Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз

Байқоныр қаласы
Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы

білім беретін №14 орта мектеп

Бекпанова Бағила

 Сабақтың тақырыбы:   Жеке  адам  өміріне  қатысты  ісқағаздарының  түрлері,  оның  тілдік  құрылымдық  ерекшеліктері. Өмірбаян,  өтініш,  арыз.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушыларға  ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде  жеке  адам  өміріне  қатысты  ісқағаздарының  түрлері,  оның  тілдік ,  құрылымдық  ерекшеліктері    туралы  түсінік  бере отырып, өмірбаян  мен  өтініш,  арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;

дамытушылық: : Оқушылардың  іскерлік  дағдысын  қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік:  құжат  үлгілерін  толтыруда  ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  және жауапкершілікке  тәрбиелеу, оқушыларды  сыйластыққа, бір – бірінің  пікірін тыңдауға  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: : Б. Блум жүйесі бойынша ,түсіндіру, репродуктивтік,ішінара іздену, проблемалық   сұрақтарды  шешу

Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар

Тех. құрал-жабдық:   мультимедиялық  проектор

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ  тілі, ағылшын

Сабақтың барысы:       І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI.  Жаңа сабақты қорытындылау

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау

 I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Терминдер  және  сөз  мәдениеті тақырыбы.

44 – жаттығу. Тест  тапсырмасы

«Не артық?» ойыны

ІҮ. Жаңа  сабақ

 1. Білу
Жеке  адамның  өміріне  қатысты  ісқағаздарының  түрлері,  оның  тілдік

құрылымдық  ерекшеліктері

Ісқағаздар,  оның түрлері.
2. Түсіну
Мультимедиялық  проектордан  слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру.
Жеке  адамның  өміріне  қатысты  ісқағаздарының  түрлері,  оның  тілдік құрылымдық  ерекшеліктері. Ресми  ісқағаздарының  негізгі  міндеттері

Өмірбаян, оның  ерекшелігі,стильдік  белгісі, түрлері. (Қ.Жұбановтың  саяси-қоғамдық  өмірбаяны, М.Әуезовтің   автобиографиялық  өмірбаяны, жай  өмірбаян  үлгісі)

Өтініш, жазылу стилі.

– Құжат адресациясы ;
– Құжаттың аты;
– Мәтін;
– өтініш  жазылған күні, айы, жылы.
– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.(үлгі  көрсетіледі)

Арыз, оның   түрлері, арыз құрылымы туралы.

Арыз құрылымы:

1)  Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);

2)  Құжат аты;

3)  Негізгі мәтін;

4)  Қосымша болса оған сілтеме;

5)  Жазылу мерзімі;

6)  Қолы;

7)  арыз мазмұнымен келісушілер қолы.

V. Жаңа сабақты бекіту                 

3. Қолдану.
Дидактикалық  материалдар

117-тапсырма

а) Үш  күн  сабақтан  босатуын  сұрап,мектеп  директорына  өтініш  жазыңдар.

б) Бір мекеме   басшысына  өзіңді  жұмысқа  алуын   сұрап  өтініш жазыңдар.

в) Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  қосымша  сабақ  беруін   сұрап, сол  пәнді

жүргізетін  мұғалімге  өтініш  жазу. Оның  себептерін  ашып  жазыңдар.

    Оқулық бойынша  тапсырмалар:

1. Мектепішілік   ғылыми-практикалық конференциясына  қатысуға  өтініш

жазу.
2. Спорт  секциясына,  үйірмелерге  қатысуға  сұралатын өтініш   жазу.

3. Өтініш  сөзімен   түбірлес  сөздерді   жазыңдар.

Өтініш  сөзінің   синонимдік  қатарын қатарын  тауып  жазыңдар.

4.Талдау.
І. Оқулықтағы   домалақ  арыз  туралы  пікірлерің  қандай  деген  сауалға  орай  екі   арызды   оқыта  отырып, оқушылардың  пікірлерін  білу.

1.Бас   дәрігер  А.Айдынованың  үстінен  жазылған  арыз (« А.Айынованың  сүрінуін  көксеп жүргендер  кімдер? » мақаласы  негізге  алынады. « Қазақ » газеті,  2010  жылы 10   қазан)

2. 1930 жылы Ақмола өңіріне қарасты( кезінде Социалистік деп аталған) аудан тұрғынының  И. Сталин атына жазылған домалақ арызы. («Олақтар социализмді қалай орнатып жатқаны туралы айту» мақаласы негізге  алынады. Арыз ҚР Президентінің Мұрағатынан  алынған. 719-қ. 1-т. 125 іс, 132–134-п. Көшірме. Орыс тілінде. Машинамен басылған.  Материалды өңдеп, баспаға дайындаған Сейсенбаева Айнаш, ҚРПМ бас сарапшысы )
ІІ. «Полиглот» ойыны.

VI.  Жаңа сабақты қорытындылау

5. Жинақтау«Ашық сабақта»

Тірек сөздер (өмірбаян, саяси-қоғамдық  өмірбаян, мәлімет, өтініш, арыз) арқылы қорыту

6.Салыстырмалы  қолдану

Саяси-қоғамдық  өмірбаяның   жай  өмірбаяннан  айырмашылығы.

Арыз   бен  өтініштің ерекшелігі.

VIІ.Үйге тапсырма беру

1.Өз   өмірбаяныңды  жаз.
2.М.Дулатовтың   саяси-қоғамдық   өмірбаянын    жазу.

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау   

  Өмірбаян- жеке СА өмір жолы хронологиялық тәртіппен жазылған

ресми құжат.

Өмірбаянның деректемесі:

– құжаттың аты

– автордың аты-жөні,тегі;

– туған күні, айы, жылы; туған жері;

– ата-анасы туралы мәлімет

.   –білімі және білімі бойынша мамандығы;

– атқарған қызмет түрлері;

– соңғы жұмыс орны мен қызметі;

– қошеметтеу белгілері және наградалары;

– қоғамдық жұмыстарға қатысуы;

– отбасы жағдайы және құрамы;

– мекенжайы және телефоны;

– жазылған күні, айы,жылы; жеке қолы;

аты-жөні, тегі

Өмірбаян

     Мен, Баймұрат Кәрімұлы Манаров, 1966 жылдың 1-желтоқсанында Солтүстік Қазақстан обылысы, Жамбыл ауданы, Ақбалық ауылында туылдым.

Әкем Кәрім Манарұлы- соғыс ардагері, шешем Нұржамал Есентемірқызы-зейнеткер.

1973 жылы Ақбалық ауылындағы орта мектептің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1983 жылы бітірдім.

1983 жылы Көкшетау педагогикалық институтының физика – математика факультетіне оқуға түстім.

1988 жылы аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Көкшетау қаласының № 2 орта мектебнде мұғалім болып қызмет етіп келемін.

Үйленгенмін. Жұбайым – Айнаш Қожантайқызы – № 17 мектепте ағылшын тілі мұғалімі.

Ұлым Қажымұқан 3 жаста, «Аққу» балабақшасына барады.

Мекенжайым: Көкшетау қаласы, Абылай-хан даңғылы, 9-үй, 22-пәтер,

т. 42-28-22.

 

04.05.2007 ж.                                     қолы          Б.К.Манаров

 

     Өтініш –мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек- өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің деректемесі:
– Адресат;
– Құжаттың аты;
– Мәтін;
– Күннің жады;
– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.

 

     Өтініштің түрлері:
1)Жұмысқа қабылдау туралы;

2)Жұмыстан босату туралы;
3)Басқа қызметке ауысу;
4)Демалыс алу туралы;

 

                                                                            Ш.Құдайбердиев атындағы

                                                                            Семей  мемлекеттік университетінің

                                                                            ректоры проф. А.С.Қаппаровқа

                          филология факультетінің 2-курс

                          студенті А.М. Оспановадан

 

Өтініш

        Мені денсаулығыма байланысты филология факультетінің күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.

 

 

27.06.2013 ж.                                қолы                      А.М.Оспанова

1) Сұхбатпен  танысып, Марат Ержанұлының өмірбаянын жазыңыз.

– Сәлеметсіз бе,  Марат Ержанұлы?

– Қайырлы күн! Кім боласыз? Қандай шаруамен келдіңіз?

– Менің аты-жөнім – Сағатова Жанар Маратқызы. Мен «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісімін. Кеше телефон арқылы сіздің хатшыңызбен сөйлескенмін.

– Иә-иә, есімде. Кездесу сағат үшке белгіленді емес пе? Кіріңіз, отырыңыз. Сонымен мен сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?

– Сіздің фирмаңыз және оның жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып жүр ғой. Бүгін осы фирманың  басшысы, негізін қалаушы ретінде өзіңіз туралы әңгімелесуге қалай қарайсыз?

