Квадрат теңсіздік, Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шығару, интервалдар әдісі

Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
Сергеевка қаласы
Мұқатаева Гүлмира Шаріпқызы

 Квадрат теңсіздік, Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шығару, интервалдар әдісі

тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

 

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мукатаева Гүлмира Шәріпқызы 9 сынып 12 оқушы

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы

Сергеевка қ.

Қазақ орта мектеп-интернаты

Сабақтың атауы  Квадрат теңсіздік, Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шығару, интервалдар әдісі
Сілтеме Алгебра 12 жылдық мектепке арналған(А.Е. Әбілқасымова, Т.П Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова –Алматы: Мектеп,2011жыл) слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты

 

Теңсіздіктер ұғымының  теориялық білімдерін тереңдету және жүйелеу, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттер

 

  • Оқушылардың бұрын оқыған білімдерін жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қолдана білу
  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау
  • Күнделікті өмірмен байланыстыра білу.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
  • Оқуға бағыт-бағдар беру;
  • Топта жұмыс істеу  арқылы аталған тақырыпты қайталау барысында нақты және дұрыс шешім қабылдау
  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі  тақырыпқа сай слайдтар, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары
Күтілетін нәтиже  Тақырыпқа сай теорияны  айқындау жолымен қорытынды құруға арналған ақпаратты  пайымдау арқылы, салыстыра алады, қажетті шешімді қабылдайды, қызығушылық танытады.Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
Ұйымдастыру

кезеңі

Сәлемдесу тренингі                                                          (3 мин)

Салем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды(құшақтайды)

Қағазға жазылған сандарды таңдап алуларына байланысты «оң сан» алғандар 1-топқа «теріс санды» алғандар 2-топқа  «бөлшек сандар» алғандар 3 топқа орналасады.                                                                                    (5 мин)

Бағалау  критерийі:

  1. Білімділігі
  2.  Ойлау жылдамдығы
  3.  Математикалық тілі
  4.  Топпен жұмыс жасауы
  5.  Жекелей жұмыс жасауы

Бағалау парағы

р/с Оқушының тегі, аты Талдау Топпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Сәйкестендіру тесті БАҒА
1 Аңсар          
2 Гузель          
3 Данияр          
4 Раиса          
5 Гүлназ          
6 Сания          
7 Нұргүл          
8 Гаухартас          
9 Бахтияр          
10 Жандос          
11 Алмагүл          
12 Жанар          

 

2 мин

Сабақтың барысы 

2. Мұғалімнің іс-әрекеті        Оқушының іс-әрекеті                   
Ой-қозғау-3мин.

Сыеи ойлауын дамыту мақсатында

Бұл кезеңде «Теңсіздік» сөзінің әріптерін «бағдаршам» түсіне байланысты үш   түске бояп жазып , бағдаршам сөзін жасырамын.

Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын жақсарту мақсатында Сәлемдесу тренингісін АКТ-ның көмегімен өткізу

 

 

Оқушылар   үш түстің қайталануы 3-ші әріптен басталатыны , дауысты , даыссыз әріптер бірдей түспен жазылғандығы , бағдаршам түсіне келетіні туралы айтады.

 

 

(5 мин)

Сағаттың 12 тіліне  сыныптағы достарын қалағандарынша жазу,  берілген цифрлар бойынша берілген әрекеттерді жасау.

Диалог құру мақсатында

Топпен жұмыс(өмірмен байланысты сұрақтар қою) кластер құрау, әр топ бірі-біріне сұрақтар қою.

 

Топпен жұмыс

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында  тақырыпқа байланысты оқулықтың әр бөлімдерді талдауға арналған 3 топқа кластер

 

 

                                                                           (4 мин)

1 топқа –Теңсіздікті қалай түсіненсіңдер?

2- топқа – Теңсіздік ұғымын кімдер қолданады?

3- топқа – Әсіресе кімдер  көп қолданады?

 

(5 мин)

1-топ

2-топ

 

 

3 топ

10 мин деңгейлік тапсырмалар  .

Оқуды тиімді бағалау білім беру,

Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру

 

 1)Дарынды балаларға:   өздері жасаған 3 түйіннің ерекшеліктері мен ұқсастығы туралы  АКТ-да постер  жасау

2)  орташа деңгейдегі оқушыларға  оқулықтан   3 тұжырым бойынша сәйкес есептерді таңдап, шығару жолын көрсету,

Төмен деңгейдегі оқушыларға өз қалаулары бойынша 1 тұжырымға есеп таңдап шығару жолын көрсету тапсырылады.

                           Бекіту                                                                             5 мин               
3.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тақырып бойынша 3 негізгі тұжырымға  сәйкес графиктер бойынша сұрақ қою. Бұрынғы білімдерінастарлай отыра, сәйкес графикке  сәйкес жауабын құру немесе керісінше.
                                                         Бағалау                                   3 мин
4. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау мақсатында

Критериалды бағалауға бейімдеу

Топтардың бағаларын талдау

Қорытынды бағаны шығару

Топтағы оқушылар бірін-бірі келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1.      Білімділігі

2.      Ойлау жылдамдығы

3.      Математикалық тілі

4.      Топпен жұмыс жасауы

5.      Жекелей жұмыс жасауы

Үйге тапсырма                         1 мин
5.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 Мен үй тапсырмасын беріп, оқушылардың  формативті бағалауынан кейін өз суммативті бағалауымды аяқтамын күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын. Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларын қояды, үйге тапсырманы жазып алады.

 

Рефлексия                        1 мин

6.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар арқылы сабаққа кері байланыс жасату Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі.

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master