Атамекен (авторлық бағдарламасы)

Түсінік хат

         География мен тарих пәніндегі берілетін білімде Кереку өңірінің георафиясы мен тарихынан материал аз берілгендіктен оқушы өз өлкесінің тарихи географиялық жағдайын толық білу үшін осы арнаулы курс жұмысын жүргізу қажеттілігі заманның талабы болып отыр.

Курс мынадай пәндермен пәнаралық байланыс жасайды: География, тарих, биология, экономика, қазақ әдебиеті т.б. Бұл пәндермен тығыз байланыс жасауы себеп Гимназияның қоғамдық-гуманитарлық профильде болуынан. Болашақ маман иелерінің кейбір мамандығына қажетті дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

«Атамекен » арнаулы курс негізгі мақсаты – оқушыларға өз өңірінің тарихын, табиғатын, экологиялық жағдайын, өлкенің дамуына өз үлестерін қосқан тарихи тұлғаларын, әлеуметтік және экономикалық жағдайын оқыту. Үйірме бағдарламасын оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар өңір табиғатын, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық ресурстық жағдайын бағалай алатын жағдайда болу. Сондай-ақ экономикалық, экологиялық проблемаларды анықтап оны шешу жолдарын ұсына алуы. Әр сыныпқа бағдарлама жас ерекшеліктеріне қарай жасалған. Кей тақырыптар қайталануы мүмкін сынып жоғарлаған сайын қайталанған тақырыптар күрделеніп мәліметтер толықтырылып оқытылады.

Оқыту жоспарына сәйкес 5-9 сыныптар арасына әр сыныпқа аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

«Атамекен » арнаулы курс теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Теориялық бөлімінде курс барысында оқушылар негізінен негізгі білім көздерін алады. Ал, практикалық бөлімде теориялық алған білімді, өмірде қалай қолдануға болатынын және оның адам баласына әкелетін пайдасы туралы анықтайтын болады.

Арнаулы курс мазмұны:

         Үйірме мазмұны оқуышлардың географиялық тарихи ойлац қабілетін қалыптастырып дүниетанымдық идеяларды біліктілік пен дағдыны және география пәні курстарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Павлодар өңірінің зерттелу тарихы, жер бедерінің қалыптасуы, ауа райына ықпал ететін факторлар, өлкенің тарихи ескерткіштері т.б. тақырыптарды қамтиды. Үйірменің теориялқ бөлігімен қатар практикалық, семинар сабақ түрлері қарастырылған.

Бағдарлама құрылымы:

  1. Түсінік хат
  2. Базалық білім мазмұзы
  3. Білім, білік дағдыларға қойылатын талаптар

 

Бағдарламаның мақсаты: Оқушының өз атамекенінің тарихы мен физико-географиялық жағдайын оқыту. Сонымен бірге оқушының жеке тарихи және жағрафиялық танымын қалыптастыру арқылы  тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

–         Оқушының өзінің атамекені туралы білім деңгейін арттыру;

–         Оқушының өз бетінше туған өлкесі жайлы мәліметтерді жинақтау;

–         Туған өлкені ерттеушілердің еңбектерімен танысу;

–         Атамекеннің тарихымен таныстыру;

–         Өлкедегі археологиялық ескерткіштермен таныстыру;

–         Туған өңірден шыққан тарихи тұлғалармен танысу;

–         Аумақтың физико-географиялық жағдайымен таныстыру;

–         Ірі физикалық нысандарды картаға салып үйрету;

–         Аумақтың климат  жағдайымен  таныстыра отырып климаттың шаруашылық жағдайға әсерін оқыту;

–         Гидрографиялық торымен таныстыру арқылы өзен көлдерді кескін картаға түсіру;

–         Өлкедегі өсімдік түрлерімен таныса отырып гербарий жинауға және өсімдіктерді ажыратуға үйрету;

–         Жануарлар дүниесімен танысу;

–         Өлкенің экологиялық жағдайына баға бере отырып оның шешу жолдарын қарастыру;

–         Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыландыру;

–         Шешендік өнерін арттыру

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

–         Оқушы өз олкесінің географиялық орыны;

–         Аумақпен көршілес өлкелерге қатысты жағдайын;

–         Аумақтың мәдени,  тарихи ескерткіштерін;

–         Өлкені зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныс болу;

–         Өлкенің ауа райын;

–         Гидрографиялық торын;

–         Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің таралу географиясын;

–         Аумақтың ресурстық қамтамасыз етілуін

–         Өлкеде аты мәшһүр болған азаматтардың өмірбаяндарын;

–         Экономикалық әлеуметтік проблемалар мен жетістіктерін;

–         Экологиялық мәселелердің туындау себебім мен оның шешу жолдарын қарастыра білуі тиіс.

5- сынып  (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

І Кіріспе  /1 сағ/

Екібастұз өңіріне жалпы шолу

ІІ Тарихы терең шежірелі өлке  / 6 сағ/

Ежелгі дәуір тарихына жалпы шолу, Тас ғасыры , Қола дәуірі, Темір дәуірі

Аумақты ертеде өмір сүрген тайпалар

№1 Семинар сабақ

ІІІ. Өлкені зерттеушілер сыр шертеді /7 сағ/

ХУІІ-ХІХ ғ.ғ. зерттеушілер еңбегіне шолу

И.Д. Бухгольц еңбектерінде, Г.Ф. Миллер

Г.Н. Паллас, И.П. Фальк,  Ю. Клопрат, И.П. Карелин

Г.Н. Шербина экспедициясы, Г.Н. Потанин,

Отандық зерттеушілер Ш. Уәлиханов ,

Қ.И. Сәтбаев еңбектері

№1 Сарамандық жұмыс

Зерттеушілердің еңбектерімен танысу. Олардың жүрген жолдарын картаға түсіру.

ІУ. Жер бедері  /4 сағ/

Баян-ауыл таулы өлкесі, Батыс –Сібір жазығы, Ертіс-Құлынды жазығы

№2 Сарамандық  жұмыс

Негізгі жер бедерінің түрлерін картадан анықтау. Картадан негізгі табиғи обьектілерді анықтау.

У. Климаты /3 сағат/

Жаздағы орташа температура (Шілде айындаы)

Қыстағы орташа температура (Қаңтар айындағы)

№3 Сарамандық жұмыс

Климаттың компоненттерімен танысу. Анықтамалармен жұмыс жасау.

 

УІ. Өзен көлдері /5 сағ/

Ертіс, Шідерті,Өлеңті, Сілеті көлі

№4 Сарамандық жұмыс

Өзен көлдердің шаруашылық маңызы.

Кескін картаға ірі өзендер мен көлдерді түсіру.

 УІІ. Кереку – Баян өңірін мекендеген тарихи тұлғалар /8 сағ/

Бұхар Жырау, Жасыбай батыр, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мұса Шорманұлы, Жаяу Мұса, Торайғыр би, Исабек ишан

 

Қорытынды /1 сағ/

 

6 cынып (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

 

І. Кіріспе /1 сағ/

ІІ. Тарихи ескерткіштер  / 5 сағ/

Археологиялық тарихи ескерткіштерге жалпы шолу

 

Шідерті өзені бойындағы қола дәуірінің ескерткіші

Қимақтар мекені, Ақкөл-Жайылма бойындағы хан ордасы

№1 Семинар сабақ

 

ІІІ. Жер бедері /4 сағ/

Жер бедерінің қалыптасуы,Таулар, Жазықтар

№1 Сарамандық жұмыс

Жер бедерінің негізгі формаларын анықтау. Оларды картаға түсіру.

ІУ. Өлкемен шектесетін облыстардың танысу /3 сағ/

Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы Ресей федерациясы аумақтары

У. Өсім діктер мен жануарлар дүниесі / 11 сағ/

Өсімдіктер дүниесіне жалпы шолу, тБаянауыл өңірінің өсімдіктер дүниесі

Ертіс орман алқабының өсімдіктер дүниесі, Дәрілік өсімдіктер

Қандыағаш сыр шертеді… Cүт қоректілер, жыртқыштар, Құстар

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар енген жануарлар.

