Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын

БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының психологі
Кайрбулатова Жанна Боранбаевна
«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»
Ата-аналар жиналысы

Ұлы Абай атамыз : Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көңіліне көп жұбаныш
Гүлденіп ой-өлкесі-деп, ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген. 
Отбасы- бұл адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл үйленумен құрылады. Отбасында ұрпақ жалғастырады. Дүниеге келген балаға саналы тәрбие беру, өсіру ата-ананың басты міндеті мен парызы. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентай кезінен түзу тәрбие бер»- деп ата- бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің
инабатты, адамгершілігі мол, білімді саналы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Бала күнделікті отбасындағы әрбір іс-әрекетті, көрген қылықтарды бойына сіңіре бастайды, осы кезде ата- ана баласына көңіл бөліп ненің жаман, ненің жақсы екенін бала жасына сай түсіндіріп, айтып отыруы керек. Мысалы, ағалы-інілі немесе апалы-сіңлілі қандайда бір кикілжіңдесіп қалса, қате кімнен, неге олай жасағанын сұрап, бір- бірінен кешірім сұратып, олардың бір отбасы яғни бауырлар екенін, үнемі сыйласып жүру керек екенін түсіндіру керек немесе үйге бөгде адам келгенде орындарынан тұрып амандасу жоғары шығарып құрмет көрсету (т/б.�
�.с) керектігін түсіндіру керек, ал бізде олай жасауға уақытымыз жоқ, тіпті жұмыстан келгенде де не істедіңдер, неге олай депте сұрамаймызда, үйде аман-есен отырады деп мәз боламыз.
«Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім мен тәрбие беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағида еріксіз ойға оралады.
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.Ж.Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай тап-таза туылады, оның үстіне шимақты қалай салсаң , қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»- деген екен.Осы дана сөзге байланысты мен сіздерге қарапайым тәжірбие көрсетейін.Менің қолымдағы ыдыста сүт, бұл аппақ, таза.Балада осы сүттей дүниеге келгенде кіршіксіз, таза болып туылады. Бала біртіндеп өсіп балабақшаға сосын мектепке барады. Балабақшаға да, мектепке барғандада олай жасағаны�
� дұрыс емес, былай жасағаның дұрыс емес деп баланың ішкі жан дүниесіне үңілместен, түсіндір- местен тыйым жасап отырамыз. Осы тыйым сөздерді ас содасы ретінде алайық. Сүтке ептеп себейік, ештеңе байқалмайды. Енді баламыз жыл сайын жоғарғы сыныптарда оқи бастағанда болмайды сөздерін жиірек пайдаланып, көп нәрселерден шеттете бастаймыз. Мысалы. «Сабағыңды оқы!». «ҰБТ-ны жақсы тапсыруың керек!»
«Қайтсең де жоғары балл жинауың керек!», «Мен сені ендеше оқуға түсірмеймін» деген сияқты сөздермен баланың мазасын алып,жалықтырамыз. Сөйтіп бала жаңағыдай сөздерден шаршайды. Ал, біз бұл сөздерді «сірке суы» ретінде алайық. Енді оны сүтке тамызайық. Сүт көпіріп, ыдыстан асып-тасып төгілді. Бала осы сүттің реакциясы сияқты әрекетке баруы мүмкін. Бұл әрекетті психологияда «Суицид» деп атайды.
«Тәрбие- тал бесіктен» демекші, баланы дұрыс жасынан тәрбиелеу – ата-аналар сіздердің борыштарыңыз. Жоғарыда көрсеткен тәжірбиедегідей болмасын десеңіз бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлейік. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ананың ақ сүтімен берілген тәрбиені бойына сіңіреді екен, әр ана баланы қолына алып бар мейіріммен емізу қажет.
Алдарыңыздағы парақтарда ата-аналарға ақыл-кеңестер жазылған,алып таныса отырыңыздар. Бүгінгі баянадамаға сай қеңестерге назар аударыңыз.Күнделікті тірлікте бала көргенін алады, сондықтанда сіздерге пайдасы тиер ақыл кеңестер айтып өтейін: 1.ата-аналар баланың көзінше еш уақытта боқауыз сөздер
айтпаңыздар, керсінше мейірімді жылы сөйлеңіздер.
2. Баланы мадақтап, бүлдірген затты келесіде
қайталамайтандай етіп түсіндіріңіз.
3.Өз балаңызға үлкен азамат ретінде қараңыз.
4. Баланың айтқысы келген ойын аяғына дейін тыңдап, өз
ақылыңызды айтыңыз.

«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.
Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.
Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.
Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:
«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл
«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл
«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл
Тапсырмалар
Сіз:
1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?
6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?
11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?
Бағалау шкаласы
1. «А» жауапқа -3 балл
2. «Б» жауапқа – 2 балл
3. «В» жауапқа -1 балл
Нәтижесін талдау.
30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.
16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.
Алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер. Сөз ата-аналарда.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master