Аминдер. Анилин (Презентация)

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Химия пәнінің оқытушысы
Ибышева Мейрамкуль Ажибековна
Сабақтың тақырыбы: Аминдер. Анилин
Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге азотты органикалық қосылыстардың класы аминдер, олардың құрылысы, қасиеттері, қолданылуы, алынуы және жеке өкілдері туралы білімді сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша тірек-сызбалар арқылы қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Білімділік. Аминдер молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына алмасқан көмірсутек туындылары екенін және жеке өкілдерін білу.
2.Дамытушылық. Білімгерлердің  химиялық білімін одан ары дамып, тез ойлауға, шапшандыққа шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көз-қарасын білім-білік дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік. Сабақ уақытын бағалауға үйрету, өздігінен талпынып, жауапкершілікті саналы сезінетін өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың өтілетін
әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап; тәжірибелі, ойын.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, жаттығулар орындау, фронтальді әңгімелесу, тәжірибе т.б.

 

Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, плакат, анилин, тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы, натрий сілтісі, деңгейлік тапсырмалар, модель, семантикалық карта, т.б.

Жинақтау тесті

 

 

“Ойлан, тап”ойыны.

Жұмбақтар.
Су, көміртек қос тотық
Әппақ нұрдан нәр алып,
Әкеледі өмірге
Қуат беріп эликсир.
(C6 H12 O6 – глюкоза)
Тәтті ғана дәмі бар,
Денеге қуат әлі бар
Организмнің жұмыс бабында
Қызметті зор атқа   рар
(C6 H12 O6 + 6O2           6CO2 + 6H2 O + Q)
Қуат берер құдірет,
Құбылады жалықпай.
Тіркескенде өзара,
Айналар туыс бауырға
Тамақтық зат береді,
Қол ұстасса құрбылар
α тобы тіркесті,
Жүйелейді ерекше.
(Крахмал)
β тобы кіріссе,
Қатайып қатал болады
Енді тіске басуға,
Қалай дәтің барады?
(Целлюлоза)

“Кім жылдам” ойыны
Сүт қантты? (Лактоза)
Өсімдік талшықтарынан не алынады? (целлюлоза)
Крахмалды гидрализдеу арқылы глюкоза алған химик? (орыс химигі: К.С.Кирхгов)
Целлюлозада қандай байланыс бар? (сутектік)
Формуласы бірдей, құрамы бірдей полимер? (крахмал)
Целлюлозада қандай реакцияға түседі? (этерификация)
Сахарозаны қайдан алады? (қант қызылшасы, қант қамысы, жемістер)
Целлюлоза қайда кездеседі? (мақта 98%, ағаш сурегі 50%, жапырақтар 10-25%)
Катаболизм дегеніміз не? (Өсімдіктерде көмірсулардың глюкозаға дейін ыдырауы)
Сахарозаның изометрі (глюкоза мен фруктоза)

   Жаңа сабақ. Көмірсутектерді және оттекті органикалық заттарды оқыған кезде құрамында азоты бар қосылыстарды кездестірдік. Ол қандай қосылыстар еді? Нитро қосылыстар еді ( нитробензол, нитрометан ) т.б. CH3-NO2, C6 H5 NO2. Осыған ұқсас енді азотты органикалық қосылыстардың кейбір кластарымен танысамыз. Олар аминдер, амин қышқылдары аққуыз, нуклеин қышқылдары. Бұлар биологиялық маңызды қосылыстар. Бүгінгі аминдер жаңа сабағын мына тірек-сызба (технологиясы) бойынша өтемін.

 Аминдер

    1.Анықтамасы

        2.Құрылысы

                                                                                                                        3.Жіктелуі

                                                                                                                  4.Аталуы мен изомері

                                                                                                            5.гомологы, физ. қасиеттері

                                                                                                      6.химиялық қасиеттері

                                                                                                 7.өкілі анилин

                                                                                           8.анилиннің физ. қасиеті

                                                                                     9.химиялық қасиеті

                                                                              10.басқа жеке өкілдері

                                                                       11.Аминдердің қолданылуы

                                                                 12.Аминдердің алынуы

                                                          13.Есеп шығару

                                                     14.Бекіту. (өткен сабақ бойынша тірек-сызба құру)

                                               15.Венн диаграмма бойынша метиламин мен анилинді салыстыру

                                          16.Сематикалық карта

                                    17.Деңгейлік тапсырма

                              18.Үйге тапсырма

 

  1. Аминдер деп – молекуласындағыбір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (NH2) алмасқан көмірсутектердің туындыларын айтамыз.

  2. Құрылыстары аммиакка ұқсас болады.

    CH3 – NH2           CH3          NH CH3

    Метиламин     CH3

        Диметиламин. CH3             N триметиламин.

CH3

CH3 H C6H5

                 NH C6H5 – N                                                      NH дифениламин

C2H5 H C6H5

Метилэтиламин        фениламин немесе анирин

3. Жіктелуі.

1. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты

   а) алифатты   ә) ароматты болып,

2. Амиактағы көмірсутек радикалына алмасқан сутек атомының санына орай

   а) біріншілік R – NH2    ә) екіншілік    R                 б) үшіншілік R

       NH R N

                 R                                        R

3. Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер. а) моноаминдер

ә) диаминдер

б) триаминдер болып жіктеледі.

4. Аталуы мен изомері. Халықаралық (ЮПАК) атау жүйесі бойынша көмірсутектерді нөмірлеп, көмірсутектердің атына амин, диамин немесе триамин деген сөз қосып атайды. Аминдерге көміртек қаңқасының және функционалдық топтың орнына байланысты изомерлену тән.

   3 2 1 1 2   3 1 2

CH3 – CH2 – CH2 – NH2       CH3 – CH – CH3     H2N – CH2 – CH2 – NH2     C6H5 – NH2

        1 аминпропан 1,2 диаминэтан             фениламин

                                                     NH2

                                            2 аминпропан

5. Аминдердің гомологы, физикалық қасиеттері.

Құрылысы

Аталуы

Температурасы

балқу

қайнау

CH3 NH2

(CH3)2 NH

(CH3)3 N

C2H5 NH2

(C2H5)2 NH

(C2H5)3 N

CH3CH2CH2NH2

CH3(CH2)2CH2NH2

C6 H5 NH2

Метиламин

Диметиламин Триметиламин Этиламин Диэтиламин

Триэтиламин

H-пропиламин

H-бутиламин

анилин

-92

-96

-47

-80

-39

-115

-83

-50

-6

-7,5

17,5

3

17

55

89

49

78

174

 

Г Газ тәрізді заттар, суда жақсы ериді, иістері аммиактын иісіне ұқсас, түссіз

о ортаңғы аминде сұйық заттар,     иістері балықтың иісіндей                   мол. масс. Көп аминдер-иіссіз, қатты заттар, көміртек атомдарының саны өскен суда ерігіштігі төмендейді.

   Аминдер органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

6. Аминдердің химиялық қасиеттері.  

1. аминдер жанады (аммиактан айырмашылығы)

4CH3 – NH2 + 9O2      4CO2 + 10H2O + 2N2  

2. Аминдер сулы ерітінділерде, сутек ионын қосып алып, этиламмоний ионын түзеді. Лакмус көк түске боялады.      +          –

C2H5- NH2+HOH    [C2H5 – NH3]+OH сілтілік реакция береді.Органикалық негіз деп аталады.

Этиламмоний ионы

3. Негізгі қасиет көрсететін аминдер қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді.

                                                  +     –

C2H5 NH2 + HCl      [C2H5 NH3] Cl     этиламмоний хлориді.

 

7. Аминдердің өкілі – ароматты амин-анилин (фениламин)

Формуласы C6H5 – NH2  немесе       NH2.

 

  


Анилиннің аминдерден айырмашылығы негіздік қасиеті әлсіз болады. Фенол сияқты бензол сақинасы амин тобындағы азоттың бос электрон жұбын өзіне тартады, азот атомының электрон тығыздығы азайғандықтан оның протонды өзіне тартуы кеміп, негіздік қасиеті төмендейді, лакмустың түсін өзгертпейді.

8. Физикалық қасиеті. Анилин түссіз, май тәрізді, сұйықтық суда нашар ериді, ауада тотығып ашық қоңыр түсті болады, өте улы зат, спирт, эфир, бензол сияқты еріткіштерде жақсы ериді.

9. Химиялық қасиеті.

   1. Анилин қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді.

    +             –

  C6H5 NH2 + H2SO4       [C6H5 – NH3] HSO4

Фениламмоний гидросульфаты    Осы тұзға сілтімен әсер етсе, қайтадан анилин түзіледі.

                       +             –

 [C6H5 NH3] HSO4 + 2NaOH      C6H5 NH2 + Na2 SO4  + 2H2O

   2. Анилин бром суымен әрекеттесіп орынбасу реакциясына түсіп 2,4,6 триброманилиннің ақ тұнбасын түзеді.

                 NH2 NH2

Br           Br

                       +3Br2                                    +3HBr

 

Br

  3. Анилинге тотықтандырғыштармен әсер еткенде біртіндеп әр алуан бояулы заттар түзіледі. Ақырғы өнім қара анилин бояуы алынады.

