13 жастағы қазақтың саятшы қызы ағылшын басылымының кейіпкеріне айналды

Құрметті sabaq.kz сайты оқырмандары сіздердің назарларыңызда Моңғол мемлекеті Баян-Өлгей аймағында тұратын бүркітші қыз Айшолпан деген оқушы жайлы материал ұсынып отырмыз. Қазір әлем бойынша интернет беттерінде өте танымалдыққа ие болып отыр.

Ағылшынның Daily Mail басылымында «Алтын қыз: Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі – құсбегілік өнерін игерген он үш жасар жалғыз қыз» деген тақырыппен мақала жарияланса, БиБиСи-дің дүние жүзілік қызметі де бұл туралы хабар таратқан.

Мақаладада Моңғолияда тұратын Айшолпан  (Ashol Pan) есімді 13 жастағы қыз әлемдегі ең жас құсбегі екендігі айтылған.

Бір кездері израильдік әскердің фотосуретшісі болып жұмыс істеген Ашер Свиденский (Asher Svidensky) PR саласына ден қойып, одан туристерге жолнұсқаушы болып жұмыс істей бастаған. Ол көбінесе Моңғолияның таулы аймақтарын бетке алып, сол өңірлердегі мәдениетті суретке түсіруді ермегіне айналдырған.

«Әсіресе, ол өз суреттерінде бүгінде көмескі тартып, жоғала бастаған ежелгі салт-дәстүрлердің бірі құсбегілік өнердің өкілдеріне ерекше мән береді» деп жазады басылым.

Жалпы, моңғол тауларының бөктерінде жол көрсететін саяхатшылардың көбі бұл мекенді аттың үстінде жүріп  аралауға мәжбүр. Өйткені Орталық Азия елінің бұл бөлігінде көлік жүретін жолдар санаулы ғана. Ашер Свиденский осындай күндердің бірінде (туристерге гид боп жүргенде) сегіз жасында құсбегілік өнерді игере бастаған Моңғолиядағы ең жас бүркітші – он төрт жасар Бабақ Біргенді кезіктірген.  Бабақты суретке түсіргеннен кейін фотограф  тағы бір бүркітшіні суретке түсіруге бел байлайды. Оған уақыты мен қаржысы жеткілікті болған соң, саятшы қыз баланы түсірсем деп жолға шығады. Сөйтіп жүргенде кездейсоқ Айшолпанның әкесімен кездескен.

Саятшы қызды суретке түсіру үшін фотограф төрт ай бойы жас құсбегінің үйінде қонақ болған. Айшолпанның әкесі, дәстүр бойынша үйдің үлкен баласы (әсіресе ұлы) жауынгерге сай тәрбилену керектігін айтқан. Сондай-ақ Айшолпан үйдің үлкені болған соң оны салт-дәстүрге сай ұлттық өнерді меңгеріп өсуіне барынша күш салып отырғанын да жасырмаған.

 

Дәл қәзір – бұл жердің ауа температурасы -40 градусты көрсетіп тұр. Алтай Бесбоғда бауырайы.

 

 

 

 

Сәуірдің 14, 2014 жыл. Айшолпан мектепте сабақ жақсы оқиды. Ол биыл бесінші сыныпта оқиды.

 

Манты тауының бауырайы.

Дереккөз: http://kaznews.mn/

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master