Дәрумендер әлеміне саяхат

vitaminБҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының тәрбиешісі
Табенова Айгерим Маратовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Дәрумендер әлеміне саяхат
Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, баланың тілін дамыту.
Кел, балалар, келіңдер,
Жақын келіп тұрайық.
Шеңберді біз құрайық,
Таңертең ерте тұрайық.
Бетті, қолды жуайық.
Тісімізді тазалап,
Айнаға да қарайық.
Шашымызды тарайық,
Денсаулықты сақтайық.
Сабын, тарақ, щеткамен,
Тазаланып тұрайық.
Тазаланып болғасын,
Бау-бақшаға барайық.
Көкөністер пісіпті,
Жеміс-жидек түсіпті,
Жинап теріп алайық.
– Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз «Дәрумендер әлеміне саяхат» деп аталады.
– Мына суретке қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?
– Жемістер, көкөністер
– Балалар, осы жемістер, көкөністер денсаулыққа өте пайдалы. Оларда дәрумендер өте көп. Бау-бақшадағы жемістер күзде піседі, оны адамдар жинап, теріп алып дүкендерге апарады. Балалар осы жемістерді деніміз сау болыу үшін, ауырмай өсу үшін қалай жейміз?
– Жуып, тазалап жейміз.
– Қане олай болса, балалар, жемістер туралы тақпақтар айтайық.

Мен алмамын, алмамын,
Денсаулыққа пайдамын.
Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.

Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін.

Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.

– Балалар, жемістер мен көкөністер үлкен еңбекпен келеді. Оларды көктемде егіп, күтіп баптап, суарып, күзде піскенде жинап аламыз.
– Қане, олай болса, мына қораптағы жемістер мен көкністерді топтап жинайық.
– Балалар, қане, бәріміз мұқият тыңдаңдар..
Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
– Балалар, сондықтан да жеміс-жидек, көкөністерді үнемі жуып жеп жүру керек.
– Өте жақсы, балалар «Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment