7 санын қосу және азайту (Презентация)

71Маңғыстау облысы.Жаңаозен қаласы.Қашаған Күржіманұлы  атындағы №8 орта мектептің бастауыш  сынып  мұғалімі

Жүзбаева  Баян

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып, есептер шығара білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Типі: дәстүрлі
Түрі: іскерлік ойын сабағы.
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка, дүниетану
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету,
Техникалық құрал: комьпютер, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы: Психологикалық дайындық:1-слайд
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

– Балалар бүгін біздің сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр. Сол кісілермен амандасып қояйық.

Өткен сабақтарда алған  білімдерімізді  пысықтаймыз.2-СЛАЙД

– Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
– Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
– Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
-Жұп сандарды ата?
– Тақ  сандарды ата?
– Қосудың компоненттерін ата?
– Азайтудың компоненттерін ата?
– Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?
-Маратта бар  5 іні,Мұратта бар 5 іні қоссақ 5 пен 2 –ні неше болды  шешуі?7

-Олай, болса бүгінгі  жаңа сабағымыз «7 санын  қосу,азайту»3-Слайд

-Балалар сендер қазір  неше жастасыңдар?7

7 артына 0 санын қойсақ қандай сан шығады?Ұлы Жеңіске 70 жыл.

 

Ерте замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келген.

Онда «Сиқырлы  сандыққа» назар аударайық. 4-Слайд

Әже туралы  айту.   5-слайд

1-сандық

Қазақ  халқында және де басқа мұсылман халықтарында  жұма күні ”Қасиетті күн” болып есептелінеді. Бұл күні әр отбасындағы әжелер, аналарымыз “жеті шелпек” пісіріп таратады. Шелпек алған адам “ қабыл   болсын!”деп тілегін айтады. Шелпек таратқан адам “Әумин!” деп тілегін қабыл алады. Жұма күні қайтыс болған туыстарына арнап құран бағыштайды

7+1=8       7+2=9    7+3=10

1+7=8        2+7=9     3+7=10

6-слайд

7-1=6      7-2=5     7-3=4     7-4=3

7-5=2       7-6=1      7-7=0     7-0=7

2- сандық  7-слайд

  1. Жеті атаБұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
– Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 – 7=2 – ге. Қызыл кесінді 2 см кем.
– Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 – ға тең. Олай болатын болса жазамыз.
9см – 7см=2см
7см+3см=10см
2см< 10cм
3- сандық.    8- слайд

Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 9- слайд

Үлкен қасық-10    ↓  ? артық

Кіші  қасық-7

4-сандық.    10-слайд

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

9-3            9-4

 

Сергіту  сәті

 

5-сандық    11-слайд

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Салыстыру

10-6  <3+5       8-7 < 4+4         4+5 > 7-7

1+7 > 9-2         2+7  > 6-1         8-3  < 7+0

6- сандық.12-слайд

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Шығармашылық  тапсырма

7-  сандық.

Кемпірқосақ аспанның бір жағында жаңбыр жауып, бір жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Негізі қызыл, сары, жасыл және көгілдір түстен тұрады. Кемпірқосақ жаңбыр тамшыларына байланысты өзгереді. Мысалы, тамшы үлкен болса, кемпірқосақ анық және үлкен болып көрінеді.

«Кел,ойнайық» ойыны(Ғарышкерлер   туралы түсініктер беру 12 сәуір)

2+5     10-7      7+1     2+7

9-4       6-1        6+2

Қорытынды:-Балалар қазір  жылдың  қай мезгілі? Қыс

-Қазір қандай ай? Ақпан.

-Санаулы күннен кейін қай мезгіл  келеді?Көктем.Қандай ай? Наурыз

-Олай болса,бүгін откен 7 санына 1 дің қосындысы 8 болады.

8 наурыз  кандай  мереке?т.б. 22  наурыз

Көктем мезгілі қай заманда да жаңалық пен тазалықтың жаршысы.

Әдетте, тазалық айында қала көшелері қыстағы күл-қоқыстан тазарып қана қоймай, жас терек­термен де толықтырылып жүр.

Олай  болса  бүгінгі  сабағымыздың   соңында  ағаш  отырғызуғ  өз  үлесімізді  қосайық.

10 ағашты   үш  қатарға  төрт-төрттен  отырғызуға  бола ма?

Не үйрендік?

Не білдік?

7 саны тақ сан,1 таңбалы сан,7 бірліктен тұрады

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. аренда спецтехники – мини экскаватор аренда, траншея копка

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған