Биологиядан сұрақтар

                                 Ашық тұқымды өсімдіктер

1. Оқулықты пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Ашық тұқымдыларға шөптекті өсімдіктер жата ма?

2. Олардың қанша түрі бар?

3. Шыршаның қарайғадан қандай айырмашылығы бар?

4. Арша, қылша өсімдіктерінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

5. Қарағай, шырша, балқарағай өсетін орманды не себепті қылқан жапырақты орман деп атайды?

6. Қылқан жапырақтылардың тұқымдары қайда жетіледі?

7. Кәдімгі қарағайдың аналық бүрі суретін талдап, анықтамаларын жаз.

8. Төменгі ұғымдарды түсіндір.

а) Бүр ————————————————————————————

ә) Қабыршақ —————————————————————————

9. Тұқым бүршігінің құрылысын талдап, аттарын орнына жаз:

——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————Аналық бүрде (ұзындығы 4-5 см) қабыршақтар жетіледі, ішкі қабыршақтың қолтығында екі тұқым бүршігі жетіледі. Тұқым бүршігінің сыртындағы қалың қабығының ішінде – спорангий қабығы, ал оның ішінде бір спора түзіледі. Спорадан аналық өскінше (гаметофит) жетіледі де, онда 2 архегоний пайда болады.

10. Мына ұғымдарды түсіндір.

Спора түзуші жапырақшалар ——————————————————————————-

Спорангийлер ————————————————————————————————-

Споралар ——————————————————————————————————-

11. Аталық гаметофитті талдап, анықмаларын жаз.

Аталық бүрлердің мөлшері бидай дәнінен сәл ірі болады. Олар бірігіп, масақ түзеді, ал бүрдің осінен спора түзуші жапырақшалар жетіледі. Олардың қолтығында 2-ден спорангий болады. Спорангий түзілген спора ауаның ағынымен споралардың екі бүйіріндегі ауа қапшығы арқылы таралады. Споралардан бірнеше жасушалы аталық өскінше (гаметофит) пайда болады. Еріп кеткен соң тозаң жолының жасушасы, екі спермия жасушасы қалады.

12. Тозаңдату кезінде аталық бүрде жетілген спора аналық бүрдегі тұқым бүршігінің аузына келіп түседі. Ұрықтанудың қалай жүретінін оқулықтан тауып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Спорадан түзілген аталық гаметофиттегі екі спермияның тозаң жолы арқылы бірі келіп, тұқым бүршігі ішіндегі аналық гаметофиттегі екі архегонийдің біреуіндегі жұмыртқажасушасын ғана ұрықтандырады. Сонда екінші спермия мен екінші архегонийдегі жұмыртқажасушасы ұрықтанбай, сақтала ма?

13. Ұрықтанған жұмыртқажасушадан не түзіледі?

14. Ұрықтанғаннан кейін аналық бүрдегі тұқм бүршігінің өзгерісінен не пайда болады?

15. Не себепті қарағайды ашық тұқымды өсімдіктерге жатқызады?

16. Қарағайдың спорофиті басым ба немесе гаметофиті басым ба?

17. Осындай даму барлық ашық тұқымды өсімдіктерге тән бола ала ма?

Жабық тұқымды өсімдіктер

1. Жабық тұқымдылар және олардың шаруашылықтағы маңызы тақырыбын оқулықтан оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.

Жабық тұқымды өсімдіктерді не себепті гүлді өсімдіктер деп атайды?

2. Жабық тұқымды өсімдіктердің қанша түрі бар?

3. Гүл мүшелерінің маңызын түсіндір.

Тостаған жапырақшалары ———————————————————————————-

Күлте жапырақшалары ————————————————————————————–

Аталықтары —————————————————————————————————-

4. Төмендегі түзілістердің мәнін түсіндір.

Аналық үш бөлімнен тұрады ——————————————————————————-

Тұқым бүршігі ————————————————————————————————-

Тұқым бүршігі қабығы ————————————————————————————–

Спорангий қабығы ——————————————————————————————-

Спора ————————————————————————————————————

Ұрық қалтасы ————————————————————————————————–

жұмыртқажасуша ———————————————————————————————

Орталық жасуша ———————————————————————————————-

Гүлдің аналығы үш бөлімнен тұрады: аузы, мойны, түйіні. Түйіннің іші қуыс болады. Онда бір немесе көп тұқым бүршігі жетіледі. Тұқым бүршігінің сыртында қалың қабығы болады, ішіндегі қабаты – спорангийдің қабырғасы. Спорангийде бір спора жетіледі. Спора өніп, өскіншеге (гаметофит) айналады. Ондағы 7 жасушаның біреуі, жұмыртқажасушасы, екінші біреуі – орталық жасуша, қалғандары өскінді жасушалар.

5. Аталықтары туралы төмендегі түзілістерге түсінік жаз.

Аталық жібі —————————————————————————————————-

Тозаң қабы —————————————————————————————————–

Аталық өскінше (гаметофит) ——————————————————————————-

Тозаң жолы —————————————————————————————————-

Екі спермия —————————————————————————————————-

6. Тозаң мен аталық өскіншені талдап, аттарын жаз.

Тозаң қабында түзілген спора тозаңдату кезінде аналықтың ауызына түсіп, толық аталық өскіншеге айналады. Ол екі спермия және тозаң жолынан тұрады. Екі спермияның біріншісі – ұрық қалтасындағы жұмыртқажасушаны, екіншісі, орталық жасушаны ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқажасушадан – зигота, одан ұрық пайда болады. Ұрықтанған орталық жасушадан эндосперм түзіледі. Эндоспермде тұқымның өнуіне қажетті коректік заттар жиналады. Тұқым бүршігінен – тұқым, аналық түйіннен жеміс қабы  пайда болады. Тұқым жеміс қабының ішінде жетіледі, сондықтан жабық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Эндосперм алғаш барлық өсімдіктерде болады, ал кейбір өсімдіктерде кейінірек эндоспермнің жасушалары еріп, өсіп келе жатқан ұрықтың корегіне жұмсалады. Ондай өсімдіктердің тұқымдағы коректік зат спорангийдің қабығынан пайда болған жарнақтарында жиналады.

7. Анаықты өсімдіктердің ерекшеліктері туралы төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Архегонды өсімдіктерден қандай белгілері арқылы ажыратылатынын талдап түсінгеніңді жаз.

Гүлі, оның құрылысы —————————————————————————————-

Жемісі, оның құрылысы ————————————————————————————-

Қалың қойған сөзді толықтырып жаз. Жабық тұқымды өсімдіктердің спорофиті басым, ——————————————— бірнеше жасушадан тұратын болып қысқарып кеткен ——————————————————————— .

8. Жабық тұқымды өсімдіктер түрлерінің шаруашылықтағы маңызын талдау үшін өсімдік топтарының қандай мақсатта егілетіні туралы білетініңді жаз.

а) бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері ————————————————————

ә) қауын, қарбыз, қияр, асқабақ ————————————————————————

б) пияз, аскөк, қызан, сәбіз, бұрыш ——————————————————————-

в) зығыр, күнбағыс, мақта, қызылша, картоп ——————————————————-

г) алма, өрік, шие, алмұрт, шабдалы, беже———————————————————–

9. Төмендегі сұрақтардың  дұрыс жауаптарының астын сыз. Тұқымы  аналық бүрде қабыршақтардың қолтығында жетілсе, қандай өсімдіктер тобына жатады?

One Comment

  1. Акерке says:

    маған олимпиада тапсырмалары керек

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master