Интеллектуалдық казино

Тақырыбы:  Интеллектуалдық казино

Қатысушы сыныптар:  9 – 10

Мақсаты: оқушылардың биология пәнінен «Генетика» тарауынан  алған білімдерін бекіту, бақылау қызығушылықтарын арттыру.

Түрі:ойын

Көрнекілігі: «ақыл»-фишкалар, интербелсенді тақта (слайд)

Барысы:

1.Ұйымдастыру  Ойын алаңы  казино сияқты  безендіріледі,  ойыншыларға  алдын ала бәріне бірдей мөлшерде «ақыл» беріледі. (10 ақылдан)

Ойыннның шарты: ойыншылар казино алаңына  жиналады. Оларға сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Олар өздерінің  шамасына қарай көнге «ақыл» тігеді. Сұраққа жауап берсе  көнге тігілген барлық ақылда иемденеді. Ақылдары азайған немесе тауысылған екі ойыншы 2-ші бөлімнен кейін  ойыннан  шығады. Қалған ақылдарын көнге қойып кетеді. 4-ші бөлімнен кейін тағы ақылдары азайған немесе таусылған екі оқушы ойыннан шығады. Қалған ақылдарын көнге қойып кетеді. Қалған екі оқушының қайсысы көп ақыл жинаса, сол оқушы жеңімпаз атанады.

Сайыс сұрақтары мынадай  бөлімдерге  топтастырылған:

  1. 1.     Ұлы есімдер
  2. 2.     Белгілер сыры
  3. 3.     Ұғымдар
  4. 4.     Заңдар
  5. 5.     Мен генетикпін
  6. 6.     Есептер әлемі

              1 – бөлім  «Ұлы есімдер»

1. Ген, генотип, фенотип  терминдерін енгізген кім?  Иогансен

2. Тұқым қуалаудың хромасомалық теориясын ашқан ғалым.  Морган

3.Бұл кім?  Мендель

4.ДНК –негізгі тұқымқуалау заты екенін  анықтаған ғалым. Эрви

5. «Генетика»  терминін енгізген ғалым.  Бэтсон

 

             2- бөлім  «Белгілер сыры»

1. ♂белгісі (аталық дараның жыныс белгісі)

2. ♀ белгісі (аналық дараның жыныс белгісі)

3. Р белгісі (ата-аналық даралар белгісі)

4. Г белгісі (гаметалар белгісі)

5. Ғ белгісі (ұрпақ белгісі)

 

               3- бөлім  «Ұғымдар»

1. Тұқымқуалаушылық (организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілеті)

2. Өзгергіштік (организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы)

3.Фенотип (организмнің ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы)

4. Генотип (организмнің ата-аналарынан алған барлық гендерінің жиынтығы)

5. Доминантты (бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шыққан белгі)

 

 

              4 – бөлім  «Заңдар»

1. Мендельдің І – заңы. (бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркекі болу заңы)

2. Генотип бойынша  1 АА: 2Аа:1 аа бойынша ажырау жүретін заң. (Мендельдің ІІ заңы)

3. Дигибридті  будандастыруда Мендель өсімдіктің қандай белгілерін  алып, қандай заң ашты? (белгілердің тәуелсіз тұқымқуалау заңы н/е Мендельдің ІІІ заңы)

4. Фенотипі бойынша 3:1-ге тең қатынасында жүретін заң. (Мендельдің ІІ заңы)

5. Дрозофила шыбынына тәжірибе жасау арқылы ашылған заң. (Морган заңы н/е тіркес тұқым қуалау заңы)

 

              5 – топ «Мен генетикпін»

1. Адамның ататегіне шежірелік сызбанұсқа құрылып, оған талдау жасау арқылы зерттеу әдісі. (генеалогиялық әдіс).

2. Хромосомалардың соңғы 23-жұбында артық бір жыныстық Х-хромосома (ХХУ) болатын ер адамдарда кездесетін ауру түрі. (Клайнфельтер ауруы)

3. Егіз туылған балаларды бір-бірімен салыстыру арқылы зерттеу әдісі. (егіздерді салыстыру әдісі)

4. Әйел жынысына тән екі Х-хромосоманың біреуі болмайтын (ХО) ауру түрі. (Шерешевский – Тернер ауруы)

5. Дене жасушасындағы хромосомалардың саны мен құрылысына талдау жасау арқылы зерттеу әдісі. (цитогенетикалық әдіс)

 

             6 –бөлім   «Есептер  әлемі»

1. Қара – доминантты, ақ – рецессивті. Гетерозиготалы қара қоянды ақ түсті қоянмен шағылыстырғанда алынатын ұрпақтардың  генотипі мен фенотипі қандай?

А-қара,  а-ақ.

Р  Аа  х    ♀ аа

Г     А    а       а

Ғ1    Аа    аа

Жауабы: Генотип: 50/50.  Фенотип: 50/50

2. Аналық жыныс жасушасы – 44+ХХ қандай гаметалар түзеді? (22+Х, 22+Х)

3. Сары түс – А, жасыл түс – а, ал тегіс бұдырға қарағанда доминантты. Мына дәндердің генотипі бойынша  фенотипін анықта: ааВВ, АаВВ, ААВв, Аавв, ааВв, ААвв. (жасыл- тегіс,сары-тегіс, сары-тегіс, сары-бұдыр, жасыл-тегіс, сары-бұдыр)

4.Домалақ  пішін –  доминантты, сопақ пішін – рецессивті, гетерозиготалы домалақ пішінді  томатты өзара шағылыстырғанда  алынатын ұрпақтардың  генотипі мен фенотипі қандай?

А-домалақ,  а-сопақ.

Р  Аа  х    ♀ Аа

Г     А    а       А   а

Ғ1    АА    Аа      Аа     аа

Жауабы: Генотип: 50/50.  Фенотип: 3:1

5. Аталық жыныс жасушасы – 44+ХУ қандай гаметалар түзеді? (22+Х,   22+У)

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master