№2 Сарамандық жұмыс

УІ. Кереку- Баян өңірінен шыққан ақын, әншілер /6 сағ/

С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, Естай Беркімбаев, Иса Байзақов,

Майра Шамсутдинова

УІІ. Пайдалы қазбалары / 4 сағ/

Көмір, Алтын, мыс т.б., Құрлыс материалдары

№3 Сарамандық жұмыс

Негізгі пайдалы қазбалар алынатын кен орындарын картадан тауып кескін картаға түсіру. Жылдық алынатын пайдалы қазба көлемін анықтау

УІІІ.  Экологиялық жағдайы /2 /

Облыс экологиясын бұзатын көздер

№4 Сарамандық жұмыс

Экологиялық ластушы көз түрлерін анықтау.

 

Қорытынды   /1 /

7 – сынып (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

 

І. Кіріспе  /1 сағ/

ІІ. Орта ғасырдағы аумақтағы тарихи жағдай  /4 сағат /

Түркі дәуіріндегі өлке, Моңғол дәуіріндеі өлке , Дешті – Қыпшақ даласының құрамындағы өлке, Қазақ хандығы дәуіріндегі өлке

 

ІІІ. Жер бедері  /5 сағ/

Географиялық орны,  Жер бедерінің қалыптасуы

Аумақтың геологиялық құрлысы мен геоморфологиялық жағдайы

Жер бедерінің басты ерекшеліктері

№1 Сарамандық жұмыс

Өңірдің географиялық орнын анықтау, аумақтық геологиялық  картасын сызу.

ІУ. Өңірдің картасы  /8 сағ/

Алғашқы картасы, Физикалық карта, Әкімшілік аумақтық картасы, экономикалық картасы, Геологиялық картасы, Пайдалы қазбалар картасы

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі картасы

№2 Сарамандық жұмыс

Карта түрлерімен танысу. Кескін картаға тақырыптық карталарды салу.

 

У. Кереку-Баян өңірінен шыққан ғалымдар мен өнер тарландары / 7 сағ/

Қ. Сәтбаев, А. Бектұров, Ш. Шөкин, Е. Бекмақанов, Ә. Марғұлан,

Ш. Айманов, К. Кенжетаев

УІ. Экологиялық жағдайы /6 сағ/

Облыс аумағында болатын экологиялық апат түрлері, Атмосфераның ластануы, Топырақ қабатының тозуы, Ақкөл-Жайылманың экологиялық жағдайы, Экологиялық ахуалды қалпына келтіру жолдары

№3 Сарамандық жұмыс

Экологиялық жағдайларға баға беру. Табиғи, техногендік апаттың алдын алу жолдарын қарастыру.

Қорытыныды  /1 сағ/

 

8- сынып (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

І. Кіріспе /1 сағ/

ІІ. Тарих /6 сағ/

Ресей патшасының отарлауы тұсындағы өңір, ХХ ғасыр басындағы өңір

ХХ ғасырдың 30 жылдарында индустриаландыру кезіндегі өлкенің ресурстарының игерілуі, ҰОС кезіндегі өлке жағдайы, Тың игеру кезіндегі өлкенің шаруашылық жағдайы

№1 Семинар сабақ

ІІІ. Пайдалы қазбалардың таралу географиясы /4 сағ/

Көмір кен орындары, Металл және полиметал кен орындары

Құрлыс материалдары кен орындары,

№1  Сарамандық жұмыс

Өлкедегі табиғи ресурстардың таралған аумақтарын картадан тауып кескін картаға салу.

ІУ. Климаты /4 сағ/

Климат қалыптастырушы факторлар, жыл мезгілдері бойынша ауа райы (Қаңтар мен шілденің орташа температурасы), Жауын шашын мөлшері (Қаңтар мен шілденің орташа жауын-шашын мөлшері)

№2 Сарамандық жұмыс

Жыл бойы түсетін жауын шашын анықтау, климаттық картамен жұмыс жасау. Аумақтағы климат түрлерімен танысу.

 У. Гидрографиялық тор /10 сағ/

Өзендер: Ертіс, Шідерті, Өлеңті  Түндік

Қ.И. Сәтбаев атындағы каналы

Көлдер: Сілеті, Үлкен және кіші Қалқаман,  Қарасор, Құдайкөл, Жамантұз

Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр

№3   Сарамандық жұмыс

Өзен көлдердің шаруашылықтық қызметін анықтау. Карта арқылы облыс аумағындағы өзендерге физико-географиялық сипаттама жасау.

УІ. Топырақ зонасы /5 сағ/

Топырақ қабатының қалыптасуы, Қара, қара қоңыр, каштан топырақ

Топырақ эрозиясы және оның алдын алу шаралары, Мелиорация

№4 Сарамандық жұмыс

Облыс аумағындағы топырақ түрлерін картадан анықтау. Облыс аумағындағы топырақ эрозиясының пайда болу себебін анықтау.

УІІ. Экологиялық жағдайы /7 сағ/

Семей полигоны, Ірі өнеркәсіптік аумақтар экологиясы

Павлодар қаласы экологиялық жағдайы, Екібастұз қаласы экологүиялық жағдайы, Ақсу қаласының экологиялық жағдайы, Егістік алқаптарыдң экологиялық жағдайы

№5 Сарамандық жұмыс

Экологиялық жағдайды ушықтырып отырған  көздерді анықтау

Қорытынды сабақ /1 сағ/

9 сынып (аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

І. Кіріспе   /1 сағ /

ІІ. Тәуелсіздік жылдарындағы өлке  /4 /

1991-1997 жыл аралығынды, 1997-2007 өркендеу замааны

2007-2010 жылдары әлемдік дағдарыс кезеңі

ІІІ. Халық  /4 сағ /

Табиғи өсіммен механикалық өсім, Халқының құрамы (ұлттық, жыныстық, жастық), Экономикалық белсенді халық, еңбек ресурстары

№1 Сарамандық жұмыс

Халықтың ұлттық, жастық, жыныстық құрамын анықтау.

ІУ. Ауыр өнеркәсіп  /15 сағат/

ОЭК, Екібастұз МАЭС-1,2, Богатьр, Шығыс, Майкүбі кесінділері

№2 Сарамандық жұмыс

ОЭК құрылымын жазу. Ірі кен орындарына сипаттама беру.

Металлургия: Қараметаллургия Ақсу ферроқорытпа зауыты

Түсті металлургия ,Бағалы металлдар Майқайын алтын Ауыр металл Бозшакөл, Жеңіл метал Алюминий гидролизі

Машина жасау кешені, Қазақстан трактор зауыты

Химия саласының дамуы

№ 3 Сарамандық жұмыс

Метал кен орындаырн анықтау, Металлургия комбинаттарының қалыптасу тарихымен ондағы өндірілетін өнім түрлерімен танысу.

У. АӨК  және жеңіл өнеркәсіп  /5 /

Агроклиматтық ресрусы, Өсімдік шаруашылығы (дәнді дақылдар, бау-бақша)

Мал шаруашылығы , Тамақ және жеңіл өнеркәсіп

№4 Сарамандық жұмыс

Карта арқылы өлкенің агроклиматтық ресурстық жағдайын анықтап бағалау. Ауыл шаруашылық түрлерімен танысу.

УІ. Инфро құрылым қызметкөрсету  /5 сағ/

Көлік және байланыс,Әлеуметтік қызметкөрсету орындары

Білім мен ғылым, Рекреациялық ресурстар (Туризмді дамыту мүмкіндіктері)

УІІ. Сыртқа байланыстар /1 сағ/

Экономикалық, мәдени, байланыстар

 №5 Сарамандық жұмыс

Өңірдің инфрақұрлымына баға беру, сыртқы және ішкі байланыс түрлерімен танысу. Өлкедегі туризмді дамыту перспективаларына қарастыру.

Қорытынды. /1/

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Еңсебаев Т.А..Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер. 1 бөлім. Көне дәуірден XX ғасырға дейін Павлодар 2001 ж.

 

2.Кереку-Баян өңірінің батырлары  бойынша мақалалар мен материалдар жинағы / құраст. Ә.Қ. Елемесов. – Павлодар : Кереку, 2008. – 182 б.

3. Дюсебаева Гульнар Каратаевна История г. Павлодара: социально-экономическое, культурное и политическое развитие

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master