8. Аминдердің жеке өкілдері.

   1.Метиламин – өткір иісті, түссіз газ. Өндірісте көгерткіш қышқылды катамдатор  қатысында тотықсыздандырып алады.

                                                                       HC = N – H2     CH3 – NH2

дәрі-дәрмектер, бояғыш заттар, беттік белсенді қосылыстар алынады.

   2.Гексаметалендиамин H2 N (CH2)6  NH2 – түссіз кристалды зат, суда ериді. Бұдан полимидтер және синтездік талшық нейрон алу үшін қолданылады.

9. Аминдердің қолданылуы. 1.Бояғыш заттар

                                                2.Дәрі-дәрмектер (ульфаниламид) препараты

3.Қопарылғыш заттар

4.Үлкен молекулалы қосылыстар.

10. Алынуы. 1.Аминдерді нитроқосылыстарды катализатор (pt, Pd, Ni) қатысында сутегімен тотықсыздандырып алады. Өндірісте C6H5 NO2 – 3H2     C6H5 NH2 – 2H2O

2. 1842 жылы орыс ғалымы акедемик Н.Н.Зинин нитробензолды күкіртсутекпен тотықсыздандырып, анилин алған.

    NO2 NH2

 

– 3H2 S  – 3S – 2H2O

                    3.Нитробензолды мойын жоңқасы мен тұз қышқылы қатысында тотықсыздандырып та алады, онда атом күйінде сутек бөлініп, ол нитробензолды тотықсыздандырады.

   Fe – 2HCl      FеCl2 – 2H

                 C6H5 NO2 – 6H      C6H5 NH2 – 2H2O

13.Есеп.  37г нитробензолды темір ұнтағы мен тұз қышқылы қатысында тотықсыздандырғанда 18,5 анилин алынады. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда қанша  анилин түзіледі?

Бер: m C6H5 NO2 = 37г                  Шешуі: Fe + 2HCl      FеCl2 + 2H

       m C6H5 NH2 = 18,5г 37г.        18,5г.

C6H5 NO2 + 6H     C6H5 NH2 +2H2O

       W C6H5 NH2 -?                 123г. 93г.

 

Mr (C6H5 NO2) = 12*6+1*5+14+16*2 = 123 m = 123г.

Mr (C6H5 NH2) = 12*6+1*5+14+1*2 = 93     m = 93г.

 

    1) 37г. C6H5 NO2 – Xг C6H5 NH2 2) 18,5г C6H5 NH2 –100

       123г. C6H5 NO2 – 93г C6H5 NH2          27,9 г. C6H5 NH2 – X

       X = 37г * 93г = 27,9г.C6H5 NH2           X = 27,9г * 100 = 150,8 C6H5 NH2

                  123г.  18,5г.

 

14. Сабақты бекіту.

    1. Химиядан көмірсулар тарауын, 10 сынып биологиядан өткен көмірсулардың қасиеттерін еске алатындай тірек-сызба сыз?

            Мономер энергетикалық

    Глюкоза майлар жанады

               OH- құрылыс материялы

         O       Көмірсулар ішектің моторлы функциясы

-C          гипергликемия (қант диабеті)

         H

    – C –

       O

 

Гликоген, бауыр бұлшық ет.

 

                                  Венн диаграммасы


Семантикалық карта толтыру

Түрі

Аминдер аты

Аморфты аминдер

Ароматты аминдер

Амин тобының санына байланысты аминдер

1.C6H5 NH2

2.CH3 NH2

3.(C6H5)2 NH

4.C2H5 NH2

5.(CH3)3N

17.Деңгейлік тапсырмалар.

«Бағдарша, қайда барасың?» ойыны.
Орыны ауысқан химиялық формулалар мен олардың атауларын тауып, сәйкестендіру керек.
C6H5 NO2- метиламин (C6H5)2 NН – фененамин
C6H5 NН2- диэтиламин (CH3)3 NН – нитробензол
(CH3)3- N- метиламин C2H5 NH2-H- пропиламин
CH3- CH2-CH2-NH2- этиламин CH3 NH2- триметиламин
“Орнына қой” ойыны
Аты берілген химиялық заттардың формуласын жаз.
Глюкоза C6 H12 O6
Нитробензол C6 H5 NO12
Метиламин CH3 NH2
Анилин C6 H5 NH2
Крахмал (C6 H10 O5)n
Үйге тапсырма: 13  1,2 оқу. 6 жаттығу
Шығымы 80 болса, нитробензолдан неше грамм анилин алуға болады?

 

2 комментария

  1. как можно скачать ?

  2. тачон says:

    маган слайд унады

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master