компьютер қалай пайда болды.m4a

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.  Тірек сөздерін қолдана отырып, төмендегі сұрақтарғы жауап береді.

—          Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз?

—          Тыңдалым не туралы?

—          Алғашқы компьютер қашан пайда болды?

—          Компьютер сөзінің мағынасы қандай?

—          «Адамсыз есептеулер автоматы» ұғымын қалай түсінесіз?

—          Компьютер ұғымын енгізуде еңбек еткен ғалымдарды атаңыз.

 

Топтық жұмыс//

Алғашқы компьютерлер туралы алған ақпаратты, бүгінгі күннің компьютерлері туралы білетін мәліметтерін жинақтай отырып, «Кеше-бүгін-болашақ» тақырыбында постер дайындайды. Постер дайындау барысында алғашқы компьютерлер туралы, қазіргі компьютердің мүмкіндіктері туралы ақпарат береді және болашақтың компьютерлері қандай болатындығына болжам жасайды.   Сынып алдында   топтар жұмыстарын қорғайды. Қорғау барысында тірек сөздерді қолданады.

 

Топтар бір-бірін критерийге сай бағалайды.

Бағалау критерийі Дескриптор Ұпай
Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді қолдана алады Тақырыпты аша алады 1
Болашаққа болжам жасайды 1
Тірек сөздерді орынды қолданады 1

 

Жеке жұмыс//  Бос орындарға мағынасына қарай қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңіз.

Компьютер сөзінің анықтамасы __________ 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болыпты. Алғашқы электрондық ______________  ______________салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын. «Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарлз Бэббидж болатын. Оны қазіргі __________________________    ___________ деп те атайды.

 

Қажетті сөздер: есептеуіш машиналардың, компьютердің атасы, алғаш рет.

Қ/б  «Басбармақ» тәсілі

Тапсырма

1) «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу. Екі топқа екі түрлі шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлінеді. Ол бөліктер партаның бетіне орындары ауыстырылып, араластырылып, жайылып қойылады.
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтады. Бірінші топ мазмұндағанда келесі топ мұқият тыңдайды. Себебі бірінші топ мәтін бойынша тірек сөздер ұсынғанда, келесі топ сол тірек сөз бойынша дерек, мәлімет айту керек.

Тірек сөздер Дерек/мәлімет

 

2) Ұсынылған  мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Дайын болған жоспарларды бағалау критериіне сай топтар бағалайды.  Оқушылар топта жоспар құру туралы ойларын ортаға салады

1-топ мәтіні

Билл Гейтс — қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені мен техномагнаты. Нарықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай тұлға. Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер  экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды.

Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады.

 

1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар.

2-топ мәтіні

Facebook Марк Цукербергтің компьютеріндегі бір жоба ғана болатын. Егер ол өзінің қалауы болғанда оны әлдеқашан сатып жіберген болар еді. Ол желіні сатудан бас тартты. Себебі ол Thefacebook-ке белгіленген сомаға емес, болашақта әлемді дүр сілкіндіретін жобаға қызықты. Facebook кішкене бастама болғанымен, Марктің мақсаты үлкен болды. Алдымен Facebook бір университеттің (Гарвард) деңгейіндегі жоба еді. Сосын Yahoo компаниясы желіні 1 миллион АҚШ долларына бағалағанда, ол миллиондық жобаға айналды. Дегенмен, Марк оны миллиардтық сатыға жеткізді.

Марк Цукербергтің үлкен мақсаттары мен тамаша жоспарлары болатын. Ол бүкіл әлемді өзіне тартатын ықпалды ойластырды. Миллиондаған қаржыны қамтитын капиталды күтпей, өзінің университеттегі жатақханасынан, бар жоғы бірнеше мың АҚШ долларымен бастады. Ал қазір ол әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр.

Марк Цукерберг Facebook-ті ғаламтордың негізгі орталығына айналдыруды мақсат етті. Ол Google-мен бәсекелес болуға дейін барды. Тәуекелге бас ұрмаған кәсіпкер сәтті бизнеспен айналыса алмайды. Марк Цукерберг те тәуекелдің аттауынан өтті. Марк Facebook желісін дамыту үшін оқудан кетіп, тәуекелге барды. Google-ға қарсы келіп, тәуекелге барды. Демек, тәуекелсіз үлкен дүмпу орын алмайды.

Қалыптастырушы бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды. Кестеде түрлі түсті қарындашпен күлтешені бояп, өз ойларын білдіреді.

Жасыл — жақсы түсінді, оқу мақсатын орындай алды;
сары — әлі де дамытуы керек;
қызыл —  мүлде түсініксіз

Бағалау критерийлері

 

1 Шағын көлемді мәтін мазмұнына жоспар құра алады
2 Жоспарға сай ойын баяндай алады
 

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексия «3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Сабақта қиындық келтірген 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспекті.

Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?

Үйге тапсырма.11-тапсырма.65-бет. Өзің  қолданып жүрген компьютерді  сипаттап жаз.

Қосымша ақпарат
Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *