6 математика олимпиада тапсырмалары

6 математика олимпиада тапсырмалары

 

1.Бір кісінің 6 жылқысы бар. Ол күніне биеге үш қадақ, құнанға 2 қадақ, ал тайға 1 қадақтан сұлу береді. Сонда күніне барлық жылқысына 10  қадақ сұлы  жұмсайды. Оның қанша бие, қанша құнан, қанша тай бар?

2. Бір заттың бағасы 148 теңге еді. Оны әуелі 50% қымбаттатып, содан кейін 50% арзандатты. Сонда оның бағасы қандай?

3. Мына цифрлардың  арасына таңбаларды қою арқылы 31 санын шығар.

3  3  3  3  3=31          3  3  3  3  3  3=31            5  5  5  5  5=31

4.226+1  саны 5-ке бөліне ме?

5.Екі  будада барлығы 30 дәптер бар. Егер бірінші будадан екінші будаға 2 дәптер салынса, онда бірінші будағы  дәптерлердің саны екінші  будадағыдан екі есе артық болар еді. Әр будада неше дәптерден бар?

6. Екі оқушы бір-бір қораптан түрлі –түсті қарындаштар сатып алмақшы болды. Оған  біреуінің  7 теңгесі  ал екіншісінің 2 теңгесі жетпей қалды. Екеуі ақшаларын қосып еді, ол бір қорапқа да жетпей қалды.Сонда бір қорап қарындаш қанша тұрады екен?

7. Күн тәулігінің аяқталу уақыты өткен мерзімінің 4/5 бөлігіне тең болса, қазір уақыт қанша?

8. Егер бір  санның жазу құрамында жеті 8  цифрі , тоғыз 1 цифрі және 5 цифрі болса, ол сан 9-ға бөліне ме?

9. 1033 +8  саны 9-ға бөліне ме?

10. 9 күміс теңгелердің біреуі жасанды. Жасанды теңге жеңіл , оны екі рет өлшеп гирсіз таразы арқылы қалай анықтауға болады?

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *