Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру

Екібастұз қаласы № 25 қазақ қыздар гимназиясы

Б.К.Абельдинова, технология пәні мұғалімі

Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру

    Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы.  Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға  қол созады.

Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады. 

Біздің елімізде эстетикалық тәрбиеге деген ықылас жылдан жылға артып келеді. Ересектер мен балалар  эстетикалық құбылыстармен үнемі бетпе-бет кездеседі.Адамның рухани өмірінде, күнделікті еңбегінде, көркемөнермен қарым-қатынастарда-барлығында әдемілікпен пен сиықсыздық елеулі рол атқарады.

Әдемілік адамдарға ләззәт пен қанағаттанушылық сыйлайды, еңбекке деген құштарлығын арттырады, адамдармен кездесде-қуаныш, ал сиықсыздық болса адамды жирендіреді.

Эстетикалық тәрбие мәселесі ерте заманнан бастау алады. Эстетикалық тәрбие туралы ойлар, оның міндеттері мен мақсаттары Платон мен Аристотель заманнан күні бүгінге дейін адам баласын толғандырып келеді.

Қазіргі заманда эстетикалық тәрбие мәселесі жеке тұлғаның дамуында, оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуында тәрбие алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Эстетикалық тәрбие »  ұғымына әр-түрлі анықтама берілген, соның бірнешеуін алып қарасақ, атының өзінен –ақ  мәнін аңғартатын негізгі қағидаларды бөліп айтуға болатынын аңғаруға болады.

Біріншіден, бұл-тікелей әсер етуге бағытталған үрдіс.

Екіншіден, бұл-өмір мен  өнердегі әдемілікті сезіну мен көре білуді, бағалай білу қабілеттерін  қалыптастыру.

Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің міндеті: жеке тұлғаның эстетикалық талғамы мен арман мұраттарын қалыптастыру.

Төртіншіден, әдемілікті жасауға және жеке дара шығармашылық қабілеттерін дамыту. /3, 9-10 бет/.

Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады.

Қолданбалы өнермен айналысу халықтық өнер туындылармен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, яғни еңбекке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасайды.

Оқушыларды көркемөнерге бейімділігін дұрыс пайдалана білуге үйретіп, үнемі сәндік- қолданбалы өнер туындылырының эстетикалық маңыздылығын ашып отыру бағытында технология, сурет пәні мұғалімдері жұмыс істейді.

Оқушылардың халық шеберлерінің шығармашылығымен танысуы олардың эстетикалық қарым-қатынастарын дамытуға жағдай жасайды.

Мектепте оқушылардың эстетикалық талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру өнер арқылы қалыптастыру – барлық оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орын алады және оған көп көңіл бөлінеді.Ол тек қана адамның эстетикалық талғамын ғана дамытып қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның тұтастай дамуына: рухани қажеттілігін, адамгершілік мұраттарын, патриоттық сезімі, жеке және жалпы ұғымдарының, көзқарастарының дамуына әсер етеді. /4, 7-8 бет/

Адамның эстетикалық тәрбиелілігі табиғи күштер дамуы, қабылдау қабілеті эмоциялдық күйзеліс, ойлау және көркемдік эстетикалық білімділігі бірлігіне негізделеді. Бұл бағытта сынып жетекшілері үнемі жұмыс атқаруы керек. Эстетикалық пәндер мұғалімдерімен тығыз байланыста  әрбір сабақтың тәрбиелік мақсатында тәрбиенің осы элементтері оқушыға баса айтылып, оның бойындағы әдемілікке сұлулыққа, өмірдегі құбылысқа деген өзіндік ой пікірі, көзқарасы талқыланып отыруы керек. Осы тәрбие бағытында эстетикалық дисциплиналарының маңызы зор. /4, 12 бет/

Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы  маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады.

Мектепте балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркемқолөнеріне басқаша шығармашылық көзбен қарап әдемі жәнеде пайдалы заттарды жасай алады.

Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Осы  мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін қалыптастырамын.

Менің ізденістерім – жаңа технологиялар. Соның ішінде бисермен аппликациялаумен, жұмыртқа қабықшасынан жасалатын мозаика.

Менімше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, ьіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі.

Үйірме жұмысында жүргізілген  бисермен жұмыс жасау оқушыларды қызықтырады. Қазір су моншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай моншақ су мрншақтармен жаңа технологиясы аппликация өнері арқылы панно, картиналар жасалады.

Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол.Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады  . Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады.Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.

Технология сабағы 5-9 сыныптардың оқушыларында жүргізіледі. Олардың жалпы саны 104, ал үйірмеге қатысушылар саны 42, ол 44 % құрайды.  Үйірмеде заманға сай әр түрлі техникамен жұмыс жасайды. Мәселен, бисермен тоқу немесе панно жасау, жұмыртқа қабыршағымен жұмыс істеу, тоқыма тоқу және т.б. Тәуелсіздік күніне арналған мектептішілік оқушылар арасында көрме өткізілді. Көрмеге 40-тан астам жұмыстар ұсынылды. Осы көрмеге белсене қатысқандар орта буын оқушылары. Қалалық көрмеге  мектептен 7 жұмыс қатысты.  1-уі қала көлемінде 2 – орын және облыс көлемінде – 3 орынға ие болды. Шәкіртім Рапық Мадина “Жұмыртқа қабыршағы – қабырға панноларын безендірудің бір жолы“ атты тақырыбымен қалалықтан облысқа өтіп, облыстық ғылыми жобалар сайысына қатысты. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді.

«Шебер қолдар» үйірмесіне қызығушылық танытып жүрген оқушылар көп. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қзақстан мектебі. Алматы, Дәуір, 2009ж. № 6.
  2. З. Әбілова. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы 1986.
  3. К. Кожахметова, С. Ұзақбаева. Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері. Алматы 1985.
  4. М. Касымов, Г. Райымбекова. Оқушыларға рухани эстетикалық тәрбие берудің мазмұны. http.www.tarsu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір қосу