Достықтың қанша түрі бар?

Достықтың қанша түрі бар?,-деп бір данышпаннан сұрапты.
– Төрт.
Бір дос бар, нәр беретін азықтай – оларды күнделікті қажетсінесің.
Бір дос бар, дәрі іспеттес .Жаныңның шипагері бола алады.
Бір дос бар, басыңа қонған дерт сияқты. Олар бірдеңе қажет болғанда өздері-ақ сені тауып алады.
Сонымен қатар, достың ерекше түрі бар – ауа сияқты. Олар әрдайым көріне бермейді, бірақ та олардың әрқашан да сенімен бірге екенін біліп жүресің!

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master