12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ

 Сағындықова Б.М.-директордың ғылым жөніндегі орынбасары

№25 қазақ қыздар гимназиясы

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БІР  ҚҰРАЛЫ

 

В работе рассматривается экспериментальная деятельность по применению ключевых компетентностей, как современный социальный заказ на этапе перехода к 12-летнему обучению в условиях казахской женской гимназии.

       Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі 80% астам елдерінде қолданылады, себебі білім беру қызметіне жаңаша қарау, жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалау, оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерін, нысандарын іздестіру талап етілуде. Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге  ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат аясында бүгінде мектеп әрбір балаға жеке адам ретінде қарап,  құзыретті, ой-өрісі кең, еркін әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын, креативті, белсенді, жауапкершілігі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы басым тұлға ретінде тәрбиелеуге, ал педагог баланың бойынан өзіне тән нәрселерді тауып, оның құзыреттілігінің  дамытылуына көмек беруге бет бұрды. / 7, 40 — 52 б./

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу аясында 2004 жылы 1-ші қыркүйектен  қазақ қыздар гимназисында эксперимент жұмыстары басталды  /Бұйрық № 98,05.02. 2004 ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігі/.  Тиісті нормативтік құжаттарға сүйене отырып, эксперимент бағдарламасы, іс-әрекет және жұмыс жоспарлары жасалынды, эксперименттік кеңес, эксперттік және шығармашылық топ құрылды. ҚР «Білім туралы» Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті – бала тұлғасының рухани және дене қабілеті мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік келбетін дамыту барысында жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту болып табылады. Осыған байланысты эксперименттің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс істеуге ой — өрісі, еркі, қабілеті, дербес бәсекелілігі бар тұлғаны қалыптастыру. Белсенді тұлғаның оңтайлы  дамуы тиімді өту үшін, әрбір тұлғаға оның шындықтағы  мүмкіншіліктері мен табиғи сұраныстарының арасында тепетеңдік орнататындай ерекше даму жолдарын қарастыру басталды, себебі бұл ортада тұлға тек қана  білім алмайды, ол сол білімді өзі тауып, ақпараттық құзыреттілігі қалыптасады, өмірде өзінің тәжірибе негізінде қолдана алады, яғни проблеманы шешу құзыреттілігі дамиды және басқаға үйрете біледі де өзі де үйренеді, бұл коммуникативтік құзыреттіліктіктің белгісі.

Эксперимент жағдайында гимназияда 9-шы жыл жұмыс істелініп келеді, биылғы 2012-2013 оқу жылында 7а,8,9а сыныптарында жұмыс жүруде. Барлық класс-комплект -3, оқушы саны – 43. Экспериментке қатысатын мұғалімдер саны 18, жоғары білімді -16, яғни 89%-ы жоғары білімді, арнаулы орта білім -2:  оның  6-і  жоғары,  5-і  бірінші, 6–і – екінші санатты болса, 1- санатсыз. Ұстаздар100%-ы «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында оқыту негіздері» тақырыбында  мұғалімдердің білімдерін арттыру институтының курстарында өз білімдерін жетілдіірген.  «Жаңа оқулықтар бойынша оқу мазмұны» атты тақырыпта облыстық және Өскемен, Алматы, Астана қалаларында өткізілген республикалық  семинарларға қатысып, баяндамалары жинаққа енген. Сонымен қатар қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегінің бірі — жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өтіп, жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленетін эксперимент сыныптарында жеке тұлғалық бағдарлы оқыту технологияларын қолданамыз: «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» /Караев технологиясы/ Б.М.Сағындықова орыс тілі пәнінде, қазақ тілінен М.Д Кобешова., ұжымдық ойлау технологиясынан «Өзара тапсырма алмасу» әдісін математикадан А.Ж Жаңбырбаева, рейтингі – рангілік бақылау, бағалау  технологиясын  А.Қ.Қасымгалиева. Ж.Д. Рамазанова оқу үрдісінде қолданады. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға, оқушы бойына негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға, оқу сапасын арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді, АҚТ-ы қолдану арқылы жұмыс жасайтын мұғалімдер Хуандық Айбек, Т.Қ. Қаржасбаев, Н. А. Қадыров. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар заман талабына сай жоғары деңгейде қолданса ғана оқушылардың қызығушылығын арттырады. /3, 19б. /.  Эксперимент сыныптарында информатика, ағылшын тілі пәндерін ерте бастап оқыту және вариативтік таңдау пәндері бөлімінде ырғақ, зерттеу және жобалау, қарым-қатынас психологиясы, қыздар әліппесі курстары енгізілген. Тәжірибе түрінде экспериментатор-мұғалімдердің алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруына,  оқушылардың өз бетінше білім игеру белсенділігінің қалыптасуына жағдай жасалған. Балалар өздерінің шығармашылық практикалық іс-әрекет нәтижесінде жаңа білім мен құзыреттіліктерін қалыптасуына қол жеткізе алады.

12 жылдық мектептің тағы бір ерекшелігі-оқу жылының басында барлық оқушылар портфолио жүргізе бастайды. Бұған дейін оқушының еңбегі алған білім көлеміне қарай бағаланып келсе, енді оның білім алу процесіндегі жетістігі жас және жеке ерекшелігіне байланысты өмір сүрген ортасына бейімделуіне, жинаған тәжірибесіне қарай икемделуіне, құзырлық негізінде қалыптасқан қабілетіне, білім мазмұнының  рухани қажеттілігіне қарай игере білуіне орай бағаланатын болады. Портфолио дегеніміз — білім алушының білім саласындағы жетістіктерінің жинағы.  Мұнда оқушының өзінің маршруттық беті бойынша жетістіктері, яғни жетістіктер парағы, ілгерілеу кестесі, шығармашылық жұмыстары, нәтижелері жинақталады. Портфолио жүргізудің нәтижесінде оқушылар білім, білік  дағдыларын бақылауға үйрене бастады, пәнге деген қызығушылығы артады, бала, мұғалім, ата-ана қарым-қатынасы нығаяды, бақылау жұмысынан анықталған нәтижелерді бақылап отыруға ықпал  етеді, оқушылардың ғылыми дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін,  ынтасын дамытады. Оқушылар портфолио безендіру, толтыру жұмыстарын қызыға орындады және өз біліміне баға беру, өз жетістігін көре білуді үйренді. Бүгінде оқушылар мен мұғалімдер портфолионың үш  түрін қолданады: жеке жетістіктер портфолиосы; пән портфолиосы; зерттеу жұмыстарының портфолиосы. /1,  38, 78 б./

Оқушылардың оқу үрдісіндегі жетістіктері мен бірге олардың оқуға деген қызығушылығын, зейіні мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын мектеп психологы зерттейді. Эксперимент барысында оқу пәндеріне деген 100% жағымды көзқарас қалыптасып, шығармашылық қабілеттері  86 %-ды көрсетті. Аталған  көрсеткіштер эксперимент сыныптарында оқу-тәрбие үрдісін технологизациялауды тиімді қолдану нәтижесі екені мәлім.

Оқу – тәрбие әрекетінің мазмұнын заман талабына сай жаңарту негізі – үнемі іздену, өз білімдерін үнемі тереңдету деп білеміз.  Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту және жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында  авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер жасалды, ата-анамен қарым-қатынаста ізгілікті педагогиканы негіз етіп, ортақ тіл, тығыз байланыс орнатылды.

Әрине ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Эксперимент сыныбының мұғалімдері мен оқушылары үнемі іс-шараларға қатысып отырады — бейнесабақтар, ғылыми-зерттеу жобалар сайысын, интеллектуалды ойындар,  мектепішілік, қалалық, облыстық пән олимпиадаларында бірнеше мәрте  жүлделі орындарға ие болған. Экспериментке қатысушы мұғалімдер  – жаңашыл ұстаздар, гимназияда қазақтың қаракөз қыздарына дәріс беріп, қалтықсыз еңбек етуде. Қызығы мен қиындығы мол мұғалімдік қызметтерін атқарып, әр сабақтың түрін, әдісін, әр кезеңін ойластырып, тартымды, сапалы, бүгінгі күн талабына сай өткізетін ізденімпаз ұстаздар әрбір сабақта оқушы бойында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастырып, шығармашылығын, қызығушылығын дамытады. Шәкірттері де табанды, еңбекқор, өздігінен жұмыс істей білу қабылеттері қалыптасқан. Айтылған көрсеткіштер эксперимент сыныптарында оқу тәрбие үрдісін технологизациялауды тиімді қолдану нәтижесі екендігі белгілі.

Қорытындылай келе,  мұғалім кез келген педагогикалық  іс-әрекетте оқушыны және өзін-өзі дұрыс ұйымдастыра білсе екеуіде жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға болып шығады. 12 жылдық модельге көшу барысында   қазақ қыздар гимназиясының ұжымы эксперимент  бағытында өз үлестерін қосуда, гимназияда эксперимент жалғасуда.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Р. А. Бексұлтанова. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында // 12 жылдық білім.    А.,  2006,  № 1, 25 – 26,  38, 78 б.
  2. А. Б. Хайруллина.  Оқушының интеллектуалдық икемділігі //  12 жылдық білім.         А.,  2006,  № 3, 19 б.;
  3. З. Ж. Әділбекова.  12 жылдық білімге көшу //12 жылдық білім. А., 2006, № 4, 14 б.
  4. Ү.Б. Жексенбаева.  12 жылдық білім берудің құрылымдық – мазмұндық ерекшеліктері //12 жылдық білім. А., 2006, № 5,  3-6б.
  5. К. Ж. Аганина. Құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру //12жылдық білім. А., 2006, № 5,  7 – 9 б.
  6. Л. Н. Хабарова. Кілтті құзыреттіліктер. //12жылдық білім. А., 2006, № 7, 45 б.
  7. Г. Ж. Наменова.12жылдық білім беру жүйесіне көшу //12жылдық білім. А., 2008,      № 12, 40 — 52 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *