Өлкетану (таңдаулы курс)

  Жамбыл обысы

Сарысу ауданы

 Донда Сенбин атындағы орта мектебінің

тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі

Дина Беклербекқызы Бейсембинова

Өлкетану (таңдаулы курс)

Түсінік хат

 

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу

алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,

табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»

Н.Ә.Назарбаев

 

   Қазіргі заман талабына сай маман даярлау мен болашақ маман иелерін оқыту бүгінгі таңдағы басты мақсаттар мен міндеттердің бірі екендігі белгілі. Білім берудің тиімді түрлеріне қол жеткізу үшін оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, қолдану, бағалау қажет. Бұл оқушы мен мұғалімнің жүйелі де жоспарлы іс-әрекетінің нәтижелерінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Өлкетану» курсына арналған бағдарламада көптеген шарттары қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері – «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» – деп айтылған.

Бүгінгі ХХІ – ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.

Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған елді мекендер атаулары өр ғасыр шежіресінен сыр тартып, салт-дәстүрден, халықтың өмір-тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығын да ұлтымыздың, ата-бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер –судың атауы-тарихтың хаты» деген халық атауында терең мазмұн, сындарлы салмақ жатыр.

Сондықтан да «Өлкетану» үйірмесінде оқушылардың туған өлкесі туралы, оның шығу себептері мен тарихнамасын естен шығармауға өз мәселесінен туған өлке тарихын бірінші орынға қоюға баулиды.

Осы орайда ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларға әдеп, экономикалық білім негіздері, экология пәндері мен тығыз байланыста меңгеріледі. Оқушылардың Қазақстан географиясы, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті пәндері негізіндегі білімдеріне сүйенеді.

  Бағдарлама 34 сағат (1 жыл) 7-8 сыныптар аралығына жоспарланған. Оқушының шығармашылық қабілетін, ізденімпаздылығын, тұжырымдылық қабілетін дамытуды алға мақсат етіп қойдым.

Мақсаты:

Туған өлке табиғатын зерттеп, оның проблемаларын шешу жолдарына оқушыларды бағыттай отырып, олардың белсенділігін, ізденімпаздылық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың тарих, география пәнінен алған білімдерін дамыта отырып, ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру, оқушының дарындылығын, шығармашылығын арттыру;

 

  • Оқушыларды туған өлкесінің тарихымен, шежіресімен, халқының саны және ауданның аймақтарымен толықтай таныстыру.
  • Оқушылардың жас ерекшелігіне, білімді қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім жүйесін күрделендіре түсу;
  • Оқушыларды өз өлкелерінен шыққан өнер адамдарымен, тарихи ескерткіштерімен, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімен, ардақты аналарымен және ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтарымен таныстыру;
  • Сөз мәдениетін, кәсіби тілдік шеберлігін дамыту;
  •  Оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құрметтеуге  баулу.
  • Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін артырып, туған өлкенің тарихын құрметтей білуге  тәрбиелеу;

Ғылыми идеялылығы:

 

                   Қасиетті ата мекен мен өзіңмен тілдесем

                               Бабалардың тері тамған құт қонысын білмесем.

                               Онда құрттай жүрегімнің бәр кінәсін кешпес ең.

                                    Онда менде, жұмыр жерде табан тіреп жүрмес ем.

Ф. Сахи

  Ақын ағаның жырындағыдай құт атамекенді танып білмесек онда өзіміздің туған жеріміз жайында ештеңе білмегеніміз. Осы қателікті түзеу негізінде «Өлкетану» курсын жүргізе отырып, жергілікті жердің географиялық орнын, оның табиғи ерекшеліктерін жан жақты зерттейміз. Келешек ұрпаққа елдің экономикасын дамытуға, экологиясын, тарихы және табиғи ескерткіштерін қорғау жолында кешенді еңбек етуге баули отырып, зерттеушілік қабілетін дамыту

Өлкетану

       Дегенмен, бұл мәселені педагогика ғылымы тұрғысынан қазіргі талапқа сай шешу үшін өлкетану материалдарын орта буында қалай пайдалану керек дегенді ғылыми-педагогикалық аспектіде қарастырудың маңызы ерекше. Себебі оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге қажетті материалдар негізінен орта мектептің 5–9 сыныптарында өтілетін пәндерде шоғырланған.        

 Жоғарыдағы ғылыми еңбектерде өлкетану материалдары әр қырынан зерттелгенімен, біздің жұмысымызда өлкетану материалдары негізінде кіріктірілген бағдарлама бойынша жалпы білім беретін негізгі мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жолдары тұңғыш рет қарастырылып отыр. Оқушы жастарға жаңа әлеуметтік даму жағдайында өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінде белгілі қарама-қайшылықтың бар екенін ескере келіп, зерттеу тақырыбымызды «Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу» деп алуымызға тура келді.

Зерттеу мақсаты: өлкетану материалдарының ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындап, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны: негізгі мектептегі оқу- тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: өлкетану материалдарын пайдалану арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде өлкетану материалдарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие жүйесіне тиімді пайдаланса, онда оқушы – жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтасы артып елжандылық сезімі оянатын болады. Өйткені өлкетану материалдары оқушылардың туған өлкені жан-жақты терең танып білуіне, елжандылық сезімінің арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады.

 

 

Толық  (көшіріңіз)

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master