Лимон шырынын ішудің 7 пайдалы себебі:

limonСізге бұл қадамға бару үшін небәрі 2 минут қажет. Алайда, осы уақыт аралығында сіздің денсаулығыңыз жақсара түспек.
1. Сіз иммунитет жүйесін жақсарта түсесіз. Лимон С дәрумені мен калиге бай және ми, жүйке жүйесін жақсартып, қан қысымын бақылайды.
2. Лимон қышқылы қышқылдықты арттырмайды, сілтілік тепе-теңдікті сақтайды.
3. Тез арықтайсыз. Лимон шырыны аштықпен күресуге көмектесетін пектинге бай. Сонымен қатар, сілтілік диета ұстанғандардың тез арықтайтыны дәлелденген.
4. Лимон шырыны ас қорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Жылы су асқазан-ішек-қарын жолдарын реттейді.
5. Бұл шырын несеп айдағышқа әсер етеді. Лимон шырыны несеп шығаруды тездетеді. Ал бұл өз кезегінде ағзаны тазартып, несеп шығару жолдарын реттейді.
6. Сіз теріңіздің тазарғанын байқайсыз. Одан бөлек, С дәрумені секпіл мен безеудің азаюына әкеліп, терідегі дақтарды кетіруге көмектеседі. Өйткені, қандағы токсиндер жойылады.
7. Бір стакан су – бұл асқазанның құрғап кетуімен күресетін жүйе. Таңертеңнен бастап жүйе жұмыс істей бастайды, әсіресе, гормондарды бөлетін бүйрек безі бірінші кезекті қызметке кіріседі. Ағза стресске дайын болып, бір күн бойы дұрыс жұмыс істейді.
Деніңіз сау болсын!

 

Дереккөз мына жерде

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master