Кәсіпорындардағы материалдық құндылықтар есебі

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы техникалық колледжі.

«Қаржылық есеп»пәнінің оқытушысы Сералиева Б.Н.

Сабақтың тақырыбы: « Кәсіпорындардағы материалдық құндылықтар» есебі ( ҚЕХС 2)»

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Қорлар және оның түрлері туралы түсінік беру, олардың өзіндік құнын анықтауды үйрету, қорлардың құнын бағалау әдістерімен және есеп жүйелерімен таныстыру.

тәрбиелігі:мамандық таңдауға, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру тәжірибелік әрекет етуге, дүниеге эстетикалық көзқараспен  қарауға дайындау, ҒТП – ның басты бағыттарымен таныстыру;

дамушылығы:еске сақтау,сөйлеу мәнерін,ойлау, қабылдай алушылықты, пәнге деген қызығушылықты дамыту,қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу,шығармашылық  ізденіс элементтерін қалыптастыру,проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.

Сабақтың түрі – тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдісі – баяндау,түсіндіру,әңгімелесу,ақпарат беру,лекция элементтері,сұрақ – жауап, пысықтап  бекіту,қайталау, дамыту, іскерлік  ойындары, өзіндік жұмыс,көрнекілік.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер – тарату материалдары,интерактивті тақта,флипчарт №  электронды  оқулық, бейне материал, оқулық.

Пәнаралық байланыс: Қаржылық есепті талдау, экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика

САБАҚ   БАРЫСЫ

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Дәрісхананың тазалығына назар аудару.    Оқушылар екі топқа бөлініп, сарапшы сайланады.

Ойынның барысы:

Іскерлік ойын

Топтар: «Менеджерлер», «Маркетинг».

  1. Оқытушы топтарға бухгалтерлік есеп негіздері және нарықтың экономикадан сұрақтар береді.

Менеджерлер тобына:

  1. Тепе-теңдік (баланс ).

  2. Есеп жазулары түсетін кестелер (есеп регистрлері). |

  3. Қажеттілікті немесе мүңтаждықты қанағаттандыратын және назар аудару мақсатында нарыққа ұсынылатын зат ( тауар).

  4. Сатудан алынған табыс сомасының шығыннан жоғары болуы (пайда ).

  5. Көпшілік тұтынатын өнімге салынатын жанама салық түрі (акциз).

  6. Шаруашылық операциясын бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсету (екі жақты жазу).

Маркетинг тобына:

  1. Бір нәрсенің жеткіліксіздігі (тапшылық-дефицит ).

  2. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын құралдар (негізгі).

  3. Кіріс, шығыс кассалық ордерлері, жөнелтпе құжат (алғашқы құжаттар ).

  4. Әр түрлі елдің екі ақша бірлігін айырбастау қатынасы (валюталық бағам).

  5. Пайда алуға бағытталған, экономикалық қызмет ( бизнес ).

  6. Қызыл сиямен жазу, корректура (қателерді түзету тәсілі).

 

II. «Ұшқыр ой» Екі топ суреттер бойынша шоттарды анықтау керек. Менеджерлер тобына:

Жауабы:

1.2414 шот

2.12417 шот

3. 8030 шот

4.1313 шот

Маркетинг тобына:

  1. Шот-фактура толтыру (әр топтан бір оқушыдан), №1 шот-фактура толтыру

_________________200_ж.

 

«Акцент» ЖШС-не 1 тонна қант тиелді, 1т – 75000 тг ҚҚС-______%. Шоттар корреспонденциясын құрастыру.

 

III. Екі топ бір-біріне бухгалтерлік есеп тарихынан сұрақтар береді.

Менеджерлер тобына:

Бухгалтерлік есепте бұл нені білдіреді?

 

Жауабы: Бұл ерте замандағы сандық есеп, оны ағашқа жону, түйін жасау, белгілер жасау арқылы жүргізген.

Маркетинг тобына:

«Бухгалтер» термині қашан және қайда пайда болды?

Жауабы: «Бухгалтер» термині XV ғасырда Австрияда пайда болды.

V. «Ойлан, тап» Оқытушы сұрақ береді

Экономикалық түсінігі қарама-қарсы жүп сөздерді  табыңыз:

Еңбек, гүлдену, бәсеке, шығын, күйреу, құлдырау, пайда, капитал, өсу, монополия (жылдамдыққа орындалады).

 

VI. «Сен-маған , мен саған »Топтар бір-біріне тапсырмалар береді.

Менеджерлер тобы.

Егер волютаға сұраныс ұсыныстан төмен болса, оның бағамы төмендей ме, елде, өсе ме? Жауабы: төмендейді.

 

Маркетинг тобы.

Кәсіпорынның жылдық пайдасы 50 млн. теңге болды, Пайдаға салынатын салық мөлшері – 35%. Кәсіпорында қанша пайда қалады? Жауабы: 32,5 млн. теңге.

 

VII. Сөзжұмбақ шешу

 

Менеджерлер тобына:

Өндіріс процесіне қатысу нәтижесінде тозу немесе негізгі құралдарды пайдалануға тікелей тайланысты ішкі тозу (табиғи).

  1. Қоғамның мұқтаждығын, қажеттілігін қамтамасыз ететін өнім (тауар).

  2. Құжаттарды сақтайтын орын (архив).

  3. Бухгалтерлік есеп берілгендерін нақты берілгендермен салыстыру әдісі (түгендеу ).

  4. Болған өзгерісті немесе оқиғаны куәландыратын қағаз (құжат ).

  5. Белгіленген қатал түрде жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме (вексель).

  6. Еңбек, күш құралдарын пайдалану барысында, тозған белігін қайта жаңарту (амортизация).

  7. Негізгі салалар өнімін өндіруге тікелей қатыспайтын өндіріс (көмекші).

 

Маркетинг тобына:

1. Ақша қаражатын есептеуге арналған шот (касса ).

2. Ай соңында банктің клиентке жолдауы (көшірме).

3. Мемлекеттік банктен ақша алуға құжат (шек).

4. Қандай да бір өнімді дайындау (өндіріс).

5. Өнім сапасын куәландыратын қағаз (сертификат ).

6. Кәсіпорынға берешек (дебитор).

7. №1312 шот (отын).

8. Ақшасыз тауарды тауарға айырбастау (бартер ).

Сабақты қортындылау: Оқушыларды бағалау, Уй тапсырмасын беру. Тәжірибелік сабақты тапсырма бойынша қорыта, бекіту.

Оқушылардың жұмысын бағалау, хабарлау.

Үй тапсырмасы

  1. Бақылау сұрақтарына жауап жазу

  2. Есеп шығару

  3. Оқулықпен жұмыс: Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. «Қаржылық есеп »

         Пайдаланылған әдебиеттер:

В.К. Радостовец «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment