Дамыта оқытуда білімгердің ізденушілік – зерттеушілік,танымдық қабілетін арттыру

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Физика пәнінің оқытушысы
Шакирова Кулайым Дарібайқызы

 Педагогикалық тұжырымдама.

Тақырыбы: Дамыта оқытуда білімгердің  ізденушілік – зерттеушілік,танымдық қабілетін арттыру.

Мақсаты: Физика сабағын дамыта оқытуда білімгердің ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру сонымен қатар оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды,пайымдауды қажет ететіндей және үйренгенін саралап – салмақтап қолдана білуге баулу

 

Қазіргі кезде оқыту үрдісіне әртүрлі иновациялық оқыту технологиялары пайдаланылады.Соның бірі – дамыта оқыту технологиясы Дамыта оқытуда оқушының ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруда басты назарда болады.Сондай –ақ оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауда,пайымдауда қажет ететіндей етіп беріледі.Жаңа материалдарды талдауға да көп көңіл бөлінеді.Өйткені,талданбаған тақырып білімгер үрдісіне білімгердің толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарау баға беру менің басты назарымда.

Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында оның әлемдік білім кеңістігіне енуі,бүкіл әдістемелік жүйеге біздің алдымызға жаңа міндеттер,жаңа талаптар қойып отыр.Бұл технологияны қолдану арқылы білімді демократияландыруға,ізгілендіруге,оқыту санасын арттыруға білімгердің өзін – өзі бағалауға машықтануына,өз білімін толықтыруына қол жеткіземіз.

Менің жұмыс жүйем: оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін арттырып,жеке тұлға ретінде дамуға,іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру ға,алған теориялық білімдерін практикалық жүзінде пайдалана білуге жетелейді.мұғалім еңбегінің нәтижесі оқушының білім деңгейімен айқындалады.Сондықтан мен «Нені оқыту керек?» деген сұрақпен қатар, «Қалай оқыту керек» деген сұраққа жауап іздеймін.Ең алдымен өзім үшін және білімгерлер үшін сабақтың мақсатын мақсатын анықтаймын.Сабақтағы оқу материалдарын жоспарлағанда,тапсырмалар құрастырғанда баланың қызығушылығын , «Осы бүгінгі сабақта алған білім маған бұдан былай да қажет» деген түсінігін тудыратындай,оны ынталандыратындай жағдай жасауға тырысамын.

1-қосымша

   Дамыта Оқытуда оқушының ізденушілік-зерттеушілік,

                    танымдылық қабілетін арттыру

                                    

 

                                                                                                                                              2-қосымша

                                                                                                                                              3.қосымша

                                                                                                                                              4.қосымша

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

One Comment

  1. Жаналы says:

    Сәлеметсіздер ме? Маған информатика пәні мұғалімінің электрондық парфолиосы керек еді? Боса бересіздер ме?

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master