– Мен қарсы емеспін. Сұраңыз.

– Жақсы, онда бірінші сауал – сіз қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдіңіз?

– Туған жерім – Атырау қаласы. Мен 1971 жылдың 15 қазанында дәрігерлер отбасында дүниеге келдім.

– Қай жерде білім алдыңыз?

– № 12 қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматы қаласындағы заң университетіне оқуға түстім. Аталған университетті экономист мамандығы бойынша бітірдім. Сосын 2 жыл аспирантурада оқыдым. 1995 жылы «Қазақстанның сыртқы экономикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

– Ал еңбек жолыңызды неден бастадыңыз?

– Мен алғашқыда өз мамандағым бойынша 2 жыл «Арай» компаниясында жұмыс істедім. Сосын өзімнің  жеке фирмамды ашу туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп 1998 жылы «Қазмұнайгаз» фирмасы құрылды. Содан бері осы фирманың президенті қызметін атқарып келемін.

– Отбасыңыз туралы не айтасыз?

– Әке-шешем – зейнеткерлер. Олар Атырау қаласында тұрады. Отбасыма жиі барып тұрамын. Зайыбым Айнұр- балалар дәрігері. Ұлым Арман 3 сыныпта оқиды.

– Адам бойында қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?

– Меніңше, кез келген адам адал әрі қайырымды болуға тиіс.

– Тағы бір сұрағым: бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Өзіңіз білесіз ғой, қызмет бабына қарай, бос уақыт өте аз. Дегенмен, мүмкіндігімше отбасыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Сондай-ақ, бильярд ойнағанды және жаттығу залына барғанды жақсы көремін.

– Сұхбатыңызға үлкен рахмет, сау болыңыз.

3) Өтінішті оқып, қателерді табыңыз.

 

Алматы қаласындағы № 135 қазақ орта

мектебінің директорына А.Асылбеков

ағайға

Физика пәнінің мұғалімі

Қадырова Самалға

 Өтініш

Мені 2004 жылғы 12 наурыздан бастап өз еркіммен физика пәнінің оқытушысы қызметінен босатуыңызды сұраймын.

 

Қолы                                        12.03.2004 ж.

 

 Бланкі бойынша өтініш  толтырыңыз.

                                                                    ______________________

(мекеме атауы)

______________________

 

______________________

(мекеме басшысының аты – жөні)

______________________

Кассир А.Р.Әлиевадан

Өтініш

__________________________________________  байланысты мені

(ауысудың себебі жазылады)

__________________________________________________________

(құрылымдық бөлімшенің атауы жазылады)

__________________________________________________________

(қызметінің атауы жазылады)

 

ауыстыруыңызды өтінемін.

______________               ___________    ______________________

(күні,айы,жылы)                    (қызметкердің қолы)                                (аты-жөні)

            5) Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.


1 қатар.
Материалдық көмек сұрау туралы.
2 қатар.
Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы
3 қатар.
Жұмысқа қабылдау туралы

IV. Жіңішке-жуан сұрақтар:

 

Өмірбаян қандай құжат?

  • Ол қандай жағдайда жазылады?
  • Өтініштің құрылымын ата?
  • Өтініш бойынша не шығарады?
  • Өтініштің түрлерін ата?

 

V. Үйге тапсырма:
1) Өз өмірбаяндарыңызды жазу
2) Академиялық демалыс алу  туралы өтініш жазу

VIIБағалау.

Семантикалық карта арқылы бекіту

       түрлері

Мысалдар

Жіктеу есімдігі Сілтеу есімдігі Сұрау

есімдігі

Өздік есімдігі Белгісіздік есімдігі Болымсыздық есімдігі Жалпылау есімдігі
А Ә Б В Г Ғ Д
1 Сіздер +            
2 Біреу           +  
3 Барлығы             +
4 Анау   +          
5 өзі       +      
6 Ешқандай           +  
7 Олардың   +          
8 Бәрі             +
9 Қай?     +        
10 Сол   +          

3. Сұрақ-жауап:
1. Кеңселік іс қағаздарының түрлерін атаңдар.
2. Өмірбаян қандай құжат?
3. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?
4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?
5. Өтініш кімнің атынан жазылады?
6. Қандай жағдайларда жазылады?
7. Өтініштің құрылымы қандай?
8. Өтініш бойынша не шығарады?
9. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
10. Арызда қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
11. Арыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады?
12. Талап арыз қандай құжат?
13. Оның қандай құрылымдары бар?

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master