“Атамекен” үйірмесінің жұмыс жоспары

ТарбиеТ.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Авторлық бағдарлама
“Атамекен” үйірмесінің жүргізетін жұмыс жоспары

Үйірменің мақсаты: Туған өлке тарихын Отан тарихының бір бөлігі ретінде оқыту.Оқушыларға туған өлкесінің тарихын,ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеуге және өз жерін сүюге бағытталған этнопедагогикалық тәрбие беру.

Үйірменің міндеті:Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту.Туған жерінің тарихи тұлғаларын,тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге үйрету.

Үйірме мүшелеріне қойылатын талаптар:

Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін дамыта отырып,туған жердің қадір-қасиетін түсіну.

Өзінің ой-өрісін дамыта отырып,ғылыми тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру.

Туған өлкеніңтарихын зерттей отырып,тарихи деректер жинау іскерлігін дамыту.

Оқушылардыі шығармашылық жұмыстары нәтижесінде өз білімін көтеруді ұйымдастыру.

“Атамекен” үйірмесінің жылдық күнтізбелік жоспары

Тақырыптар мазмұны

Негізгі мәселелер мен ұғымдар

Сағат

Уақыты

1.Мақтарал-туған жерім,алтын бесігім 1.Кіріспе.Үйірме мақсаты,міндеті және жылдық жоспарымен таныстыру.

2.Өлке тарихы туралы аңыз әңгімелер,деректер жинау.3.”Ауылым алтын бесігім” атты апталық өткізу

1

 
2.Мырзашөл өлкесінің жер-су атауларының тарихы 1.Өлкеміздегі жер-су аттарының өзгешелігі.

2.Тарихи кезеңдерде жер-су атауларының өзгеруі.3.Мырзашөл,Жетісай,Қоңырат,Қарақай,т.б

1

 
3.Мырзашөл-ерте заманнан тарихқа белгілі Өлкеміздің тарихи тұлғалары-батырлар,

билер,қоғам қайраткерлері туралы деректер жинау.

1

 
4.Ақмаңдайлы ақын да,ғалым да бар,

Мырзашөлім дарынға мырза елім.

1.Өлкеміздің ақын-жазушы,әнші-сазгер және ғалымдары өмірімен еңбектерімен танысу.

2.”Өмірін өлеңмен өрген” және “Туған топырақтық ғалымдары” туралы шаралар ұйымдастыру

1

 
5.”Шежірелер сыр шерткенде” 1.Өлке шежіресінің маңызын білу.Ата-тегін білуге баулу.2.”Мен әулетіммен мақтанам” атты кеш

1

 
6.”Халық мұражайы” 1.Мақтарал мақта шаруашылығы мұражайы туралы деректер жинау.2.Мұражайға саяхат-сабақ ұйымдастыру

1

 
7.Қазақ халқының салт-дәстүрлері 1.Жергілікті жердің салт-дәстүрі,ұлттық ойындары туралы мәліметтер жинау

1

 
8.”Ата мұрасы-асыл қазына” 1.Ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастыру

2.”Мен жасаған бұйым” жарысы

1

 
9.”Еңбек ардагерлері-ел мақтаныштары” 1.Ауданымыздың тыңды түлеткен еңбек ерлері туралы деректер жинау.Бүктемелер жасау

1

 
10.”Туған жер табиғаты” 1.Ауылымыздың табиғи байлықтары,өсімдік жануарлары туралы “Өз өлкемнің табиғаты” атты бүктеме,суретті альбом шығару

1

 
11. “Ғұмыры жарқын тұлғалар” 1.Қазіргі таңда еңбектерімен еленіп жүрген түлектер жайында материалдар жинау

1

 
12. Туған жер түлектері 1.Ауыл мектебінің мақтанышы болған түлектер жайында маңызды материалдар жинау

1

 
13.”Жаныңда жүр жақсы адам” 1.”Шеберлер сырын ашайық” тақырыбында ауыл шеберлер бұйымдарынан бұрыш ұйымдастыру

1

 
14.”Мектеп тарихы” 1.Ауыл мектебінің тарихы жайында деректер жинау.2.Алғашқы ұстаздар жайлы “Мектеп мақтаныштары”,”Ауыл ағалары” атты бүктеме,альбомдар жасау

1

 
14.”Ерліке тағзым-елдікке тағзым” 1.Өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы деректер жинау.2.Ескерткішке гүл шоқтарын қою,тағзым ету рәсімін жасау.

1

 
15.”Ер есімі-ел есінде” 1. ҰОС және ауған соғысы ардагерлері жайында деректер жинау.Бүктеме,альбомдар жасау,кездесулер өткізу

1

 
16. Мақта- біздің байлығымыз 1.Мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты туралы тың деректер жинау.2.Институтқа сапар

3.Институт  ғалымдарымен кездесу

1

 
17.Отан от басынан басталады. 1.”Игілік-туған жерім”.Ауыл тарихы туралы деректер жинау.2.Ауылымыздағы Еңбек Ері Қ.Амановпен кездесу.

1

 

Әдебиеттер

1.Мырзантай Қожабайұлы Жақып “Мырзашөлім-мырза елім”-Алматы,”Әл-Фараби”,1998 ж

2.С.Ысқақов,Ж.Тілеуұлы,Ш.Шахай “Мақтаарал-жердің жәннаты”-Алматы,1998 ж

3.О.Нұржанов,Қ.Иса,Ж.Тілеуұлы,С.Қалдыбаев,С.Ысқақов,Ж.Ғаппапов “Мақта ордасы-Мақтарал”-Алматы,”Тұран”,2003 ж

4.С.Қамбарұлы,Ә.Тауов.”Алатау батыр” “Мақтаарал”газеті-1012 ж

5.А.Дүйсенбаев.”Отантану” курсы,”География және табиғат”журналы,№5-2003 ж.24-28 беттер

6.А.Айрамбаева.”Өлкетану”үйірмесі,”География және табиғат”журналы,№5-2006ж.69-72 беттер

7.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

8.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы:”Аруна Лтд”ЖШС,20005ж

9.Қазақ әдебиеті,Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы:”АрунаЛтд” ЖШС

10.Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, http://www.akorda.kz

11.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты,www.ontustik.gov.kz/

 

Пікір

Мақтарал ауданы “Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің” тарих пәнінің мұғалімі Т.Алибекова ауданымыздағы шығармашылықпен табысты жұмыс істеп жүрген ұстаз.

Соңғы жылдардағы оқушыларға арналған авторлық бағдарламалары осыған дәлел.

Ұсынылып  отырған  “Атамекен”  тақырыбындағы  6-9  сыныптарға арналған үйірме бағдарламасы  ҚР Президентінің 2012 жыл 3-ші шілдесінде жарияланған  “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламасында Отан тарихын оқыту,өлкетану жұмыстарын мектептерде жүргізу туралы айтылған тапсырмаларын орындауға қосылған үлес.

“Атамекен”  үйірмесінің авторлық бағдарламасын  пайдалану оқушылардың жан-жақты білімді,тәрбиелі азамат болып өсуіне үлкен көмек болатыны анық.

Мақтарал ауданының білім бөлімінің әдіскері:                      Ө.Ратов.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master