Адамның жалпы құқықтары

Сабақ барысында кіріспе сұрақтар беріледі.

  1. Адам құқығы дегеніміз
  2. Адам құқығына тән белгілер
  3. Адам құқығы мен азамат құқығының ерекшеліктері
  4. ҚР адам және азамттың конституциялық-құқықтық мәртебесі

Осы сұрақтардан кейін адам құқықтарының әлеуметтік,экономикалық, саяси құқықтарын саралап түсіндіру керек. Азаматтық құқық пен жеке бас құқықтарының ара жігін ажыратамыз. Мұғалім адам құқықтарына мысал бола алатын бейне роликті оқушыларға  көрсетеді. Оқушыларға роликке байланысты өз ойларын ортаға салады. Келесі сабақтың бөлімі «Сіздің пікіріңіз» атты ойын түрімен жалғасын табады. Ойынның мақсаты: Ешқашан және мүлдем жасауға болмайтын іс-әрекеттерді адам құқығына тән белгілерді өз еркімен анықтауға көмектеседі. Дайындық:4-5 адамнан тұратын топтар құру. Барлық топтарға карточкалар, үлкен қағаз немесе плакат ( «ойын алаңын» бейнелеуге) беріледі . Ойын барысы: Мұғалім оқушыларға плакаттар мен карточкалар таратады. плакатқа «кей кездері, көп жағдайда, мүлдем»  атты жолдар салынады. Осы жолдарға карточкаларды орналастыру қажет. Карточкалар: Адам құқтарына байланысты

  1. Өлтіруге болмайды
  2. Мәжбүрлеуге болмайды
  3. Құл ұстауға болмайды
  4. Адам белгілі бір жасқа келгенде үйлене алады.
  5. Барлық адамға жынысына қарамасытан бірдей қарау керек
  6. Түрмеде отыратын адам не үшін отырғанын білу қажет.
  7. Адамдарға өз мемелекетіндегі басқарып отырған үкіметті сынауға болады
  8. Адамдар кез келген адамдармен қарым-қатынас жасауға, сөйлесуге құқылы
  9. Адамдар саяхаттағысы келсе саяхаттауға,өз елінен көшкісі келсе, көше алады.
  10. Жеке хаттарды оқуға, әңгімелерін тыңдауға құқығы жоқ.
  11. Адамдар діни көзқарастар ұстануға, не ұстанбауға болады
  12. Адамдар айтқысы келгенін айта алады, жазғысы келегенін жаза алады.
  13. Қылмыс жасады деп айыпталған адам, өзі жасамаған қылмысы үшін сотталады.
  14. Адамды мәжбүрлеп жұмыс жасатуға болады.

Аталған карточкаларды оқушылар жоғарыда көрсетілген графаға сәйкесінше орналастыру керек. Топтар бір бірінің плакаттарындағы орналастырылған карточкаларды талқылауға құқылы. Карточкалар талқыланып, орналастырылғаннан кейін оқушыларға келесі тапсырма беріледі. Ол карточкалардағы түсініктер бойынша көріністер көрсету. Бұл баланың бүгінгі сабақтан не түсінгенін көруге мүмкіндік береді. Қорытындысында мұғалім адам құқықтарын шектейтін себептердің негізгі факторларды анықтап береді. Олар:

  1. ұлттық қауіпсіздік
  2. мемлекеттің экономикалық байлығы
  3. қоғамның денсаулығы
  4. басқа адамдардың құқықтарын  құрметтеу қажеттілігі

Сабақ қорытындыланады. Үй тапсырмасы. Ізденіс  жұмыстарының тақырыптары:

  1. Күнделікті құқық түрлері
  2. Моральдік құқық
  3. Заңды құқық

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master